элективті курс
МӘНЕРЛЕП ОҚУ
6 сынып оқушыларына арналған
(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)
К.М. Жабаева, А.Т.Қасымова
№ 59 мектеп - гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікір жазған: Қанипаш Қ.М., филология ғылымдарының докторы,профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті теориясы кафедрасының профессоры
Түсініктеме хат мазмұны
Бұл бағдарлама осы жастағы жеткіншектердің жас ерекшелігіне, танымдық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлеріне сай іріктеліп жасалған. Жас жеткіншектерімізді туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімнің жан дүниесін жадырата аламыз.Туған әдебиетінің қайнарынан сусындап, ой-өрісі ұшталып, көркемдік әлеміне құштар болып өскен әрбір жас өркен асқақ адамгершілікке, әдемілікке, әсемдікке ,отаншылдыққа тәрбиеленеді.Көркем сөзді көркем туындыны мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға үйренеді. Мәнерлеп оқу курсында ауызша, жазбаша тіл дамыту, көркем шығарма оқыту, оған жоспар құрғызып, кейіпкерлеріне мінездеме жазғызу, табиғат көрінісіне немесе оқиғалы суретке қарап әңгіме құрау, әңгіме жөнінде теориялық мәлімет берілген соң әңгіме жазу, өлең жазу, түрлі еркін тақырыпта мақала жазу жұмыстары жүргізіледі.Оқушыларға өлең құрылысы, ұйқастың түрлерін таныстыра отырып, бейімді оқушыны өлең құруға талпындыру. Бұл курсты жүргізудегі мақсатым – оқушылардың тіл байлығын молайту,тілдің көркемдегіш құралдарын көркем шығармадан таба білу, сөйлеуде, жазу жұмыстарында қолдана білу, көркем мәтінді талдай білуге дағдыландыру.
Оқушылардың білімі мен икем дағдысына қойылатын талаптар: өз бетімен оқыған прозалық, поэзиялық шығарманың мазмұнын білу; көркем шығарманы мәнерлеп оқи білу; мәтінге жоспар құра білу; кейіпкерге және өзіне салыстырмалы мінездеме жазуға дағдыландыру; оқиға, кейіпкер жөнінде ой қорыта білу, ауызша, жазбаша баяндай білу; сөздің көркемдегіш құралдарын мәтіннен тауып, ажырата білу, ауызекі сөйлеуде, жазуда қолдана білу; мақала, әңгіме, күнделік, шығарма, өлең құрастыра білу; шығарма композициясына ,өлең құрылысына талдау жасау дағдысын қалыптастыру.
Бағдарламаның мақсаты: оқушының дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуін, ой-өрісін жан-жақты дамыту; әдеби шығармалар мен көркем туындылардың түрлі жанрларын талдай білу;
мәнерлеп, әсерлі оқуға талаптандыру; көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып, мәнерлі оқу арқылы әрбір көркем туындыдан эстетикалық ләззат алу.
Бағдарламаның міндеті: сөз өнерінің тереңіне бойлаған, шешен сөйлей білетін, ұлттық салт-дәстүрді меңгерген, туған әдебиетін сүйетін дарынды тұлға тәрбиелеу; оқушының қызығушылығын ояту арқылы бүгінгі жастарды әдеби шығарма оқуға қызықтыру; көркем шығарманың тәрбиелік мәнінің зор екендігін аңғарту; мәнерлеп оқудың қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу екендігін байқату; көркем сөздерді мәнерлеп дауыс ырғағымен оқуға дағдыландыру.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Кіріспе. Бейімделген курс пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеті. Негізгі бөлімдері. Оқушылардың ізденіс жұмыстарына бағыт-бағдар беру. (1 сағат)
«Сөз өнері» ғылымы. Сөз өнері – құдіретті өнер. Шешендік өнердің даму кезеңдері. Шешендікке қойылатын талаптар. Шешен сөйлеуге дағдыландыру. Мәнерлеп оқуға үйрету. (1 сағат)
Мәнерлеп оқу – қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйрену.
(1 сағат)
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін игерту (паузаларын):
а) логикалық кідіріс, ә) психологиялық кідіріс, б) грамматикалық кідіріс (2 сағат)
Оқушыларды мәнерлеп оқуға даярлау үшін сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру жаттығулары. (1 сағат)
Айтудың (дикция) анықтығы мен тазалығы (1 сағат )
Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия). Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы.Әдеби тіл – белгілі жүйеге түскен жазба тіл. (1 сағат)
Дауыс ырғағы (интонация). Дауыс сазын сөйлеуші өз мақсат- мүддесіне бағындыра сөйлейді. Дауыс ырғағы сөйлеудің мағыналық бояуы. (1 сағат)
Оқудың әсерлі болуы (тембр). Дауыс ырғағын түзейтін бөліктердің әсерлі бөлшегінің бірі – дауыстың әсерлі де нақышты болуы. (2 сағат)
Сөйлеу қарқыны мен ырғағы (темп ). Мәнерлеп оқу мен тіліміздегі дауыс ырғағының әсерлі шығуының тағы бір тәсілі – сөйлеу қарқыны. Нормалы дауыс ырғағын меңгеру. Әдеби тіліміз грамматикалық ережелер мен нормалардың негізінде қалыптасады. Жазба тіл мен сөйлеу тіліндегі тыныс белгілері. (2 сағат)
«Сатылай кешенді талдау» үлгісі поэзияда. Өлеңдерді оқу мен талдау. Өлең мен көркем қара сөздердің ара жігін ашып, өлең сөздің ерекшелігін, құрылысын методикалық шеберлігі мен көрнекілік жолын салыстыра түсіндіру. (4 сағат)
Мәнерлі оқу үшін өлеңді талдай білу.Өлең сөздің өзге әдебиет жанрларынан ерекшелігі– оның әуезділігі мен үнділігінде, ырғағында, ұйқасып келетінінде. З. Қабдоловтың, А.Ахметовтың, еңбектеріне сүйене отырып, талдау жасауға үйрету.
(1 сағат)
Тілді көркемдегіш құралдар. Ойды көркемдеп жеткізудің сан алуан тәсілдері. Ойды дәл әсерлі, көркем түрде айтып бере білу – ең алдымен сөздерді орынды қолдана білуге байланысты екендігі, сөз мағыналары. Суретттеме құралдарының түрлері. (1сағат)
Троп, оның түрлері. Сөзді көркемдеп қолданудың басты тәсілі. Троптың түрлері: теңеу, эпитет, метафора, метонимия. (1 сағат)
Теңеу. Теңеу – сөзді көркемдеп, бейнелеп беру тәсілі. Теңеудің жасалу жолдары.
(2 сағат)
Эпитет. Эпитет – ойды көркемдеп, бейнелеп жеткізудің тәсілі. Поэтикалық анықтауыш. Эпитеттің қолданылу орны. (1 сағат )
Метафора. Метафора термині.Зат пен құбылысты ажарланды-
рып, құлпырта көрсету үшін оны басқа затқа балауы. (1сағат)
(Метафоралық тіркестерді сөйлеуде, жазуда қолдану. (1сағат)
Метонимия. Метонимия анықтамасы. Метонимияның жасалу жолы. (1 сағат)
Фигура , оның түрлері. Фигураның қолдану тәсілдері. (1сағат)
Шығармашылық жұмыс (2 сағат)
Әдеби тілде ажарлап сөйлеу (2 сағат)
Оқырмандар конференциясы (1 сағат)
Көркем сөз оқу ( поэзия минуты) (1 сағат)
Өнер алды – қызыл тіл. Сайыс сабақ (1 сағат)
Норматив бөлімі
6 сынып, аптасына – 1 сағат, барлығы – 34сағат
р/с
|
Тақырыптың аты
|
сағат саны
|
өткізілу түрі
|
білімдік қазынасы
|
|
|
бар-
лығы
|
лек-
ция
|
прак-
тика
|
|
|
1
|
Кіріспе.Мәнерлеп оқу туралы ұғым. Мәнерлеп оқудың талаптары
|
1
|
1
|
|
лекция
|
конспект, сұрақтар
|
2
|
Сөз өнері – құдіретті өнер.
Оқудағы дауыстың маңызы
Ауыз әдебиеті. Батырлар жыры- нан үзінділер.
|
2
|
1
|
1
|
лекция,
талдау
|
конспект, талдау
жұмысы
|
3
|
Оқу мен сөйлеу байланысы
|
1
|
1
|
|
лекция
|
конспект
|
4
|
Дауыс ырғағының кідірістері. Логикалық кідіріс, психологиялық кідіріс, грамматикалық кідіріс.
А.Құнанбаев. Қарасөздері.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
жаттығулар
|
5
|
Сөйлеу техникасы.
Сөйлеу техникасы-
на жаттықтыру
А.Байтұрсынов мысалдары. «Қас-
қыр мен тырна», «Өгіз бен бақа»
|
1
|
|
1
|
жатты-ғулар
|
конспект
|
6
|
Оқудағы дауыстың сазы.
Айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы.Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгерту. Дауыссыз, дауысты дыбыстардың айтылуы.
С.Торайғыровтың өлеңдері.
|
1
|
|
1
|
жатты-ғулар
|
конспект
|
7
|
Дұрыс әдеби сөйлеу. Әдеби тіл–белгілі жүйеге түскен жазба тіл. Дыбыс үндестігі.
Т.Молдағалиевтің, М.Мақатаевтың,
А.Құнанбаевтың, Дулат Бабатайұлының өлеңдері.
|
1
|
1
|
|
лекция
|
|
8
|
Дауыс ырғағы (интонация). Екпін.
С.Аронұлы, А.Құнанбаевтың өлеңдерін оқыту.
|
1
|
|
1
|
жатты-ғулар
|
конспект
|
9
|
Дауыстың әсерлі де нақты болуы(тембр). «Алпамыс батыр» жыры.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
конспект, жаттығу
|
10
|
Сөйлеу қарқыны мен ырғағы (темп).
Ш.Құдайбердіұлының өлеңдері.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
конспект, жаттығу
|
11
|
Мәнерлі оқу үшін өлеңді талдай білу. М.Жұмабаев,
С.Сейфуллиннің өлеңдері.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
конспект, жаттығу
|
12
|
Өлеңді сатылай кешенді талдау үлгісімен талдап мәнерлеп оқу. А.Құнанбаев «Адамның кейбір кездері», «Өлең – сөздің патшасы»
|
2
|
1
|
1
|
семинар
|
жаттығулар
|
13
|
Тілдің көркемдік құралдары. М.Әуезовтің,
Ғ.Мүсіреповтің,
Б.Майлиннің,
Б.Момышұлының
әңгімелері.
|
1
|
1
|
|
лекция
|
конспект, жаттығулар
|
14
|
Теңеу. Теңеуді жазуда қолдану. І.Жансүгіров, М.Жұмабаевтың өлеңдері.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
жаттығулар
|
15
|
Эпитет. Эпитеттің қолданылуы. Шерхан Мұртаза, Б.Майлин, С. Мұратбеков,
Б.Соқпақбаевтың
шығармалары.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
жаттығулар
|
16
|
Метафора. Метафораны сөйлемде, жазуда қолдану.
Ә.Сәрсенбаев,
М.Мақатаевтың өлеңдері.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
жаттығулар
|
17
|
Метонимия. Метонимияның жасалу жолдары.
Халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар.
|
1
|
|
1
|
лекция
|
жаттығулар
|
18
|
Фигура.Фигураның түрлері, жыраулар поэзиясы.
|
2
|
1
|
1
|
лекция
|
жаттығулар
|
19
|
Шығармашылық жұмыс.
|
2
|
|
2
|
семинар
|
ойтолғау, шығарма
|
20
|
Әдеби тілде ажарлап сөйлеу.
|
1
|
|
1
|
пікірса-йыс
|
дебат
|
21
|
Көлемді шығармаларды жинақтап, қысқартып әңгімелеу әдісі.
Оқырмандар конференцясы.
Ә.Нұрпейісовтің «Балықшылар»
шығармасына байланысты.
|
1
|
|
1
|
семинар,конфе-ренция
|
ғылыми жоба жұмыстарын қорғау
|
22
|
Ғылыми материалдарды жандандырып айту.
|
1
|
|
1
|
поэзия сағаты
|
түрлі ғылыми еңбектерін қорғау
|
23
|
«Өнер алды – қызыл тіл».
|
1
|
|
1
|
семинар
|
әдеби кеш
|
24
|
|
34
|
16
|
18
|
|
|
Ақпараттық - әдістемелік бөлім
6 сыныпқа арналған бағдарлама мазмұны 34 сағатты құрайды, оның ішіндегі дәріс –16 сағат, 18сағат – семинар, практика, іздену жұмыстарына арналған. Практикалық жұмыстарда ауызша, жазбаша, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, шешен сөйлеу дағдыларын меңгеру жолдарына арналған тапсырмалар жүйесі қарастырылды. Мұражайлар мен ескерткіштерге, театр қойылымдарына апару арқылы сөз өнері шеберлерінің шешендік ерекшелігімен танысады.Телехабарлардағы сөз додасын практикалық-семинар сабақта қолданады. «Мұқағали оқуы», «Абай оқуларына» қатыстыру, өлеңдерді, қара сөздерді жаттату, реферат, шығарма, ғылыми іздену жұмыстарын жаздыру арқылы оқушы шығармашылығы дамытылады. Әдебиет, өнер қайраткерлерімен кездесу кештерін өткізу негізге алынған. Сабақтың айырмашылығы – оқушылардың өзіндік іздену жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Өткізілген әрбір тақырып түріне қорытынды жасай отырып, оқушы бағаланады.
Көркем шығармаларды топтау сынақ сабақ өтіледі. Сынақ сабақта тақырыптар бойынша алған білімдері ескеріліп, білім мен дағдыларының деңгейіне қарай баға қойылады. Практикалық жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қабілеті шындалып, әдеби-теориялық ұғымдарды терең меңгеріп, оны өз дағдысына қолдана білуге мүмкіндік алады. Оқушының өз шығармашылық деңгейін арттыруға деген жауапкершілігі артады, өлең, шағын әңгіме, ойтолғау, хабарлама, мақала жазуға дағдыланады, бейімделеді. Ал шығармашылық жұмыс кезінде оқушылар білімін байқау мақсатында білімдерін тексеруге болады.
Оқушылардың білім -біліктіліктерін бағалауға қойылатын талаптар:
«5» деген баға – өтілген материалдарды толық меңгеріп, көркем шығармаларды тақырып бойынша талдай білетін, теориялық ұғымды өз шығармашылығында қолдана білетін, ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениеті толық қалыптасқан, өлең, мақала, әңгіме, шығарма жаза білетін, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасқан, лирикалық талдауды, прозалық шығармаларды талдауды, сөйлеу шеберлігін меңгерген оқушыға қойылады;
«4» деген баға – оқушы қойылған талаптарға толық жауап беріп, бір-екі жеңіл қателік жіберіп, оны өзі түзеткен жағдайда қойылады;
«3» деген баға – оқушы өтілген материалдардың негізгі мазмұнын түсініп, бірақ ойын толық жеткізіп бере алмаған жағдайда қойылады;
«2» деген баға – өтілген материалдарды толық меңгере алмаса, мәтіннен ажыратып бере алмаса, өз қолданысында қателіктер жіберсе қойылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.З.Қабдолов. «Сөз өнері»
2.З.Ахметов «Әдебиет тану терминдер»сөздігі. Ана тілі.1992
3.С.Желдербаева. Мәнерлеп оқу. Алматы
4. Н.А.Оразахынова. Халық ауыз әдебиеті-тәрбие көзі Алматы «Дайыр баспа»
5. Ә.Қоңыратбаев 4-7-сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы. «Мектеп»1987
6. 6- сынып әдебиет оқулығы Арман ПВ 2010
7. А.М.Сарбаева. Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері IX-XIXғасырлар оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау «Келешек-2030»баспасы
8.М.Әлімбаев «Өрнекті сөз – ортақ қазына ». Алматы 1967.
9.Қазақ әдебиеті оқулығы, 9сынып. Алматы. «Рауан»,1996
10. «Кәусар бұлақ» жүлде алған шығармалар жинағы
Қосымша
Курс бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беретін репродуктивтік танымдық тапсырмалар жүйесі құрылды.
Мәнерлеп оқу бағдарламасы бойынша талаптар:
Әдебиеттану ғылымына қатысты терминдерді кең көлемде қолдана білуі.Әдебиет теориясында қолданылатын ең қажетті терминдерді жүйелі түрде сипаттап, тиянақты анықтама беру, көркем әдебиеттің қоғамдық өмірмен,саясатпен ара қатынасын баяндау жағынан қазіргі уақыт талабына сай көркем туынды жасауға талпындыру .Сөз табуға,қисынмен қолдануға қажетті талғампаздықты , шеберлікті, шешендікті меңгеруі.Әдебиеттің тектері мен жанрларын , терминдік ұғымдарды саралай білу. Әдеби шығарманың сапасына қойылатын талапты меңгеру, сөзбен бейнелеу тәсілдерін талдай білуі. Өмір талабына сай оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.Әр жеке тұлғаның ішкі мүмкіндігін ашып,креативті дамуын қалыптастыру.
Оқушы ойды сөзбен дәл, анық, қисынды жеткізуге қолдана білуі .Оқушы көркем шығарманың тақырыбын тануы, идеясын, ашуы,өзі жазған шығармашылық жұмыста қолдана білуі .Оқушылардың шығармашылық шеберлігін қалыптастыру. Лирикалық талдау жүйесін, прозалық шығармалардың өзіндік ерекшелігін ажырата білуі.
ПРОГРАММА
ЯЗЫК РОДНОЙ, ДРУЖИ СО МНОЙ…
для учащихся 5-ых классов
Нагметова П.Т., Определеннова С.И.,
учителя русского языка и литературы
КГУ Гимназия № 130 им. И.Жансугурова
Рецензент: Сафронова Л.В., доктор филологических наук, профессор КазНПУ им.Абая
Пояснительная записка
Целью прикладного курса «Язык родной, дружи со мной…» является овладение русским языком как средством общения, формирование у учащихся умений и навыков, обеспечивающих свободное общение на русском языке в его устной и письменной формах. Для реализации данной цели у учащихся в первую очередь должны быть сформированы умения и навыки, связанные с правильностью речи, усвоением языковых норм русского языка (произносительных, акцентологических, лексических, орфографических, грамматических), а также коммуникативно-речевые умения и навыки, непосредственно отвечающие за процесс общения. Формирование вышеперечисленных умений и навыков относится к задачам базового курса русского языка в среднем звене. Кружковые занятия «Язык родной, дружи со мной…» направлены на актуализацию, дальнейшее развитие и совершенствование уже упомянутых знаний, умений и навыков учащихся, активизацию их мыслительной деятельности.
Задачи прикладного курса: развитие интереса к изучению русского языка как части национальной культуры и как явления культуры; развитие мышления и речи; развитие и совершенствование языковых (произносительных, акцентологических, лексических, орфографических, грамматических) умений и навыков учащихся; обогащение речи учащихся лексическими средствами языка, разнообразными по экспрессивным, смысловым, выразительным, стилистическим возможностям; предупреждение и преодоление интерференционных ошибок, вызванных несовпадением языковых фактов русского и казахского языков на фонетическом, лексическом, грамматическом уровнях; развитие и совершенствование коммуникативно-речевых умений и навыков учащихся; развитие и совершенствование умений и навыков речевого общения и поведения; воспитание социально ориентированной личности, ответственной за собственную речевую культуру и речевое поведение.
Принципы отбора содержания программы: принцип научности,согласно которому языковой материал, отобранный в программу, соответствует теоретическим понятиям научной дисциплины «Русский язык»; принцип системности, в соответствии с которым перечень языковых сведений отбирается и подаётся в последовательности, отражающей суть данного раздела языка; принцип доступности, учитывающий возрастные особенности учащихся и уровень их языковой и речевой подготовки; принцип коммуникативности, ориентирующий на отбор языковых средств, способствующих развитию у учащихся умений свободно пользоваться языком в различных речевых ситуациях; принцип преемственности .
Подходы к организации кружковых занятий.
Главным подходом к организации кружковых занятий является личностно-деятельностный подход, когда в центре внимания находится ученик с его интересами, потребностями, способностями.
Отношение к ученику как к субъекту учебной деятельности предполагает использование способов организации и презентации содержания обучения, которые развивают у школьников мотивацию учения, поддерживают познавательный интерес, стимулируют продуктивные виды речевой деятельности, способствуют эффективному овладению русским языком как средством общения и саморазвития.
К таким способам организации обучения в первую очередь относятся равнопартнёрское сотрудничество учителя и ученика в процессе учебной деятельности; коллективное взаимодействие учеников, при котором школьники активно общаются друг с другом; систематическая рефлексия учащимися опыта своего коммуникативного поведения и общения.
В качестве форм и методов презентации учебного материала предлагается широко использовать такие виды, как слушание, чтение и пересказ художественных текстов; речевые разминки; дидактические словесные и ролевые игры; разыгрывание и анализ ситуативных диалогов и ситуаций общения; коллективное сочинение скороговорок, сказок, загадок, подбор рифм; импровизации на заданную тему; заучивание наизусть скороговорок, загадок и т.д., а также привлекать зрительную, слуховую, аудиовизуальную, мультимедийную наглядность, способствующую активизации произвольного и непроизвольного запоминания.
Основные знания и умения. Учащиеся должны знать
- как рождаются слова, заимствованные и устаревшие слова;
- общеупотребительную лексику и лексику ограниченного употребления;
- синонимы, антонимы, омонимы;
- значения приставок и суффиксов;
- особенности устной речи;
- речевой этикет, влияние речи на поступки людей;
Достарыңызбен бөлісу: |