Ғылыми жұмыс



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,49 Kb.
#82524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Немат Келімбетов

ІІІ.Қорытынды
Әрбір жазушы өзінше бір әлем, өзінше бір құбылыс. Әдебиет әлемінде тосын тақырыппен, өзгеге ұқсамайтын тіл шеберлігімен келген Немат Келімбетов шығармаларының алар орны ерекше.Адамның өмірге деген құштарлығын танытып үміт үзбеуге, тарихтың жандануына өз үлесін қоса білген белді жазушы. Адам психологиясының аласапыран құбылыстарын майдан қыл суырғандай жеткізе білетін сырбаз жазушының әрбір әдеби мұрасын көзбен емес көңілмен оқу керек. Жазушының қарымды, тіл өрнегі, көтерген тақырып аясы жөнінде жоғарыда талдадық. Көкірегі ояу, ойлы оқырманға ой салары анық.
Немат Келімбетов өзінше бөлек, соқпақ өрнегі өзгеше. Өмір жырын шертуге оның үні сазды, әсерлі суреткерлік бояуы анық. Ол салған өмір өрнегі жеке шығармашылығының жетістіктен ары асып, ұлттық өнердің әлемдік аренада тайталасар талантты шығармалар деп қарауға болатын құбылыс. Немат ағаның кез-келген көркем әдеби мұрасы оқырманына көп білгізеді.Оқырманына мұншама азап шектіретін шығарма жазу тек айтулы шебердің қолынан келетін болса, Немат Келімбетовті де, сол қатардан көре аласыз.
Он тоғызыншы ғасырда туып, жиырмасыншы ғасырдың басында дүниеден өткен әдебиет әлемінде өлмес өрнек қалдырғандардың бірі Джек Лондон 1899 жылы жазған «Жазушының тіршілік философиясы туралы» деген шағын еңбегінде даралыққа жеткен жазушылар туралы айта кеп: «Олардың дарынсыздардың айырмашылығы не нәрсені де тірліктің қайнар көзін тікелей көсіп алуы, бөтеннің қолынан өткен, өзгенің ойынан ешқашан дүниеге әуестенбеуі, сөз саптауы. «Өз қолынан, өз жанынан шыққан дүниеге өзіндік мөрін, авторлық құқықтан да маңыздырақ, құнды қолтаңбасын басқанды жөн көрген. Тіршілікпен оның дәстүр-ғұрыптарынан (басқаша айтқанда, адамзат мәдениеті мен танымына) өзіндік тіршілік философиясын құру үшін керекті материал ала білген» деп кейінге қалдырған кенеулі сөзі Немат ағаға дөп келеді. Әдебиеттегі тіл әсемдігін, жазу техникасын, стиль мәнісін әлемдік деңгейге алда жеткізе білетін Немат Келімбетов өз философиясына негізделген, әдебиет сүйер қауым үшін өмірлік мәні жоғары шығармалар жазды. Қайсарлық пен табандылықтың арқасында өзіндік тіршілік философиясын түбегейлі қалыптастырған оның қолы айқын даралыққа жеткен. Оның әдеби мұраларын оқығанда сіздің де ой алмауыңыз, ұшқын алмауыңыз мүмкін емес деген сенімдеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет