Ғылыми конференциясының материалдары



бет15/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. Гальперин И.Р. Стилистика английского языка. Учебник. Изд. 2-е, испр. и доп., 1977. – 332 с.


2. Sapir E. A study in phonetic symbolism; Journal of Experimental Psyhology, 12(1929): -Б. 225-239.
ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚҰСТАР ТАҚЫРЫБЫ


Кокбудак Сумейа (Түркия, Нийде университеті),
Қуанбаева Бағдат (Қазақстан)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Сұлтанова Б.М.

Бүгiнгiтiлге тиек, әңгiмеге арқау болып отырған суреткерлік шеберлігімен дараланған, өлеңінің ішкі өріміне образдық бояу сіңірген, дәстүрлік үлгінің нағыз жанашыры, поэзиялық, прозалық туындылардың авторы - Есенғали Раушанов. Бiздiң қазiргi белгiлi ақындарымыздыңсанатынан орнықты орын алған, ерекше құстар табиғатын сөз еткен, бойындағы бар қуат-күшiн, бар ынта-жiгерiн, ықыласын табиғатпен ұштастыруға арнаған дарын иесінің шығармашылығындағы құстар тақырыбының өзі адам баласын қызықтырмай қоймайды.Жалпы бiз ақынның өлең-жырларын, шығармаларын, этнографиялық новеллаларын оқығанда олардың түп тағдырына үңiлмей тұрып, түсіне алмаймыз. Ақындық шеберлiк пен құдiреттiң тамыры да, нәрi де, құпиясы да, кiлтi де, өмірдегі символы да, өлеңдері мен шығармаларының өнбойында өзгеше бiр келiсiммен, көрiнiс тауып жатуымен де тығыз байланысты. Шығармаларының құнын жоғалтпай, аса бір сұлу, көркем табиғат тақырыбындағы жырларының жалаң суретке ғана құрылмай, сезім әлемін егіздей, астарлай, тұспалдай қамтығанын айтқан жөн. Сонымен қатар ақын табиғаттың өзін танып қана қоймай, оны өз әлеміне қарай икемдеп, бойына сіңіргені айқын көрініп тұр. Дәл осы тұста Белинскийдің мына бір пікірін келтіре кетсем: «Лирикада субьект затты өзінің аясына алып қана қоймай, оны ертіп, іші-баурына тартып алады... Лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ыстық, тар кеуденің қысымынан көркем өмірдің тың әуеніне шығарып, өзгеше өмір береді» деген екен. Ақын өзінің көркем туындыларының басты символы ретінде көк аспанды жырлайды, көк аспандағы еркіндікке құлаш сермеп, қанатын кеңге жайған құстарды бейнелейді. Ақын жанының соншалықты табиғатқа деген сүйіспеншілігін мына өлеңдерден көре аламыз : «Ақ жаңбыр», «Көктемде», «Айдала, ымырт», «Түннің көз жасы», «Алматының аспаны», «Іңір», «Күн батарда» т.б. Осы өлеңдерінің барлығында «аспан, бұлт» жайлы жырлаған. Сонымен қатар «Алматының аспаны» атты өлеңінде:


Көк кептер мезі болған жауыннан көп,
Ойлайды алда қанша дауыл бар деп.
Қалаға үйрене алмай жүрсе керек,
Ол дағы мен сияқты ауылдан кеп.

Тәйірі, біздер үшін сел деген не?!


Көк кептер,
Көндігеміз сен де, мен де.
Бұйығып үндемейсің, жазған құсым,
Ал айтшы, не істейік көнбегенде?
- деген өлең жолдарында кептерді әуелі өзіне теңеп, содан соң кептерге сұрақ қойып, сұрағына өзі жауап айтып тұрғанын аңғарамыз.
«Іңір» ” деген өлеңінде:
Үйрек емес көлден ұшқан аспандап,
Көк алалы бұлттардың легі еді.
Толқын мініп томашадай қасқалдақ
Екі аяғын ескек етіп келеді.

Көлден ұшқан бұлттар емес көк ала,


Күн еді ғой ұясына асыққан.
Көлеңкелер шырмалып қап 0қоғаға,
Көмек күтіп қол бұлғайды қашықтан.

Қайтам мен де,


Зеріктім һәм жалықтым,
Көл де, шөл де – жүрегімде,
Өзімде.
... Бірсін- бірсін сөнеді анау алып күн
Томашадай қасқалдақтың көзінде.
Бұл орайда ақын өзіміздің жерімізде мекен ететін, наурыз айларында ұшып келетін, басқа құстардан ерекше маңдайында ақ тері қаптары бар, аяғы қысқа, байшайларында жапырақ тәрізді тері қаптарлары бар жыл құсы қасқалдақты өлеңіне арқау етіп тұр.
«Тибилиси. Әшірбек пен Каха» деген әзілге құрылған мына бір өлеңінде енді келіп қазақ жігіттерін қыран құсқа теңеуін көреміз:
Шалқи сөйлеп,
Шашып, айхай, көзі нұр,
Әшекеңнің сондағы айтқан сөзі бұл:

  • Біздің қазақ жігіттері секілді,

Нағыз қыран жігіт екен өзі бір.

Каха келіп қара бас нар бітімді,


Ертесіне таңдай қағып, жұтынды:

  • Нағыз қыран жігіт екен Әшірбек,

Біздің грузин жігіттері сықылды.
«Білмеймін» деген өлеңінде ақын бозторғай құсты өлеңінде жырлайды:
Зорлық көрген ол,
Зорлық көреді,
Дала – жалаңаш,
Орман – сыз.
Тұрымтай әлі қор ғып келеді
Торғайларымды қорғансыз.

Өртеніп біткен өрісі ғажап,


Асырып айтты демегін.
Ауылға бару – мен үшін азап,
Қор болған торғай көрерім.

Тұрымтай құстар тау боп төнеді,


Қуанып тұрып сорлаймын.
Оларға дағы нәубет келеді
Түбінде деймін
Ол қай күн?


Бозторғай деген қырлықтар үшін
Қырылып қалған сан рет.
Қулықтарыүшін,
Сұмдықтары үшін
Жауап береді бәрі кеп.

Қаталдығы үшін қанына сіңген,


Қасиет үшін тәрк еткен,
Қарсы алған кезде Тәңір асыңмен,
Топтастығы үшін нан тепкен
Жауап береді түбінде.

Тебеді бір ой өзекке мені,


Қуанып тұрып сорлаймын.
Бозторғайға да кезек келеді
Түбінде деймін.
Ол қай күн?
Жалпы алғанда, ақынның құстарға деген жанашырлығы, махаббаты шексіз екенін аңғаруға болады және жаны табиғатпен үндес екеніне шүбә келтірмеймін. Ақын өзінің алғашқы құстар табиғатына арналған туындыларынан-ақ адамзат қауымдастығын құшағына сыйғыза білді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет