Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
Ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
Тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
Ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі). Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды.