«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет45/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарға негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді қамтиды. Сондықтан да тұлғаның өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып-білуі, одан әрі жалпы адамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Түйіндей келе, құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайын, екіншіден, шығармашылыққа қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын іске асырады.
Мектепті басқару теориясы. Мектепті басқару жұмыстары мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, оларды оқытып-тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспарланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; басқарылатын обьектілер мен процестерді моделдеу; құбылыстардың сандық өлшемдерін қолдану.
Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогикалық процесте ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару. Басқару теориясының нәтижесі – мектепті тиімді басқарудың жаңа заңдарының пайда болуы, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдармен жетілдіру, принциптер, ережелер, тұжырымдар. Педагогикалық процесті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйымдастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару обьектісінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет