Ғылыми конференциясының материалдары



бет79/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030 " Жолдау.


2. Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу».

3. Ғаламтор материалдары



АУҒАНСТАНДАҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

Гафуроглы Моһаммад Мунир (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Наралиева Р.Т.

Ауғанстан — теңізге тікелей шыға алмайтын әлемдегі экономикасы төмен елдердің бірі. 1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр. Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Қытаймен шектесетін Орта Шығыстағы мемлекет. Ауғанстан әртүрлі ұлт өкілдері мекен етеді. Ауғанстанда қазақтар да бар. Қазір кездегі олардың саны өте аз, кейбір деректер 500-дей қазақ отбасы бар дейді.


Қазақ диаспорасының тарихына талдау жасасақ, қазақ диаспорасы тек зорлық-зомбылықтың әсерінен пайда болған. Қазақ диаспорасы өз жерінен көрші жатқан елдерге қоныс аударып, онда саяси жағдайға байланысты тұрақтай алмай, одан әрі алыс елдерге дейін шашырап кеткен. Алғаш қазақтар Қытай, Орталық Азия, Ауғанстан, Иран сияқты елдерге қоныс аударған.
Қазақ халқының өкілдерінің шет елдерге шашырап кету тарихы ХVІІ ғасырдан-ақ басталған. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы қазақ ирреденттері мен қазақ диаспорасы тарихының басталуына жатады. 1757 жылы Цин өкіметі жоңғарларды біржолата талқандап, олардың қол астында болған Тарбағатай өңірі, Іленің жоғарғы, Жетісудың солтүстік аудандарын өз жері деп жариялады. Осы жерлерде өмір сүріп жатқан қазақ ру-тайпалары Қытайдың Цин өкіметінің қол астында қалды. Ол жаңа қазақ ирреденталарының немесе диаспорасының пайда болуын туғызды. Мұның өзі қазақ диаспорасының ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығының әсерінен пайда болғандығын көрсетеді. Қазақтардың тағы үдере көшу толқыны Ресей патшалығының қол астына кіруінен байланысты болған. Аузы түкті кәпірлер келе жатыр деп, мұсылман елдеріне көшу легі басталған.
Қазақ диаспорасының пайда болуының жаңа кезеңі Орталық Азияда орыс-қытай мемлекеттік шекарасын анықтау кезіне жатады. Бұл келісімдердің шекаралық шешімдері екі елдің арасында өмір сүріп жатқан халықтардың ешбір келісімінсіз-ақ қабылданды. Осы шекаралық бөлініс кезінде қазақтар өмір сүріп жатқан Алтай, Тарбағатай және Іле өзенінің жоғарғы ағысы Қытай жағында қалды. Тарихи деректерге қарағанда, осындай жағдайдың әсерінен ХІХ ғасырдың соңында 100 мыңға жуық қазақтар шетелде қалып қойды. Осы ирреденттер кейіннен бүкіл дүниежүзінің төрт бұрышына кезіп кеткен қазақ диаспорасына айналды.
Қазір шетелдегі қазақ өкілдеріне байланысты диаспора, ирредент, оралман деп қалыптасқан ұғымдар бар. «Диаспора» сөзі грекше шашыранды деген мағына береді. Диаспора өкілдері өз Отанынан басқа елде өмір сүріп жатқан адамдар деген ұғым береді. Қазақ диаспорасының қатарына Ал ирредент деген сөз өз тарихи отанында өмір сүріп жатқан, алайда белгілі бір саяси жағдайға байланысты басқа мемлекет құрамында қалып қойған жердегі тұрғылықты адамдар деген түсінікті білдіреді. Мысалы, Ресей, Орталық Азия, Қытай құрамында қалған бөлігінде – бұрынғы қазақтың атамекен жерінде – өмір сүретіндерді ирреденттер, қазақша ереденттер деп атайды. Егер Қазақстаннан тыс жерде 4 млн 500 мың адам өмір сүріп жатса, оның 800 мыңы диаспора болып саналады. Ал 3 млн 700 мыңы қазақ ереденттер болып есептеледі. Ередент қазақтар – көрші елдерге қосылып кеткен қазақ жеріндегі тұрғындар. Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың қарамағында қалған Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, т.б. Моңғол жеріндегі Баян Өлгей аймағы, Өзбекітан құрамында қалған Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл, т.б. жерде өмір сүріп жатқан қазақтар ереденттер болып саналады.Бірақ ереденттер де шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдері болып табылады.
Қазақ диаспорасының шетелдерге кең тарағанын мына төмендегі салыстырудан байқауға болады. Өз республикасынан тыс жерде өмір сүріп жатқан халықтар арасында пайызының жоғарылығы жағынан армян мен украиндардан кейінгі үшінші орын қазақтарға тиеді. Ал өз атамекендерінде тұрып жатқан түркі тілдес халықтардың ішінде әзірбайжандардан кейінгі екінші орынды алады.
Қазақ диаспораларының өзіндік ерекшеліктері – олар, біріншіден, тұрған елдерінде көпшілік болып, саяси автономия құра алмайды, сондықтан да басқа халықтарға билік жүргізетін жағдайы болмайды. Қазақ диаспорасының өзіне тән екінші бір ерекшелігі, барған немесе қоныстанған елдерінде тез арада сіңісіп, бейімделіп кетіп отыруы.
Патша өкіметінің ХХ ғасырдың басындағы жүргізген аграрлық реформасының қазақ диаспорасына тигізген әсері зор болды. Саясаттың басында патшалық Ресейдің Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин тұрды.
Қазан төңкерісі мен азамат соғысы кезінде казақ диаспорасының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезде қазактар басты үш бағытқа ауа көшкен. Негізгі бағыты – Қытай болса, екінші, үшінші бағыты — Өзбекстан, Ауғанстан және Иран болған..
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде диаспоралық кезеңніңұлыкөші болған. Қазақ халқының тарихында ұжымдастыру кезеңі де ауыр із қалдырды. 1930-1933 жылдары осы ашаршылықтан қазақ халқы жаппай босқынға айналып, 1 млн 300 мың адам сыртқа ауып кеткен. Мұның 414 мыңы қайта оралса, 616 мыңы шетелдерде мүлде қалып қойған. 200 мыңдай қазақтар Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран жерінде біржолата қалды.
Швед дипломаты, шығыстанушы Гуннар Ярринг 1935 жылы Ауғанстанның солтүстік жағынан Кіші жүз қазақтарын кездестірген. Қазақтар Ақши, Андыхой аудандарында, көпшілігі Ханабад округінде тұрған. Ал екінші бір деректер бойынша, Құндыз өзенінің батысында Чахардара деген жерде 200-ге жуық отбасы өмір сүрген, Ауғанстанның солтүстігіндегі Ходжа Салар аймағында XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап-ақ ауып келген казақтар өмір сүре бастаған. Бұл Орталық Азия хандықтарының Кіші жүз жеріне шабуыл жасай бастаған кезімен шамалас.
Ауғанстан жеріндегі қазақтар туралы ақпаратты Франц Шурманың «Ауғанстандагы моңғолдар» атты еңбегінен оқуға болады. Ханабад пен Андхой қалаларында қазақтар кедей жұмыскерлер (люмпен пролетариаттар) сияқты өмір сүрген. Ал Герат қаласының жанындағы Қазақ сарайы деген жерде 500 қазақ тұрған.
Ауғанстандағы қазақтардың жағдайы жақсы болмады, өйткені Ауған өкіметі оларды бір жылдан кейін, 1929 жылы Чахансур аймағының Нимруз провинциясьна орналастырды. Бүл жердің ауа райы өте ыстық, өмір сүруге мүлдем қолайсыз еді. Қазақтар ыстыққа шыдамай кырыла бастады. Тек бір-екі жылдан кейін ғана Герат аймағына қайтуға рұксат алып, осында жүн, тері өңдеумен, колөнермен айналысты. Ал Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір революциясы қарсаңында Кабул қаласындағы кейбір қазақтар қаланың бүкіл азық-түлік саудасын өз қолдарында ұстаған.
Жалпы, Ауғанстан жеріндегі қазақтардың өте шашыраңқылығына байланысты, олардың нақты санын білу өте киын. Шамамен 24 мың қазақ өмір сүрген. Алайда Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне басып кіруіне байланысты қазақтар мен қырғыздар Иран мен Түркияға көшкен.
Қазақ диаспорасының мөселесі туралы «Қазақтар еркіндікке калай ұмтылды» атты ғылыми мақаласында Милтон Дж.Кларк ақиқатты жазған. Бұл еңбектің де құндылығы, өзінің атынан көрініп тұрғандай, қазақтардың бостандық жолындағы бейнет-қиындықтары жайлы толық мағлұмат келтіруінде болып табылады.
Қорыта айтқанда, өз еркіндігін жоғары бағалайтын номадтардың өзгеге бағынышты болғысы келмеуінің себебі шетелдерде қазақ диаспорасының пайда болуына үлкен әсер етті. XVIII—XIX ғасырларда болған жаугершілік пен ұлт-азаттық козғалыстары, XX ғасырдың бірінші жартысындағы Бірінші жөне Екінші дүниежүзілік соғыстар, азамат соғысы, ашаршылық пен саяси куғын-сүргін қазак халқының көрші елдерге жаппай коныс аударуына алып келді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-жылдарында болған шекара бөлінісі кезінде қазақ халқының бір бөлігі Казақстаннан бөлініп қалды. Шетелдердегі қазақтардың тұрмысы ауыр болды, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанның тәуелсіздік алуы олардың өшкен үмітін оятты. Шетелдегі қазақтардың бір бөлігі отандас мәртебесін алып, Қазақстанға қайтып оралды, қалғандары тарихи отандарымен әртүрлі деңгейде байланыс орнатты. Қазақстанда және шетелдерде казақ диаспорасы зерттеле бастады. Бүгінгі таңда олар да атамекеніне оралуда. Атамекеніне оралып жатқан қазақтарға Қазақстан Республикасы «оралман» деген ресми мәртебе беріп, мемлекет тарапынан үлкен жеңілдіктер беріліп, материалдық көмек пен моралдық қолдау көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет