Ғылыми зерттеулер саласындағы ұлттық және халықаралық құқық негіздері


Зерттеу әдістемесі. Аналитикалық зерттеулер



бет10/45
Дата22.05.2022
өлшемі100,71 Kb.
#144515
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
ғылыми менеджмент2

16. Зерттеу әдістемесі. Аналитикалық зерттеулер.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.


Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеулер аурулар мен әртүрлі қауіп факторлары (кәсіби, әлеуметтік-тұрмыстық, қоршаған орта, генетикалық және т.б.) арасындағы себепті байланыстарды анықтау мақсатында, сондай-ақ профилактикалық және емдік араласулардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Аналитикалық зерттеу - бұл "зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттау ғана емес, сонымен қатар оның негізінде жатқан және мінез-құлқын, таралуын, өткірлігін және оған тән басқа да қасиеттерді негіздейтін себептерді анықтау" мақсатын көздейтін әлеуметтанулық талдаудың ең терең түрі. Зерттеудің бұл түрі тәжірибеде жиі қолданылады. Егер сипаттамалық зерттеу барысында зерттелетін құбылыстың сипаттамалары арасында байланыс орнатылса, онда аналитикалық зерттеу барысында анықталған байланыстың себеп сипаты бар-жоғы анықталады.
Аналитикалық зерттеу жүргізу кезінде әдетте ақпаратты жинау әдістерінің кешені пайдаланылады. Бір-бірін толықтыра отырып, сұрау салудың, құжаттарды талдаудың, бақылаудың әртүрлі нысандары қолданылады.
Аналитикалық
талдау
1Оқиға бақылау
2Когортты

Оқиға - бақылау


«Оқиға-бақылау» түрінде зерттеу екі топтағы адамдар туралы
мәліметті салыстыру нәтижесінде негізделеді. Бірінші топ –
жұқпалы аурумен науқасталған адамдар (оқиға), екіншісі – осы
инфекциямен ауырмаған адамдар тобы (бақылау), бірақ осы екі
топатығы адамдар қауіп-қатер факторының әсеріне бірдей
ұшырайды. Мысалы ет комбинатыны4 мал сою цехы
жұмысшыларының арасында 60% шамасында бруцеллез ауруы
айқындалды. Эпидемиологиялық тексеру арқылы және
эпизоотологиялық материалды талдау барысындаолардың бруцеллез
қоздырғышы бар ұсақ малды союға қатысқаны айқындалып отыр.
Бақылау тобындағы адамдар да (колбаса жасайтың цехтың
жұмысшылары) осы ауру малдың етімен (фаршпен) жұмыс істеген.
Олардың арасындағы ауру адамның мөлшері 44%. Екі топтағы
сырқаттану айырмашылығы да статистикалық жағынан мәнді.
Бұл жағдайды вариациялық сұрыптау арқылы
түсіндіру дұрыс емес. Алайда анықталған кездесоқ
байланысты себептік-салдарлы байланыс деуге
болмайды. Бұл түсіндірудің бір түрі ғана. Шындығында
анықталған айырмашылықты түсіндіру басқа себептерге
байланысты болуы мүмкін, мысалы, қызметкерлердің
жұмыс стажына, кәсіпкерлік дайындығына, олардың
арнаулы сақтану жабықтарымен қамтамасыз етілуіне
(халат, резеңке қолғап және т.б.)
Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы салыстыру топтарын
(зерттелетіннен басқа) іріктеп алуға бағынышты,
сондай-ақ осы топтардың барлық белгілері мен
біркелкілігіне байланысты болады.
Когортты зерттеу
Когортты зерттеу (бақылау) – бұл эпидемиологиялық белгілері бар
топтарды білу. Когортты зертеу – белгілі бір зерттеу уақытында қауіпқатер факторының әсер еткен және әсер етпеген топтарында (когортта)
сырқаттанушылықтың интенсивті көрсеткішін анықтау. Мысалы, ет
комбинатаның ауырған малдарды соятың (санитарлық) цехының 35-55
жастағы жұмысшылар тобын 5 жыл бақылау кезінде олардың ішінде
бруцеллезбен сырқаттанушылықтың көрсеткіші (1000 жұмысшыға
шаққанда) 115,5 болды, ал колбаса жасайтын цехтың жұмысшылар
тобында (осы жас мөлшері және осы уақыт кезеңінде) – 11,5.
Статистикалық талдау осы көрсеткіштер айырмашылығының кезейсоқ
емес екенін көрсетеді. Бірақ, зерттеудің дәл осы нұсқасында
бағаланатыннан басқа, топтарды барлық белгілері бойынша салыстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет