14. Ғылыми жарияланымдар туралы ақпараттарға талдау жасаңыз
Ғылыми зерттеулер саласында жазу түріндегі барлық мәтін жарияланым деп есептелмейді. Мәтіндерді шартты түрде жарияланым, жартылай жарияланым
және жарияланым емес деп бөлуге болады. Мәтіндерді бұлайша бөлу оларды тасымалдаушылардың сипатына (қағаз немесе электронды) емес, белгілі талаптардың
сақталу, сақталмауымен байланысты.
Бұл талаптарға мыналар жатады:
мәтінді құру мен ресімдеудің академиялық стандарттарының
сақталуы;
кәсіби қауымдастықтың мәтін мәртебесін растауы;
дереккөздің тұрақтылығы;
мәтін мазмұныныңтұрақтылығы;
мәтіннің қолжетімділігі.
Мәтінді құру мен ресімдеу стандарттарының сақталуы-жарияланым деп аталатын барлық мәтінге (қағаз түріндегі болсын, электронды нұсқа I болсын) қойылатын біріншіталап, бұл талаптар (тақырып таңдау, жоспар құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер жазу, аргумент, тезис келтіру, дереккөзбен жұмыс т.б.) туралы жоғарыда айтылды. Бұл тұрғыдан алғанда, зерттеу жұмысында, мысалы, газет мақалаларына (зерттеу мақала болмаса) сілтеме жасамауға тырысу керек, себебі газеттік жарияланымдарда бұл стандарттар сақтала бермейді. Мәтіннің айтылған стандарттарға сәйкестігіне қалай көз жеткізуге болады? Осы жерде екінші талап алға шығады: мәтін мәртебесін кәсіби қауымдастық растауы тиіс, яғни автордан басқа мамандар ұсынылып отырған мәтін үшін жауапкершілік алуы қажет. Бұл мамандар қатарына жауапты редакторлар, кәсіби (баспа) редакторлар мен корректорлар, рецензенттер жатады. Жауапты редактор (Интернет сайттың бас редакторы, сайт иесі) мәтіннің жалпы кәсіби сапасына кепілдік береді. Кәсіби редакторпар мен корректорлар мәтіннің ресімделуін, орфографиясы мен пунктуациясының сақталуын қадағалайды. Қолжазбаның немесе
таратылған басылымның рецензенттері мәтінге сараптама жасап, оның мәртебесін растайды. Қалай болғанда да, сізді қызықтырып отырған мәтінді сайтқа орналастыру үшін жауапкершілік алған адамдардың бар екеніне, аты-жөніне назар аудару қажет. Сіз сайтқа жауаптылардың кәсіби мамандардың сеніміне ие екеніне көз жеткізгеніңіз дұрыс. Бұл, әрине, белгілі дайындықты талап етеді. Жарияланымның үшіншімаңызды сипаты -дереккөздіңтұрақтылығы, яғни оқырман кез келген уақытта көрсетілген мәтінді қиындықсыз тауып алу мүмкіндігі. Қағаз түріндегі жарияланым жағдайында жетекші көпшілік кітапханалар, сондай-ақ шығатын барлық басылымдардың бақылау
данасын сақтап отыратын мекемелер мұндай мүмкіндікті қамтамасыз ете алады. Бұл талап, әсіресе, электронды мәтіндер үшін өте маңызды. Сізді қызықтырған дереккөз ғаламтор парақшасында бүгін бар, ал ертең жоғалып кетсе, оны жарияланым деп санауға күмән туады. Бұл парақша бір айдан немесе жарты жылдан соң сақталатынын, не сақталмайтынын білмеймін деуіңіз мүмкін. Олай болса, дереккөз авторларының жоспарпары белгісіз, сондықтан электронды мәтін де сенімсіз. Электронды мәтін дәл
сіз жүктеп алған уақытта ғана емес, бір, екі, бес жыл өткен соң да сіз көрсеткен электронды мекенжайдан табылуы тиіс. Осы ретте ғаламтор желісінен жүктеп алған материалыңыздың алынған күнін және сайттың жаңартылған күнін көрсетіп қойған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |