Ғылыми жұмыс


«Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологына морфологиялық талдау



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,49 Kb.
#82524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Немат Келімбетов

1.2.«Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологына морфологиялық талдау
Морфологиялық тұрғыда талдар болсақ, автор өз ойын қысқаша әрі нақты жеткізу үшін күрделі сөздерді қолданған: екі не одан да көп түбірден тұратын біріккен сөздер: «қызылтанау», «екіқабат», «жұмысбасты»; қос сөздер: «сопайып-сопайып», «екі-үш», «әңкі-тәңкім», «туған-туысқан», «шат-шадыман», «бірде-бір»; тіркескен сөздер: «құлазып қалам», «жиырма жетіге», «үй шаруасы» т.б. Хикаятта толық ақпарат беру мақсатында автор жалқы есімдерді көп пайдаланған, мысалы «Гаухар», «Нұрлыбек», «Елена Андреевна», «Құлагер». Сондай-ақ сипатталып отырған заттардың түр-сипаты туралы тікелей ақпарат беру үшін сапалық сын есімдер(«мөлдір», «әдемі», «ауыр») және басқа сөз табының қатысы арқылы ақпарат беру үшін қатыстық сын есімдер(«ызалы», «ойшыл»). Кейіпкерледің жасы туралы ақпарат беру үшін «жиырма жеті», «отыз бес», «сегіз» секілді есептік сан есімдер қолданылған, Ержанның салған үйлерінің сан мөлшерін дәл білмегендіктен, тұспалдап қана айту үшін «мыңдаған» болжалдық сан есімі қолданылған, алайда шығармада сан есімдер басқа сөз таптарына қарағанда өте аз кездеседі, себебі ол көркем әдебиет стилінде жазылғандықтан нақты фактілер мен ақпараттарды көп қажет етпейді. Кейіпкерлер есімдерін қайталауға жол бермеу үшін автор оларды «мен», «сен», «біз» секілді жіктеу есімдіктерімен алмастырған. Белгілі бір нысанға көрсету немесе нұсқау мақсатында автор сілтеу есімдіктерін жиі қолданған(«бұл», «мұнда», «міне»). Іс-әрекеттің мезгілін білдіру үшін мезгіл үстеулері(«бүгін», «ертең»), амалын, тәсілін білдіру үшін сын-қимыл үстеулері(«шегелеп», «нығыздап»), мөлшерін, шама-шарқын көрсету үшін мөлшер үстеулері(«соншама») қолданылған. Сөзбен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін автор «мен, да, әрі» сияқты ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды, «бірақ, алайда» тәрізді қарсылықты қатынасты білдіретін «яки, әлде» секілді талғаулықты қатынасты білдіретін «себебі, өйткені, сондықтан» деген себеп-салдарлық қатынасты білдіретін шылауларды жиі пайдаланған. Мәтін мазмұны әсерін ұлғайту үшін автор «жап-жарық» деген күшейтпелі шырайды қолданған. Сөйлемдер арасында байланысты орнату үшін әрі мәтін мазмұнына өзінің қатысын білдіру үшін «рас, әрине» сияқты мақұлдауды білдіретін қыстырма сөздер, «мүмкін» секілді күмәндану, «меніңше» деген жорамалдау қыстырма сөздері жиі ұшырасады және мәтін жанры хикаят болғандықтан, қаратпа сөздер де көп кездеседі(«Гаухар т.б»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет