Ғылыми конференциясының материалдары



бет16/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер



  1. Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан: Өлеңдер мен поэмалар. –Алматы: Раритет, 2006. – 384 бет.

  2. Қали C. Ұлт музасының намыс нотасы / Алматы Ақшамы 20. 03. 2015 ж.

  3. Раушанов Е. Періштелер мен құстар. –Алматы: Көркем, 2005. – 265б.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: TST – company, 2006. – 360 б.

  5. Құлиев Ж. Әбілһаят іздеген айбоз ақын / Егемен Қазақстан, 30.01. 2016 ж.


БЕКСЕИТ ТҮЛКИЕВ – ДАРЫНДЫ СУРЕТШІ

Қабыл Аян (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Мәтбек Н.Қ.

Табиғаттың теңдесіз күшімен, жаратқанның құдіретімен мына жарық дүниеде он сегіз мың ғаламда әр құбылыстың өлшемі өз арнасы болады екен. «Судың да сұрауы бар» демекші, әр адамның да өлшеп берген өмірі, өзіне тән тағдыры болады екен. Тағдыр демекші, тарихқа көз тастап қарасақ, адамзат баласы талай тауқыметті тағдырды басынан өткізіп, ұлт болып өз еншісін алып, бүгінгі күнге жету жолында еңбек еткен, ел үшін, жер үшін өз ғұмырларын арнаған талантты тарихи тұлғалардың тағдыры, өмірі бізді таңдандырып, ойландырып сырын білдіруге, олардан үлгі алып үйренуге жетелейді. Осы барыста ең асылын екшеп алып, тарихтан-тарихқа қалып болашаққа нұрын шашып отырады. Қарға тамырлы қазақтың өркендеп өсуіне сансыз саңлақ нар тұлғалар халқының қалауынан шығып, Тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының мәңгілік ел болып қалуына жол ашып, жаңа Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосты. Соған дәлел – сөзімнің тиегі ұрпаққа үлгі, жастарға рух берер елінің мақтанышы, қос өнердің жұлдызы, елін рухани байлығымен сусындатып, артына өшпестей із қалдырған тұлға, әйгілі суретші, спортшы Бексейіт Түлкиев 1955 жылы қаңтардың 22-жұлдызында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген. Жастайынан сурет өнеріне ерекше ынта білдіріп әрі спортқа әуес болып өскен. Кейін 1981 жылы Мәскеудегі жоғары көркемөнер кәсіп училищесін (бұрынғы Строганов училищесін) бітірген. Оның «Замандастар», «Әке», «Ата-баба жері», «Суретшінің түсі», «Әже», «Әкені майданға шығарып салу» секілді т.б. кескіндемелік туындылары ел арасында танымал. Тынбай еңбектенудің арқасында талантты суретшінің туындылары 1939 жылы бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қойылып, жастар көрмесінің лауреаты және КСРО халық шаруашылығы көрмесінің дипломанты болды. Бейнелеу өнері қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер халқымызды алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Бұл өнердің ұшқыны сонау ерте сақ, ғұн замандарынан басталып, бастауында тұңғыш суретшісі Шоқан Уәлиханов және өткен ғасырдың орта тұсында Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаевтар тұрды. Солардың ізін басқан, халықтық өнерді өрге сүйреген Бексейіт Түлкиев өзіне тән бейнелеу ерекшелігінен күннен келген ақ сәуленің жер бетінде сансыз түрге айналып, табиғаттың көркем құбылыстарын бейнелейді. Сонымен бірге Бексейіт шығармашылығының тынысы кең көркемдік ой санасы еліміздің кең даласындай шексіздікті меңзейді. Өзіндік стилімен, өзгеше жанрымен қазақ сурет өнеріне өз қолтаңбасын қалдырды деп ойлаймын.


Бексейіт Түлкиев «жігітке жеті өнер де аздық етеді» дегендей, қос өнердің тізгінін ұстады. Суретшілікпен спортты тығыз байланыстыра отырып, Мәскеуде сурет мамандығын оқып жүріп-ақ шығыс жекпе-жегінің қыры мен сырын меңгеруді қолына алды. Ол спортқа деген құштарлығын өмірінің соңына дейін күнделікті өмірінен тыс қоймады. Талпыныс пен талаптың арқасында тэквондо саласында ерекше табыстарға қол жеткізді. Осы барыста ол тэквондодан алты дан иегері болып, қазақ елінің даңқын асқақтатты. Тэквондоның тамыры тереңде жатса да, Қазақстанда ресми түрде жекпе-жектің бұл түрі кейінірек 1991 жылы Мұстафа мен Бексейіт іргесін қалаған шығыс жекпе-жегі өрісін кеңейтіп, ізбасарлары әлемдік аренада атой салып жүр. Осы жас федерациясының призиденті болып 1991-1998 жылдары аралығында қызмет атқарды. 1995 жылы әскери қызметкерлер арасындағы жетінші әлем чемпионатында Қазақстандық тэквондошылар командалық екінші орынға алғаш рет қол жеткізді. Жерлестеріміздің еншісінде бір күміс және екі қола медалі бар. Қазір Қазақстанда тэквондомен 20 мыңнан астам спортшы айналысады. Күн санап бұл спорт түрімен айналысатындардың саны артып келеді. Бұл жаңа жеңістер мүмкіндіктерінің артып, жас ұрпақтың ақаусыз сау, денелі өсіп келе жатқанын көрсетеді. Иә, жоғарыда айтылғандай, қос өнердің жұлдызы болып, елеулі жетістіктерге жеткен Бексейіт Түлкиевтен журналист сұхбат алғанда қос өнер туралы: «Суретшілік – қаныммен қосып, жаныма біткен туабітті қасиетім. Мен одан өмірде ажырамаймын. Ал спорт деген – бір сиқыр. Бала жасымнан әуес едім оған да», – деген. Журналист және де одан алдағы күндері туралап келгенде спортты таңдайсыз ба, әлде суретті таңдайсыз ба дегенде: «Әрине, суретті таңдаймын, сурет – менің жаным, қаным, ғұмырым. Ал спорт, бар болғаны, ермегім. Өнер адамы әдетте арқасы қозғанда ұрынарға қара таппай, кең дүниеге сыймай кетеді. Сондай кезде небір атпал азаматтар араққа үйірсектей бастайды. Ал мен «өшімді» тэквондодан аламын», – деп жауап берген. Қанша жерден Қазақстан тэквондо федерациясының президенті болсам да, «суретші Бексейіттен» танбаймын. Бұл оның жүрекжарды сөзі, шын сыры екеніне оның сурет туындылары, еңбектері дәлел. Бексейіттің ғұмыры бойында төбесіне көтеріп өткен, ең қадірлісі де, ең қастерлісі де осы – өзі шыр етіп кіндігі кесілген, табан тіреп, тай-тай басқан осынау Қасқасу ауылынан бастауы табиғи, өйткені ұшар басын ақ қар, көк мұз көмкерген, таулар, етек-жеңі көкпеңбек жасыл желек жиектеген көрікті мекенді оның «Қасқасу» атты туындысын көріп көз жеткізе аласыз. Сондықтан да суретшілік өнерді талдауында осындай ғажап, сұлу тау мен тасы, орман мен судың ортасында өскен жас құрақтың қолына қалам алып, бояу іздеп, ақ қағаздың бетіне сурет салуға талпындырған осы туған жері Қасқасумен тамырласып жатыр. Әрине, Бексейіт шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі – «Ұлы көш» картинасы. Бұл кең ауқымды полотно көлемі 6х6 метрлік үлкен картинаға қазақ халқының бүкіл тарихы сыйып кеткен десе болғандай. Мұнда Қожа Ахмет Ясауиден бастап, Елбасына дейін 89 тарихи тұлға сомдалған. Бексейіт өзінің дүниетанымына сай әрбір тұлғаның орналасуының рет-ретін тапқан. Әрине, бұл ретпен келісетіндер, келіспейтіндер болар. Мәселе онда емес, нағыз идея суретшінің өзінің философиясынан туындап отыр.

Ол өз халқын, өзі өсіп-өніп шыққан өлкесін, туған елінің арыстарын шын жүрегімен қабылдап, оларға тағзым ету нәтижесінде осындай теңдесі жоқ көркем шығарманы жазу үшін, әрине, көп ізденісте шыңдалған. Кәсіби суретшілікті талап етеді. Ол туралы өзі былай дейді. «Ұлы көштің алдында тұрып тұлпар үстінде тізгінін ұстаған – ұлы бабамыз әз машайық, Хазірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи. Мен бұл бейнені оның «Құдайдың құдіреті туралы толғау» атты өзі жазып ұрпағына қалдырған хикметтерін оқи отыра сомдадым. Сөйтіп ислам діннің шам-шырағы Ахмет Ясауидің жан дүниесін, рухани әлемін халқыма осы образ арқылы жеткізгім келді деген және осы шағарма туралы Қазақстан Республикасы парламентінің депутаты әлем кубогының чемпионы, Еуропа чемпионы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Серік Қонақбаев былай дейді: «Киелі туынды екен, бір рет көрген жанның көз алдынан кетпей қояды» ...Жанына бір рет жақындаған жанды еш уақытта өзінің әсер аясынан алысқа жібермей тұтқындап алатын сиқыр бар, өзіне караған жанды ерекше әсерге бөлейді дегендей, шынымен де, тарихи деректер мен жанашыл идеяға аса шеберлікпен салынған ғажап туынды. Бұл мың қырлы аса күрделі полотно – картинаны көрем деуші жан болса, Алматы қаласындағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шетел мемлекет басшыларын қабылдайтын резиденциясының үшінші қабатындағы биік ұзын қабырғада ілулі тұр. Жан-жағынан алып шамдар күндіз-түні өз шырағын түсіріп, суретке сәуле шашып тұрады. Бексейіт айтты деген мынадай керемет ойлар бар: «Алла тағала әрбір суретшінің миына бір ғана жалғыз, дара қайталанбас код, шифр салып қойған. Сол код пен шифрдың аумағымен шеңбер аясынан адам асып кете алмайды. Демек, «Әркім әліне қарай шабады», «ата-бабамыз сақтардың өмірі ат үстінде өткен мұсылмандықтан бұрын Күнге, тәңірге табынған, ата-бабаларымыз сол себепті Алтын адам да сонау картинаның тұңғиық төріндегі Күннен шығып келе жатыр. Күн – шаңырақ, күннің шапағы, алтын сәулесі – уықтар... Ал оның керегелері, қабырғалары анау уықтар, арғы-бергі ата-бабаларымыз космос – ғаламның шырқау шегі. Соны біздің ата-бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бұрын түсінген. Сол себепті де өзге халықтар секілді тас үйдің қабырғасынан терезе шығармай, космоспен тіке «байланыс» үшін шаңырақты ойлап тауып қабылдаған. Алтын адам табылған жерде, өзіңіз білесіз, алтын тостаған да шықты. Ондағы мынадай жазуды ғалымдарымыз оқып берді. «Бұл халық Күннен жаралған, Күнге табынған». Міне, қазақтың мықты философиясы».


Өкінішке қарай, осындай табиғат берген талантты дарынды азаматтың 43 жасында тағдырдың жазуымен, пәни дүниедегі талқаны таусылды. Егер өмірде болса әлі де талай белестерге шығып, қыл қаламынан сандаған көркем туындылары халықтың мерейін асырып, рухын көтерер еді. Бүгінде тарихқа айналса да, кейінгі жас буынға берері көп қысқа ғана ғұмырында қазақтың қос өнерін биікке сүйреді. Қазақтың сурет өнеріндегі өз орнын анықтаған өшпес туындыларын жаратып халықтың көкейіндегісін жеткізіп, өзінің халқының алдындағы парызын сезіне отырып, артына мол мұра қалдырды. Ұлы суретшінің «өзім қазақ баласы, сол дәннің жемісі, ұрпақ ұрығы бола тұрып, өз халқымның көкейіндегісін айтпасам, перзенттік парызым қайсы» деген сөзінен-ақ ел үшін туған біртуар азаматтың рухы да, өнері де, артына қалдырған мұрасы да ғасырдан ғасырға аттап, жарқыраған үстіне жарқырай береді. Біздің Бексейіт Түлкиев ұлы суретші, саңлақ спортшы, біртуар тұлғадан алар тағылымымыз көп. Оның қазақи, таза жан дүниесі мен адамгершілік қасиетін сан өнерге талпынған талабынан, қос өнерімен халқын әлемге танытқан азаматтық, патриоттық рухынан үлгі алуымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет