Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ең алғаш рет мазасызданудың жағымды сиапттамасы зерттелінді. Мазасызданудың адам өмірі бойындағы өзгерісі және бастауыш сынып кезеңі шамасында жетекші іс-әрекетке сай оның байқалу механизмінің өзгерісі көрсетілді. Жас ерекшелік және социометриялық статусқа тәуелді мазасызданудың байқалу механизмінің өзгерісі эксперименталды тұрғыда анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада, дипломдық жұмыстың материалдары жалпы, жас ерекшелік, мектепке дейінгі және әлеуметтік психологияның бөлімдерін мәнді түрде толықтырады.