Ғылыми конференциясының материалдары



бет93/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 1998.


2. Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б. Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым) Алматы: «Атамұра» 2008.
ҒАЗНИ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ


Султани Муртаза (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тилеужанова Г.Т.

Қаланың қай уақытта қалыптасқаны белгісіз. Ол туралы Сюаньцзанда (VII) ғасыр айтылады. Қаланың гүлденуі Х-ХІ ғасыр. Бұл уақытта қала сауда және мәдени орталыққа айналды.Бұл жерде әл-Бируни, Гардизи, Фаррухи, Унсури, Манучехри сияқты ақын-жазушылар өз еңбектерін жазған.Ұлы Фирдоуси де осы жерде өзінің «Шахнама» поэмасын Махмуд Ғазневи сұлтанға ұсынған.


Х ІІ ғасырда Ғахниді Гуридтер басып алып, қаланың тас талқанын шығарады. Қаланы түгелімен өртеп жібереді.Монғолдардың басып алуына дейін, яғни 1221 жылға дейін Хорезмшахтың иелігінде болған.ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Герат билеушілерінің қарамағында болады. XIV ғасырдың соңы ХV ғасырдың басында Тимуридтерге тиесілі болады.
1747 жылы Дуррани мемлекетінің негізін салушы-Ахмад-шах Дурранидің қарамағына өткен. 1761 жылы ғазни тұрғындарының астанасы болады.
Ғазни қаласы орталық және шығыс Ауғанстанда орналасқан. Халқының саны жүз жетпіс мың адам. Жетпіс пайыздан астам халық дәри тілінде сөйлейді. Бұл қала оңтүстік пен солтүстікті бір- бірімен байланыстырады. Қала таулы аймақта орналасқан. Жаз мезгілінде ауасы ыстық, бірақ қысы суық болады. Ғазни арқылы Немруз, Герат, Хелманд ,Кандағар қалаларына өтеді. Сондықтан бұл аймақ бизнес орталық болып есептелінеді.Бұл жерде тамақ, киім- кешек арзан. Жұмыссыз жүрген адам аз. Халқы жұмыспен қамтылған. Қаланың тұрғындары егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Қой шаруашылығы жақсы дамыған.
Ғазни қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен 2013 жылы Азиядағы ислам мәдениетінің астанасы болып танылды. Бұл шара мемлекетте ерекше аталып өтті. Аталған шараға екі мың адам қатысты. Олардың ішінде көрші ислам мемлекеттерінің өкілдері мен көптеген дипломаттар қатысты. Шара бір аптаға созылды. 2013 жылы ақпан айында Ауғанстанның мәдениет және ақпарат министрі Саид Махмуд Рахиннің мәлімдемесі бойынша Ғазни аумағында бес мәдени ескерткішқалпына келтірілген. Олар: Саид Ахмад Маки, Түрк Хазрат, Саид Джалал Аға, Саид Шах Аға и Баба Али мешіттері. Қалпына келтіру жұмыстары он миллион афғаниді құрады.
Ғазни қаласында көптеген атақты адамдардың кесенесі бар, мысалы әл-Бирунидің мазары Масудтың III сарайының қалдығы (XII в.), Мұхаммед Шарифхананың кесенесі кесенесі(XVв.), Абд ар-Раззака (XVIғасырдың басы),Махмуд Ғазневи(XVIIIғасыр). Масуда III жеңісінің құрметіне арналған екі мұнара қаланың сыртында орналасқан.
Ғазниде бір мың екі жүз мемлекеттік мектеп және екі жүз жиырма ақылы мектеп бар.2014 жылы университет ашылған. Студенттердің саны-79960. Ол университетте төрт факультет бар.
Олар: педагогика, журналистика, экономика, ауылшаруашылық
Аталған мамандықтар бойынша студенттер білім алады. Ғазни қаласында 1952 жылы алғаш рет «Санаи» атты журнал баспадан шықты. Ауғанстандағы үлкен кітапханалардың бірі –әл- Бируни кітапханасы. Аталған кітапхана осы Ғазни қаласында орналасқан.Ғазниден шыққан ақындар: Санам Ғазнауи, Саид Хусайни Ғазнави, Масуд Салман, Фаррухи Систани және тағы басқа.Ғазни қаласында көптеген ескерткіштер болған. Өкінішке орай оның көбі сақталмаған. Ғазни қаласында бес су қоймасы бар. Олар: Аби Истада, Банд Сұлтан, Банд Замхан, Банди Зардсанг.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет