Біздің зертгеу жұмысымыздың мақсаты мазасызданудың социометриялық статусқа, жас ерекшелігіне байланыстылығының байқалуын анықтау болды.
Сонымен, мазасыздану - көп мағыналы психологиялық термин, белгілі бір уақыт аралығында нақты жағдайдағы индивидтің белгілі қалпын білдіреді, әрі кез-келген адамның эмоционадды аумағын сипаттайтын тұрақты қасиеті, жеке адам сипаты.
Әдебиеттер терең талдау жасау мазасыздануды түрлі көзқараста қарастыруды ұсынады. Өте жоғары деңгейдегі мазасыздану психологиялық келеңсіздіктiң субъективті сипаты болуы мүмкін. Мазасыздану невротикалық кикілжің, психосоматикалық аурулар т.б негізінде туындауы мүмкін. Адамның престижіне, өзіне-өзі баға беруіне, өзін сыйлауына байланысты болуы мүмкін.
Жекелеген мазасыздану субъект іс-әрекеті құрылымының ситуацияға қатысты сәйкес еместігінің сигналы болады, ең адды мен тұлғааралық қарым-қатынасқа. Мазасыздану әуел бастан жеке адамның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзінің кзлаған мазасыздану деңгейі болады. Бұны пайдалы мазасыздану делінеді және жеке адамның белсенділігінің міндетті шарты болады, әрі адамның өзін қайта құруға, өзін өзгертуге сигнал, белгі ретінде болады.
Біздер, зертгеу жұмысымызда мазасызданудың бағдарланушы іс-әрекеттің эмоционалды құрылымы екендігін жөне іс-әрекетте белгілі бір функциялар аткаратындығын бідцік мазасызданудың байкалуы мен оның механизмінің өзгерісі көптеген факторларға, мысалы, жас ерекшелік, социометриялық статус т.б байланысты болады.
Мазасыздану өзге психикалық әрекеттер секілді жеке адамның тұтас кұрылымына енеді де, оның мінез-кұлқына әсер етеді. Мазасыздану интеллектуалды іс-әрекетпен байланысты.
Біздер, эмоция, эмоционалды күйлер, эмоционалды күй ретіндегі мазасыздануға арналған әдебиеттерге терең талдау жасадық. Эксперименталды зертгеулерге ғылыми тұрғыда сипаттамалар бердік.
Бастауыш мектеп кезеңінде жекелеген мазасыздану ситуацияда бағдарлану белгісі ретінде тікелей бала құрбыларының арасында алатын социометриялық статустқа қатысты (корреляция) болады.
Жене мазасыздануды анықтау әдістемелері қазақ тілінде бейімделіп, жас ерекшелігіне сай жасалынды.
Ал, дамытушы эксперимент, яғни психокоррекциялық жаттығулар бөлімі туралы айтатын болсақ, мазасыздану сезімін түзету ереже бойынша мазасыздану деңгейін төмеңдетуге әкеліп жеткізеді. Ал, біздер таңдап іріктеген жаттығулар жиынтығы түрлі психотерапевтикалық бағытты көздей отырып, ер адамның өзекті деген қалпын сезінуге бағытталған.
Бұл аталған психотерапевтикалық тәсілдердің барлығы практик-психолог қызметінде, жеке-дара, топпенен жүргізіледі.
Қорытынды ретінде, мынаны айтамыз, жекелеген мазасыздануға қатысты біздІң болжамымыз бағдарланушы іс-әрекет ретінде келесі факторлармен байланысты, олар: индивидің социометриялық орны, жас ерекшелігі. Мұның барлығы зерггеу нэтижесі арқылы дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |