Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


қоғамның жахандық мәселелері



бет101/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

17.қоғамның жахандық мәселелері

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық  мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.)

 

   Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер арасындағы әлекметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек ретінде), сыртқы қарыздарын есептерін шығаруды және т.б. талап етуінде.



 

   Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі (ашығу) деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ауыл  шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске және мемлекет тарапынан қолдау деңгейінен тікелей тәуелді.

 

   Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады.



 

   Жаһандық энергетика мәселесі - адамзатты қазіргі кезде және жақын болашақта энергия мен отынмен қамтамасыз ету проблемасы. Бұл проблеманың шығуының негізгі себебі ХХ ғасырда минералды отынды пайдалануының күрт өсуі. Дамыған елдер энергияның жұмсалуына сұранысты кеміту арқылы шешсе, қалған елдерде салыстырмалы түрде энергия жұмсалуы өсуде. Сонымен қатар, әлемдік нарықта энергоресурстарға дамыған елдер мен жаңа ірі индустриалды елдер (Қытай, Индия, Бразилия) арасында бәсеке өсіп келе жатыр. Осы жайттар және кейбір аймақтардағы әскери-саяси тұрақсыздықтар энергоресурстардың әлемдік бағасы деңгейіндегі ауытқуларына алып келеді.  Әлемдік экономиканың экологиялық потенциалы адмзаттың шаруашылық қызметі себебінен жиі бұзылып отыруда. Бұған жауап болған экологиялық тұрақты даму концепциясы болды. Оның  мәні болашақ заман қызығушылықтарын бұзбайтын қазіргі кездегі қажеттіліктерді ескере отырып әлемнің барлық елдерінің дамуы. Қоршаған ортаны қорғау дамудың маңызды бөлігі болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдары экономистер қоршаған орта проблемалары экономикалық даму үшін өте маңызды екнін түсінген. Қоршаған ортаның деградация процестері өздігінен даму сипатына ие. Бұл ресурстардың толықтай жойылып кетуіне алып келуі мүмкін.

 

   Әлемдік мұхиттар порблемасы  - мұхит кеңістігі мен оның ресурстарын сақтап қалу мен тиімді пайдалану порблемасы. Қазіргі кезде әлемдік мұхит тұйық экологиялық жүйе ретінде бірнеше есе өскен антропогенді күштерге әрең шыдап отыр. Оның өзі мұхит өліміне әкелетін үлкен қауіп болып табылады. Сондықтан, жаһандық мұхиттар мәселесі деп отырғанымыз  - ең алдымен оның аман қалуы.



    Демографиялық мәселе екі түрлі көрініс табады: дамушы елдердегі демографиялық күрт өсу және дамыған және өтпелі кезеңдердегі елдердің демографиялық қартаюы. Біріншісінің шешімі - экономикалық даму қарқынының дамуын жоғарылатып, халық санының өсу қарқынын төмендету болса, екіншісінің шешімі - эмиграция мен зейнетақы жүйесін реформалау болып тұр. Экономикалық өсу мен халық санының өсу ұзақ уақыттан бері экономисттердің зерттеу пәні болып келеді. Бірақ осыған қарамастан, көптеген мамандар негізгі проблема  - халық санының өсуі емес, келесі 2 мәселені айтады: нашар дамушылық, яғни дамуда артта қалу, әлемдік қорлардың таусылуы мен қоршаған ортаның бұзылуы. Қорыта айтқанда, адамзат дамуының жаһандық мәселелері оның кез келген даму кезеңдерінде өзекті болды. Десек те, аталған мәселелер ХХІ ғасырда ерекше маңыздылыққа ие болып, бүкіл халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырғаны жасырын емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет