Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»


«Әлеуметтік желідегі сауатсыздық туралы не айта аласыз?»



бет8/10
Дата26.04.2024
өлшемі40,96 Kb.
#201460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба Исаева Роза

3.4 . «Әлеуметтік желідегі сауатсыздық туралы не айта аласыз?»

1. Бейнероликтен үзінді.
«Тіл тазалығын қалай сақтауға болады?» деген сұраққа ұстаздарымыздың айтуы бойынша , мектепте әдебиет пәніне сағат аз бөлінеді, оқушылар көркем әдебиетті аз оқиды.Өйткені, әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айырады»-деп жауап берді. Ұстаздарымыздың айтуынша шығарма, диктант жазып, жастардың тілін шұбаландырып бара жатқан сленг сөздермен күреседі екен. Тілдің көркемдік стилі де жоғалып барады. Үкіметте отырғандар мұнымен жұмыс істеуі тиіс. Тілді сақтау қалу үшін қазақ тілінде көптеген телевизиялық хабарлар, жастарға арналған көркем әдебиет шығару керек

Ал кейбіреулер тіл тазалығына қатысты «әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді» деген уәж айтады.




Қорытынды
Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.
Сауатсыздық – қоғамдағы ең өзекті, ерекше назар аударар түйткілді мәселе. Ғаламтордағы тілбұзарлықтың алдын алып, әлеуметтік желілердегі сөз мәдениетін сақтау үшін елімізде ең алдымен:
1. Тілдің қолданылуы, оның маңызы жөнінде әлеуметтік желілерде талқыланып, тіл тазалығы, сауатты жазуға үнде­ген жарнамалар, жастардың патриоттық се­зімдерін арттыратын ақпараттар мен суреттер жиі берілсе;
2. Адамдар бір-біріне қарап түзеледі, сондықтан жастарға үлгі болатын қоғам бел­сен­ділері жарнамадан бөлек, сөз мәдениетіне қатысты игі істерді атқаруға атсалысса, сөз қателеріне қатысты түрлі танымдық мақалалар жарияланса;
3. Ақпараттық мәдениет жайында қажетті мәліметтер, жұмыстар жүргізіліп, кеңінен ­насихатталуы керек;
4. Кез келген әлеуметтік желіні пай­да­ланушы тұлға тіл мәселесіне бей-жай қарамай, сауатты жазуға талпынса, ықылас танытса виртуалды әлемдегі сөз мәдениеті түзелері анық.
Қорыта айтқанда, жаңа заман жастарын әлеуметтік желісіз елестету қиын-ақ, десек те Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Тіл тазалығын сақтау – бейпіл, жаргон сөздерді пайдаланбау – біздің патриоттығымыз бен сауаттылығымызды арттырады». Бұл жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматты толғандыруы керек деп ойлаймын.
Ұсыныс:
  1. Мектептегі оқушыларға «Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алуды» насихаттайтын еріктілер тобын құру.


  2. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында ата-аналармен , ұстаздармен түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.


  3. Мемлекетіміздің саясатына орай латын тіліне көшу арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет