Ғылыми конференциясының материалдары



бет11/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер



  1. Фирдоуси. Шахнаме:Т.1-9-M: Худ.лит., 1960-1971.

  2. Кононов А.Н. Родословная туркмен, сочинение Абул-л-Гази-хана Хивинского.-М.Л., 1958.

  3. Короглы Х.Г. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. – М.: Наука,1983.

  4. Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов // Собр.соч. в 5 -ти т. – Алма- Ата, 1961.

  5. Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы // Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1990.

  6. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1989.

ҚАЗАҚ ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚАЛАМГЕРІ


Жеңіс Есен (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бисенбаев А.Қ.

Қазақтың сөз өнеріне жаңа толқын, жаңа тербеліс, жаңа бағыт ала келген қазақ қаламгерлері ішінде шытырманды шиелініске толы детектив жанырына алғаш қалам тартқан «детектив жаннырының көш басшысы» ұлы тұлға Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысы Қаратал ауданы Кәлпе ауылында дүние есігін ашқан. Жиырмаға толар толмас шағында Ұлы отан соғысына аттанып 226-атқыштар двизиясында кейінірек 7-гвардиялық танк полкінің құрамында соғысып Сталинград, Беларусия,Украина жерлерін азат етуге қатысқан. Соғыстағы ерлік істері мен Батырлығы үшін Ұлы отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет громаталарымен марапатталған. Соғыс майданында екі жарым жыл шайқасқан ол оң аяғынан ауыр жарақаттанып екінші топтағы мүгедек болып елге оралады. Соғыстан кейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факултетіне оқуға түсіп, 1948 жылы оқу орнын тамамдап, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Соцалистік Қазақстан» газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.


Шытырман хикаялы проза жанрына қалам тартқан белгілі жазушының алғашқы шығармасы 1954 жылы жарық көрген – «Жұлдызды жорықты» жазушы республика пионерлерінің өміріне арнаған. Одан кейін Кемел Тоқаев милиция қызыметкерлерінің ауыр еңбегі туралы «Тасқын» атты көркем туынды жазды. Ол туынды Қазақстанға ғана емес көршілес Моңғолия, Қырғызстан Өзбекстан оқырмандарының жүрегінен жол таба білді.
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілінде басылып шықты
Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьеслардың авторы.
Аты аңызға айналған жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс», «Таңбалы алтын», «Сарғабанда болған оқиға», «Солдат алысқа кетті» деген повестері оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, жүрек түкпірінен орын тапты. Жазушы, Қазақстанның Халық қаһарманы, әйгілі партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы кітабын жазу үшін Кемел Тоқаев Қасым ағамен бірге Украинаға дейін бірге барып, партизан достарымен кездесіп зор мәліметтер алған. Бұл да болса қаламгердің қажырлы да еңбекқор екенін білдіреді.
Кемел ағамыздың көркем шығармалары халық қалауына бөленіп бір кітабының өзі 450 мың данамен шыққан кезі де бопты, сол кездегі баспа ісі саласының басшысы Шерниаздан Елеукенов «Мұқтар Әуезовтың шығармалары да мұндай тиражбен шықпаған» деген екен.
Осылайша өзінің өнегелі ғұмырында қазақ әдебиетінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан жазушы Кемел Тоқаев 1986 жылы пайғамбар жасында дүниеден өткен.
Қазақ әдебиетінде бұрын да кенже қалып келген детектив жанры қазір де өгей баланың күйін кешіп отыр десек те болады. Қылмыс тақырыбына жазылған қазақ жазушыларының дүниелері көбінесе күнделікті қара мақаланың көтеретін жүгінен аса алмай жататынын мойындауға тиіспіз.
Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының көш басында жазушы Кемел Тоқаев тұрғанына ешкімнің таласы болмаса керек. Осы кісі біз айтып отырған жанрдың жүгін бірталай уақыт жалғыз өзі сүйреді. Кеңес заманында детектив жазатын осындай санаулы адамдар ғана КГБ-ның, тергеу орындарының рұқсатымен мұрағат ақтаруға қол жеткізе алатын. Мұның да детектив жанрының дамуына өзіндік әсері болғаны анық. Детективтік дүниені тек қасаң сөз­дер­мен емес, көркем тілмен де өрнектеу­ге болатынын Тоқаев шығармалары дә­лелдей алды. Жазушы туындыларының өзіндік сипаттары қандай деген мәселеге келетін болсақ, ең алдымен мынадай жайттарға назар аударамыз. Біріншіден, кейіпкердің адами бол­мыс-бітімі мен мінез-құлқының қоса ашы­лып отыруы. Оған дәлел – мына тө­мен­дегі бір-екі мысал. «Өңі жұқалау келген ақ құба әйел. Реңі бөтен емес. Қыр мұрынды әдемі­ше­нің өзі. Көк бастоннан белін қынамалап тіккізген пешпенті бар, етегі кеңдеу. Ие­гін көтеріп, қасын керіп, кербез сөйлейді» (Тоқаев К. Повестер. – Астана: Елорда, 2007. – 368 б.) деген қысқаша суреттеуде кейіпкер әйелдің тұрпаты оқырманның көз алдына елестей алатындай деңгейде. «Сұңғақ бойлы, арықша келген жас жігіт. Киімі де, жүріс-тұрысы да бірқалып­ты, өзгермейді. Үстінде сәнмен тіккен жал­пақ қалталы қысқа пальто, алтын түй­ме қадалған ақ көйлектің жағасы па­льто омырауынан көрініп, өңін ашып, тұла бойын жинақылап, жарасты көрсе­теді» (Сонда, 210-б.) деген суреттеу арқы­лы кезекті кейіпкерді оқырманның та­нып алатынында сөз жоқ. Екі үзінді де артық-ауыс сөздерден ада, сурет дәл де ықшам.
Бұдан шығатын қорытынды – К.Тоқаевтың сөзбен сурет салуға да назар аударған, көркемдіктің мәнін түсініп, игере білген жазушы екендігі.
Басқа қырынан алып қарасақ, өркениетті елдерде детектив жанрының дамып кетуі негізінде ол жақта ғасырлар бойы қала тіршілігінің үздіксіз қайнап жатуынан. Өзін-өзі өлтіру, маньяктар, жезөкшелер, ұры-қарылар өмірі – қала өркениетінің улы жемісі. Қазақ халқының қалаға шоғырлануы (урбанизация) енді-енді жүзеге асып келеді. Сондықтан үлкен қалаларға тән психология бізге әлі сіңісіп болған жоқ. Детектив жанрын дамыту үшін соншалықты келкеңсіз жағдайларды тілеуден әрине аулақпыз, бірақ қазақ әдебиетінің қоржынын қазақ оқырмандарымен толтыру үшін бұл жанрдың орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет