2.5. Әлеуметтік желілерге тәуелділік танытатын жасөспірім шақтағы балалардың кейбір психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерге тәуелділік білдіретін жасөспірім шақтағы балалардың қиындықтары – қоғамымызда білім беру және тәрбие ісінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Десекте, әлеуметтік желілердегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез-келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері әлеуметтік желілердегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен өзіндік бағалау деңгейіне және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы үшін кері әсерін тудырады. Тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы әлеуметтік желілердегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.Әлеуметтік желілерге тәуелділік жасөспірімнің өз-өзіне ғашық болу дағдысын күшейтеді. Әрбір жасөспірім бренд, тұлға, танымал адамға айналғысы келеді және соған талпынады. Онлайндағы осы статусы оны өзіне ғашық қылып, көп уақытын әлеуметтік желіде жұмсауға мәжбүрлейді. «Әлеуметтік желілердегі» жасөспірімдердің көпшілігі пайдалы ақпарат бөлісуден гөрі өз-өздерін жарнамалаумен әуре болады да, нарцистік, яғни, өзін-өзі жақсы көру дағдысының қауіпті тұсы – жасөспірім өздері туралы ойларымен әуре болады.Сонымен қатар, жасөспірімдер басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Ал жасөспірім аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым-қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддикттің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар жасөспірім өзін-өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым-қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды. Қарым-қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.Жалпы және жас ерекшелік психология ғылымындағы зерттеу тақырыбына «Әлеуметтік желілерге тәуелділік танытатын жасөспірім шақтағы балалардың кейбір психологиялық ерекшеліктеріне» байланысты зертттеулер мен ғылыми әдебиеттердің теориялық талдаулары мен жүргізген дербес эмпирикалық зерттеулер болжамдарын дәлелдеу нәтижесінде келесі тұжырымдарды шығаруға болады:
– Жасөспірім шақтағы балалардың осы кезеңге тән ерекшеліктері болады;
– Жасөспірім шақтағы балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділік деңгейі өзіндік бағалауы мен қарым-қатынас құзырлығына белгілі бір деңгейде әсері болады;
– Жасөспірім шақтағы балалардың өзіндік бағалауы қалыпты болмауына әлеуметтік желілерге тәуелділік себеп бола алады;
– Жасөспірім шақтағы балалардың қарым-қатынас құзырлығының төмен болмауына әлеуметтік желілерге тәуелділік алғышарт бола алады.
Зерттеу нәтижелері бізге бірқатар маңызды қортынды жасауға мүмкіндік береді:
– Әлеуметтік желілерге тәуелділік жасөспірім шақтағы балалардың өзіндік бағалауын шынайы «Мен» бейнесін жоғалтып идеалдық «Мен» бейнесінің қалыптасуына әкеп соқтырады;
– Әлеуметтік желілерге тәуелділік жасөспірім шақтағы балалардың қарым-қатынас құзырлығың төмендеуіне және шынайы өмірде қарым-қатынас жасауына кері әсерін тигізіп, жасөспірімдердегі қарым-қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзып, тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.Кейбір авторлардың пайымдауынша (С.В.Березин, К.С.Лисецкий, Е.А.Назаров) жасөспірімдерге тән бірқатар ортақ ерекшеліктер болады: өзін-өзі басқарудағы әлсіздік, сыртқы және ішкі факторларға төмен төзімділік, әрекет салдарынан болжай алмау және қиындықтарға төзе алмау. [5. Б. 1] Жасөспірімдік шақтағы есеюдегі ең алдымен қарама-қайшылықты даму ерекшелігі ересектермен жеке тұлғалық бұзылыс ретінде қабылданады. Бұндай жағдайда жасөспірімдік шақтағы оқушылар «қауіп тобындағы балалар» тобына жататыны түсінікті нәрсе.Анна Фрейд «Жасөспірімдік шақта қалыпты болудың өзі қалыпсыз нәрсе» дейді. Сондықтанда, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – күрделі әрі жауапты міндет. Әр ересек бұл міндетті неғұрлым дұрыс орындауға тырысады.Интернет тәуелділігінің профилактикасына бағытталған шараларға келесілерді жатқызуға болады:– Әрине, қазіргі кездегі жағдайда жасөспірімді әлеуметтік желілерді пайдаланудан мүлдем бөліп тастау мүмкін емес және де дұрыс емес. Алайда компьютерлік жүйелердің негативті ақпараттық әсерін нейтрализациялау жолдары ойластырылу керек. Бұл процесстер тәуелділікке ұшыраған адамның ең жақын адамдары ерекше орын алады.
– Тәуелділікті босатып, емдеудің негізгі принципі – орнын басу. Сондықтанда тәуелділікті жеңу адамның өзіндік санасының жаңа жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады. Мұнда адам жақындардың көмегі маңызды болып табылатын қоршаған орта әлемімен жаңадан өзара әрекеттестік жасауды үйренеді.
– Ата-ана жасөспірімге Интернет арқылы қарым-қатынас жасаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету керек: әсіресе чаттар мен хабарландыруларда жеке бас туралы ақпарат бермеу, интернет арқылы сенімсіз танысулар жасамау және т.б.
– Компьютермен қарым-қатынас жасаудың мәдениетін қалыптастыру керек. Ал бұл үшін үйде мұндай техника пайда болған бірінші күннен бастап кәмелетке толмағанға «жаңа достың» барлық мүмкіндіктерін көрсету керек: оның көмегімен интеллектуалды даму қажетті және айдалы ақпаратты алу, оқумен айналысу және т.б. қызықты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |