Ғылыми конференциясының материалдары



бет13/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. ҚасымАманжолов. Төрттомдық шығармаларжинағы, IV том.


2. Қазақәдебиетініңтарихы, Онтомдық, 8том, Алматы, 2005
ТҮРКІ ТІЛДЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР САБАҚТАСТЫҒЫ


Жұмабек Жайнар (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бисенбаев А.Қ.

Түркілер дүние жүзінің төрт бұрышына тегіс тараған, ескі тарихы, мәдениеті, әдебиеті дамыған ұлы халықтар болып есептеледі. Өткен трихымызға назар аударсақ, ойшыл ғалымдарымыздың, ақындарымыздың, шешендеріміздің түркі тілінде сөйлегенін, артына мол мұра қалдырғанын көреміз. Оған Абу-л-ғазидің «Шаджара-и түрк» және «Шаджара-и таракимада» келтірілген сөзі мысал бола алады: «Мен бұл кітапты түркі тілінде сөйлеушілерге түсінікті болу үшін тек қана түркі тілінде жаздым. шағатай-түркі тілін де, парсы және араб сөздерін де қолданбадым»[1.25-26].


Ұлы Әлішер Науаи өз шығармаларының басым көпшілігін түркі тілінде жазғандығы белгілі. Ол өзінің «Мезанул авзан» деген еңбегінде: «Парсы ақындары мен парсының сөз өнері шеберлері әр сөзді қалыңдықтай қадірлеп, барынша нұр жайнатты да, әсемдікке бөлеп берді. Мен болсам түркі тілінің құдіретіне сүйендім, олар сүйікті қыздай қып аялаған ойларын жеткізіп берген сөздерді мен Шағатай авзанымен жаздым. Бұл тіл – ешқандай ақын пайдаланып, ешбір жазушының қолы жете қоймаған әдеби тілдің негізі», –деп жазды[1.67-68].
Араб зиялылары түркі тілдерін зерттеп, олардың лексикасына, грамматиканың өзекті мәселелеріне айрықша көңіл бөлген, түркі тілдерін білуді зор білімпаздықтың белгісі деп түсінген. Араб-парсы тілдерін зерттеген Л.З.Рустемов арабтардың арасында көп қолданылған: «Түрікше білмеген – Алладан қорықпаған» – «Мән ла й әрифә әл-луғата-т түркийә уә ан ләм йәхәф Алла» деген мәтелді келтіреді [7.,23-24]. Бұл арабтардың түркілерден (Мамлюктерден) қорыққаннан айтылған сөзі емес, сыйлағанынан айтылған сөзі деп түсіну керек. Деректерге зер салсақ, бұрын да арабтар мен түркілердің өзара қарым-қатынасы жоғары деңгейден көрініп отырғандығы сезіледі.
Немістің ұлы ақыны Гете шығыс поэзиясына ден беріп: «Шығыста жеті ұлы ақын бар. Солардың ең төмені – менен анағұрлым артығырақ», – деген болатын [3.9-11]. Ал, ұлы Абай сол Гете айтқан жеті ақынды атап-атап көрсетеді:
Фузли, Шамси, Сәйхали,
Новои, Сағли, Фирдауси,
Хожа Хафиз –бу һаммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд.
Түркі халықтары өздерінің мақал-мәтелдерін «аталар сөзі», «ақыл сөзі», «нақыл сөзі», «даналық сөз», «көсем сөз» дей отырып, «атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара», «мақал-мәтел маржан сөз, қоса көрме арзан сөз» десе, өзбекте «Оталар сузи – ақилининг кузи», қырғызда «Сөз көркү – макал, эр көркү – сакал», түркіменде «Акылың бармы, акыла эер, акылың екмы – накыла эер» т.б. деуі – халықтың берген әділ бағасы.
Түркі халықтарының ең көп шоғырланған тобы – Орта Азия мен Қазақстанда тұрады, әрі барлық түркі тілдес тілдердің негізгі үш тобын толық қамтиды. Қыпшақ тілдер тобының өкілдері – қазақ, қырғыз, қарақалпақ; қарлұқ тобының өкілдері – өзбек, ұйғыр; оғыз тобының өкілдері – түркімендер де осы Орта Азияда мекендейді. Ал түркімен тілі арқылы әзербайжан, түрік, ғағауыз тілдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерімен танысуға болады. Сол сияқты, қырғыз тілі арқылы сібір түркі тілдерін түсіну, білу қиынға соқпайды. Бұл жөнінде түркі тілдерін зерттеушілер аз пікір айтқан жоқ.
Міне, осындай тегі бір түркі халықтарының ұрпақтары жан-жаққа тарап, ру тайпалықтан халық, ұлт тілдеріне жетіп қалыптасты, дамыды. Олар кейбір лексика-грамматикалық өзгерістерге түссе де тіл өзінің тамырластығын, тектестігін сақтаған. Бұл –түркі тілдерінің құдіреті! Олар мақал-мәтелдерді салыстыра зерттегенде, мазмұнынан да, лексика-грамматикалық құрлысынан да байқалады.
Түркі халықтарына тән қасиеттердің бірі – өз Отанын, туған жерін сүю, құрметттеу.
В.В.Радловтың «Түркі сөздігінде»
Қазақта: Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Қырғыздарда: Биреенүн элинде султан болгунча,
Өз элинде ултан бол.
Татарда: Чит илдә солтан булганчы,
Үз илиңдә ултан бул, – деп бесіктен белі шықпаған баланы үйретіп отырған.
Қазіргі түркі халықтарының мақал-мәтелдерінде бұл тақырып одан әрі дами түскен. Бірлік туралы
Қазақ тілінде:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Қырғыз тілінде:
Алтооң ала болсоң создогуну алдырасың,
Төртөөң түгөл болсоң төбөдөгүнү аласың.
Өзбек тілінде:
Олтовлон ола булса,оғиздағини олдирар.
Түркімен тілінде:
Алтың агзы бир болса,асмандакыны индерер,
Алтымышын агзы ала болса,
Агзыңдакыны алдырар.
Әбу Хаийанда:
Алтау ала болса – алдындағыны алдырар,
Төртеу түгел болса – төбедегіні түсірер[6.12-15].
Демек бұл мақал XIV ғасырларда белгілі болған.
Салыстырғанда тілдерде бұл мақалдың мазмұны біреу: адамдарды бірлікке, достыққа шақыру.
Бұл сабақтастықтар түркі тілдерінің қарым-қатынас құралы ретінде дәрежесінің биіктігін, ой тереңдігін, сөздік қорының байлығын, грамматикалық құрылысының икемділігін көрсетеді. Түркі халықтарының фразеологиясын, мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін бір сөзбен айтқанда «аталы сөздарін» зерттеу – уақыт күттірмес заман талабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет