3.2. Косметикалық процедураларда пайдаланылуы
3.3. Менің зерттеулерім
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша мәліметтер
Зерттеу мақсаты: үй жағдайында Ахатин ұлуын өсірудің пайдасын зерттеу;
Зерттеу міндеттері:
-Ұлулардың көбею жолын анықтау;
– Ұлудың тері ауруларына әсерін бақылап,зерттеу жүргізу;
-Ұлудың құрылысын зерттеу;
-Ұлулардың қозғалу жылдамдығын бақылау;
-Ұлу шырышының қалай бөлінетіндігін анықтау;
Зерттеу нысаны: африкалық Ахатин ұлулары
Өзектілігі: Бүгінгі таңда ең көп тараған аурулардың бірі – аллергия. Сырқат кішкене бүлдіршіндерден бастап қарияларға дейін кездеседі. Аллергия – ағзаның иммундық жүйесінің кейбір сыртқы тітіркендіргіштерге аса сезімталдығы. Соның ішінде жан-жануарлардың жүніне аллергиясы бар адамдар үй жануарлары мысық пен итті асырауға қиналады.Ал,үй жануарын асырағысы келген адамға Ахатин ұлулары өте ыңғайлы.Өйткені олардың жүндері,қылшықтары жоқ.Адамның мазасын алмайды,жағымсыз иіс шығармайды,аллергия тудырмайды.Керісінше көптеген тері ауруларына ем.
Гипотеза: Ахатин ұлулары ең қолайлы,әрі пайдалы үй жануары деп болжаймын.
Кіріспе
1.Қыркүйек айында мектеп табалдырығын алғаш аттағанда, ұстазым Ақмарал Бекболатқызы сыныпқа қызықты тапсырма берді. Бұнда біз өзімізді қызықтыратын тақырыпта жоба таңдауымыз қажет болды. Анам екеуміз ойлана келе, үйіміздегі ұлуларды зерттейтін болып шештік. Олардың ғажайып әлемі жайында көп ақпараттанғым келді. Есімді білгенімнен жануарлар әлемі мені өте қызықтырады, бірақ әкемнің қылшыққа аллергиясы болғандықтан, үй жануарларының барлығын асырай алмаймын, сөйтіп иісі, қылшығы жоқ Ахатин ұлуларын асырап жатырмын. Олардың есімдері Турбо мультхикаясының дыбыстаушылары Джерри және Джефф. Жақында оларға тағы екі ахатин ұлулары келіп қосылды. Оларға жұлдыз және жүрек деп ат қойдым. Мен ұлулар жайында ютуб каналынан, әлеуметтік желілер мен кітапханалардан мәліметтер іздеймін. Дерматолог, косметологтармен кездестім. Биологиялық орталыққа да баруды жоспарладым.
2.Ғалымдардың айтуынша ұлулар әлемі әлі толығымен зерттеліп болмаған. Олардың ерекше қасиеттерін ашып, ғылымға тың жаңалық енгізу үшін ғылыми жобамды да бастап кеттім.
2.1. Алып ұлулардың шыққан мекені Шығыс Африка. Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: артқыжелбезекті, алғыжелбезекті, және өкпелі. 3 класқа бөлінеді: бауыраяқты, қосжақтаулы және басаяқты. Бұлардың 90000 – дай түрі бар. 5 000 метр биік тауларда және теңіздің 4 800 метр терең түбінде тіршілік етеді. Қазір шамамен Қазақстан фауналарында 496000 түрі бар, олардың 85000 ұлулар класы, 111түрі қосжақтаулылар. Менің асырап отырғаным екінші түріне жатады.
2.2. Олардың денесі тұлға, аяқ, бастан тұрады. Акуладан асып кететін шамамен 25000 тістері бар. Көздері көрмейді, құлақтары естімейді екен. Жарық пен қараңғыны ғана ажырата алады. Ұлулар өте ақылды жануарлар.
2.3. Олар жұмыртқалау арқылы көбейеді. Ахатиндер-гермафродиттер, олардың жынысының жарты ағзасы еркектікі болса, жартысы ұрғашынікі болады. Ұрпақ қалдыру үшін, ұлуларға серіктес қажет емес. Олар еркек, ұрғашы болып бөлінбейді.Ахатин ұлулары жұптанудан кейін, ұрықтарын 2 жылға дейін сақтай алады. Олар 200 (кейде 300) жұмыртқа басады. Бір жұмыртқасының өлшемі 4,5—5,5 мм болады, формасы тауықтың жұмыртқасына ұқсас. Жұмыртқасы ақ түсті болып келеді. Эмбриондардың жетілуі үшін жұмыртқалар 24°C температурада болуы керек және бұл процесс бірнеше теулікке созылады, шамамен 3 апта. Жаңадан туған ахатин ұлулары ең алдымен өз жұмыртқаларының қалдығымен қоретенеді. Ең алғашқы жетілулері 6-15 айға дейін барады. Олардың қабықшасының өсуі 2 жылға дейін болады, содан кейін қабықшаларының өсу процесі ақырындай бастайды.Туылған кезде, қабығының түсі мөлдір болады. Қабықтың мықтылығы, ағзадағы кальцийдің мөлшеріне байланысты. Өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдауы мүмкін. Африка және Еуропа елдерінде, оны пайдалы азық ретінде көреді. Ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері, тауықтың жұмыртқасынан көп. Олар өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады. Ең үлкен түрі – Австралиялық ұлу. Оның салмағы – 40 кг, ал ұзындығы – 30 см дейін жетеді. Орта есеппен 15жыл өмір сүреді.
2.4. Эволюция теориясының негізін қалаушы Чарльз Дарвин, ұлулар кез-келген жағдайға бейімделе алатын тіршілік формасы екендігін мәлімдеген. Оларға аса ерекше күтімнің қажеті жоқ. Қолайсыз жағдай туса өз қабыршақтарының ішіне тығылып қалады. Мен ондай кезде ұйқыға кетіп қалмас үшін, аквариумге салып жіберемін, сол уақытта өздері сыртқа шығып кетеді, кейде су бетінде қалықтап жүзіп жүреді. Ал, су ұлуларының негізгі қасиеті суды тазарту болып табылады екен. Ұлуларыма түрлі тәжірибелер жасау маған ұнайды. Бір жолы Джерри және Джеффті жарыстырып көрдім, олар 1минут ішінде шамамен 7-8 см. қашықтықты жүріп өтті. Пышақтың өткір қырынан да еш жерлерін кеспей өтті, себебі қоймалжың шырыштары денелерін зақымдаудан қорғайды екен. Құрғақ қабырға бойымен еркін қозғала алады.Ахатиндер 24—29 °C температурада белсенді өмір сүреді. Ол тек 2°C температураға дейін шыдай алады. Олар 5-6 жыл көлемінде өмір сүреді, егер жақсы қараса 10 жылға дейін өмір сүруі мүмкін.
Үй жануарларына арналған дүкендерге жиі кіріп тұрамын. Қабыршақтарының қатты және әдемі болуы үшін, кальций ұнтағын ,тауық жұмыртқасын және құрт- құмырсқалардың кепкен түрін беріп, аевит майлы дәруменін жағып отырамын. Ұлулардың қабыршақтарынан түрлі сәндік заттар жасауға да болады. Джерии мен Джефф қиярды аса ұнатады, сонымен қатар орамжапырақ, асқабақ, сәбіз алма жемісімен тамақтандырамын. Күн ара жуындырамын. Ал, тұз бен қант оларға жау. Оларды тамақ түрінде қолдану үшін Корея мемлекеті көп мөлшерде өсіреді.
3.Сонымен қатар ұлулар косметология саласында да кеңінен қолданылып жүр. Мен оны анамның бетін тазартуда да қолданып көрдім. Нәтиже жақсы болды.Ұлу шырышының құрамы теріні жасартатын нәрлі заттарға бай. Оның баяу қозғалысы теріге массаж жасап, қан айналымын жақсартады. Ондағы аллантоин атты зат күйген жерлер мен жараларды таңғажайып тез емдейді делінген. Гликоль қышқылы теріні терең,әрі жұмсақ тазартады,ал коллаген мен эластин әжімдерді азайтып,бетке әр кіргізеді.Жара мен тыртықтарды да кетіруге көмегін тигізеді екен.Оны қолданар сәтте бетті тазалап,жуып алған жөн.Себебі,ұлу түрлі бояудан уланып қалуы ықтимал.Жарты сағат көлемінде ұлуды бетке қойғанда жылжи отырып бауырынан шырыш бөліп шығарады.Оны 10-15 минуттай ұстаған соң жылы сумен жуып тастайды.
3.1. Корей елі ұлу шырышын косметика жасау саласында кеңінен қолданады. Қазіргі таңда Кореяда жасалған бетке арналған маскаларға, гельдер мен көбікті көпіргіштерге нарықта сұраныс жоғары. Алайда, бастапқыда шырыш адам терісін жасартатындығы жайында Латын Америкасында анықталған. Чилилік фермер Фернандо Баскуньян өз фермасында ұлу өсірумен айналысып жүріп, қолдарының терісі бала терісіндей нәзік және балғын бола бастағанын байқаған.
Әдетте ыстық елдердегі фермерлердің қолдары күнге қақталған, жарылған және қолдарында қара дақтар болады екен. Ал, Фернандоның қолдары көпшілікті таңырқатады. Таңқаларлық іс: Чилидегі әйелдер ұлулардың жасартатын қасиеттері туралы бұрыннан білетін, оларды жинап жүріп шырыштарын қолдарына жағатын, алайда косметикалық бизнесте ұлу шырышын алғаш қолданушы ер адам Фернандо бастады. Оған фермадағы өз ұлуларын зерттеу үшін 15 жыл қажет болды, формуланы анықтап, қолды алғашқы қалпына келтіретін кремін ұлу шырышын пайдалану арқылы жасап шықты. Осылайша, 1995 жылы «Элицина» атты алғашқы косметикалық зат пайда болды.
Қоймалжың муцин деген заттың не екеніндігіне кеңінен тоқталайын. Бұл қышқыл полисахаридтері бар гликопротеиндер. Ұлуларда шырыштың екі түрі бар: бірі қоймалжыңы ол оларға қозғалуға көмектеседі, екіншісі- ұлулардың күйзеліс жағдайына түскенде ерекше құпиялармен бөлінетін муцин. Өкінішке орай, косметикада осындай пайдалы компонентті алу үшін ұлуларды қинау арқылы күйзеліске итермелейді.Ол жануарлар мен адамның жасушаларынан бөлінеді. Мен зерттеп жатқан ұлуларда муцин көп мөлшерде бар. Ол минералдану процессіне жауап береді, қарапайым тілмен айтқанда, олар бақалшақтарының қалыптасуына қатысады. Адам мен жануарларда муцин сүйек тінін қалыптастырады.Ұлу муцині өзінің бай құрамымен мақтана алады: А, В және Е тобының витаминдері, аллатонин және, ең бастысы, коллаген, гликоль және гиалурон қышқылы бар. Ұлулар муцині теріні жақсы тыныштандырады, қабынуды және тітіркенуді жояды, және қандай да бір аллергиялық реакцияларда жағымды әсерін тигізеді. Сезімтал теріге жаққанға бұл құрамның пайдасы зор. Ұлу шырышы мынандай мәселелері бар терілерге жақсы әсер етеді: ісіну, әжімдер, пигментті дақтар, қабыну және безеу мен бөртпелер.Ұлулар шырышын косметикада қолдануда жас шектеулері жоқ, сондықтан жасөспірімдерге де қолдануға болады. Муцин екі жолмен алынады: 1) Ұлуларды ыдысқа салып шайқайды, осылайша олар үшін күйзеліс жағдай туындатады, сол кезде олар жиырылып бақалшақтарының ішіне кіріп кетеді де, шиқылдаған дыбыс шығарады осы кезде көптеген муцин бөлінеді. 2) Ұлуларды асырап отырған ыдыс ішінде ауа температурасын жасанды түрде көтереді, содан кейін шырышты сумен жинайды, буландырады, сүзеді және тазартады. Муцинмен жасалған косметиканың АҚШ, Бразилия және Испанияда бірнеше сауда маркалары бар, дегенмен осы кезеңде кореялық өндірушілер өте белсенді болып отыр.
3.2.Ұлулардың емдік қасиеттері ежелгі дәуірден- ақ байқалған. Африка, Қытай, Еуропа мәдениеттерінде ұлулардың денсаулық саласында қабынуға қарсы жүзден аса түрі пайдаға асқан. Гиппократ күйіктер мен қабынуды емдеу үшін, ұлу шырышын емдік жақпа май ретінде қолданған. Ал Үлкен Плиний асқазан ауруларында ұлулар етін жеуге кеңес берді және оларды садақ жебелерінен жараларды емдеу үшін пайдалануға кеңес берген. Атақты хирург Амбруаз Парэ сібір жарасына қарсы ұлу етін жеуге кеңес береді. 1817 жылы шыққан Детервиллдің табиғи тарих сөздігінде , ұлудан жасалған сорпа, тамақ ауыруына және де терінің жұмсақ және жылтыр болуына оң әсерін тигізу үшін оларды пайдалану ұсынылды. Дәрігерлер ұлуларды ми ауруына шалдыққан жүйке тінінің доноры ретінде, яғни эпилепсия ауыруына көмегін беруге пайдалану үшін тәжірибе жүргізуде. Әзірге егеуқұйрықтардың тәжірибесі сәтті өтуде. Ұлулар етін көптеген елдерде тамақ түрінде пайдаланады. Оның дәмі жағымды, ал ақуызға бай құрамы бойынша тауық жұмыртқасынан асып түседі екен. Емдеу мақсаттарында пайдаланудың ұзақ тарихына қарамастан, ұлу шырышы косметика өндірісінде өте кеш пайда болды. Ол – жоғарыда айтып өткен фермердің XX ғасырдың соңындағы ашқан жаңалығы еді.
3.3. Ертеректе халық емшілері ұлу сорпасымен туберкулез ауыруын да емдеген екен. Ал, анам екеуміз сіңілімнің бетіндегі диатез жарасына ұлу шырышының оң әсерін тигізетінін байқадық. Бір аптаның ішінде төмендегі суреттердегідей күнделікті ұлу шырышын жағып отырдық. Әсіресе ұлудың стресс жағдайында бөліп шығарған муцині жақсы көмегін берді. Күнделікті анама ұлу терапиясын жүргізіп тұрдым. Ұлу – бетті нәрлендірумен қатар, адамның шаршауын да басады екен. Өйткені ұлудың әр қозғалысы массаж жасайды.Бір айдың ішінде анамның бет терісі әрленіп,көзінің маңайындағы ұсақ әжімдерінің азайғанын байқадым.Әлемдік косметологияда Ахатин ұлуы бірнеше жылдан бері пайдаланылып келеді. Ал Қазақстанда бұл процедураның пайда болғанына көп уақыт өтпепті. Аса қатты бап жасауды қажет ете бермейтін жәндікті үй жағдайында өсіріп те, оны кәсіп көзіне айналдыруға болады екен. Соның бірі менің анам. Бала күтімінде отырған ол бұл істі алғаш жәй қызығушылықпен бастаған.Кейіннен оның өзінің бет терісіне оң әсерін байқап,емдік қасиетіне көзі жете келе өзі секілді қыз-келіншектердің бет күтіміне септігін тигізуді ойға алды.Сұлулық салондарында жасайтын ұлу терапиясын анамның құрбылары үйге келіп,жасатып жатады.Ұлуларымды жақсы көремін, анда-санда сөйлесіп, еркелетіп тұрамын. Өйткені бұлардың сезім мүшелері жақсы дамыған. Сондай-ақ, кез келген қолға жайылып ашыла қоймайды. Ұлу терапиясымен айналысу үшін де оларды жақсы көре білу керек. Оларды бетке қоярда денесін тазартып, залалсыздандыру қажет. Бет терісі де алдын-ала тазартылады. Бетте крем немесе басқа да косметика болмағаны жөн. Су немесе сүт, қияр сөлін жағып барып, жүргізсе, жақсы қозғалады. Бетке ұлуды жарты сағат жүргізу керек. Осы уақыт ішінде ол өз жұмысын атқарып, бетті нәрлендіріп шығады. Ұлу табиғи түрде бетке пилинг жасайды. Оны пайдаланып бастағаннан кейін үзбей он күн жүргізу керек. Сол кезде оның нәтижесін көруге болады.
Өзіммен бірге оқитын достарымнан ұлулар туралы сауалнама алдым.Сауалнамада «Сен ұлулар туралы жақсы білесің бе?», «Ұлулар туралы көбірек білгің келе ме?», «Үйіңде ұлуды асырап көргің келе ме?»деген сұрақтарды қойып көрдім.
Сыныптас достарымның берген жауаптарын ескере отырып,ұлулар туралы өзімнің білген ақпаратыммен бөлістім.Олармен өз ұлуларымды таныстырдым.Ұлудың бөліктерін,олардың қалай тамақтанатындарын,адам денсаулығына әсері туралы айтып бердім.Қызыққа толы ұлулар әлемі туралы басқа да балаларға таныстырып,өзім ақпаратпен бөліскім келді.Сәуір айында сүйікті журналым «Балалар әлемінде» «Ұлудың біз білмейтін сырлары» атты мақалам жарық көрді. Қазіргі таңда жүзім ұлуларын асырап бастадым.Ендігі мақсатым жүзім ұлуларының Ахатин ұлуларының айырмашылықтарын,ерекшеліктерін зерттеп,білгім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |