19.Қазақстандағы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар.
Мемлекетіміздің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолы білім беру жүйесін жоспарлы түрде құру болып табылады. Бүгінгі күнде ХХІ ғасырдың көшбасшы мемлекеті болу білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыруда жатыр. Білім әлемдегі барлық мемлекеттердің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Сондықтан қазіргі бәсекелестік заманындағы шарттарда әлеуметтік-гуманитарлық білім берудің маңыздылығы жоғары деп ойлаймыз. Ақпараттық технологиялардағы заманауи жоғары дамыған технологиялық қоғамның ілгері дамуы үшін білімді және адал азаматтардың, қоғамдық өмірдің жаңа қағидаларын қалыптастыратын тұлғаларды қажет етеді. Қоғамдағы өмірді қалыптастыру жолында әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің маңыздылығы мына түсініктермен байланысты: біріншіден, білімді қоғам бұл қарапайым ақпараттық қоғам ғана емес, бұл маңызды құндылықтар қорын құратын тұлғалық әлеуеттің қоғамдық және адами даму ілімдеріне сүйенетін қоғам. Екіншіден, экологиялық және әлеуметтік дағдарыстар шарттарында адамның кәсіби қызметі мәдени болжамдарға сәйкес қоғамның қауіпсіздігі мен даму басымдықтарын қамтамасыз етеді.
Гуманитарлық құрамдас бөлікпен байытылған білім қоғамдағы білім арқылы қоғамдық өсімге әкеліп, инновациялық дамудың орталығына айналдырады: 1) жас буынды әлеуметтендірудің негізгі институтына айналып, оларды ақпараттық қоғамдағы ережелер мен құндылықтарға дағдыландыру арқылы құбылмалы әлемде өмір сүруге үйретеді; 2) адамдарды әлеуметтік өзгерістерге ынталандыратын күнделікті және кәсіби белсенділік шеңберіндегі қызметтің жаңа технологияларын енгізуге дайындап, қоғамдық дамудың маңызды факторы болып табылады; 3) жаңа технологияларды, дүниетаным, қағидалар, құндылықтар, мінез-құлықтық, саяси және құқықтық жүйелерді реттеудің қажеттілік түрлеріне жоғары дәрежедегі зияткер және шығармашыл қызметкерлерді шоғырландыру арқылы ескі түсініктер, құндылықтар мен бағдарларды сараптау орталығына айналады; 4) мүдделер мен қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай жаңа әлеуметтік топтарды қалыптастыруға ықпал ету арқылы қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгерістерінің шешуші факторы болып табылады, әлеуметтік жіктелуді реттейді; 5) қоғамның рухани өміріне ықпал етеді және тіпті айқындайды, үлгілер мен адам мұратын қалыптастыру, ынталандырудың әлеуметтік тартылысының нышандық мағынасын иеленеді; 6) жоғары технологиялылық, және зияткерлік сыйымдылық көлемі бағытындағы өндірістік дамудың негізгі құралына айналады. Еңбек пен қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің туындауын ынталандырады; 7) адамның зияткерлік, әлеуметтік, рухани, қарым-қатынас, шығармашылық әлеуетін айқындауды ынталандырып, тұлғаның дамуындағы қуатты құрал болып табылады; 8) әлеуметтік тұтастықты арттырудың құралы ретінде қоғамдық дамуды жеделдету арқылы барлық қоғамдық тәжірибе мен әлеуметтік үдерістердің дамытушылық қасиеттерін күшейтеді. Жедел қоғамдық даму заңы білімнің таралуымен байланысты; 9) жаңа идеялардың өсу қарқынына, қоғамдық өмірді оңтайландыруға және ғылыми білімнің өмір салты мен әлеуметтік тәжірибе салаларына енеді, олардың мүмкіндіктерін күшейтеді; 10) тұрғындардың білім деңгейі талаптарын кеңейтуге ықпал жасайды; 11) саяси белсенділік, саналылық пен жауапкершіліктің өсімін қамтамасыз ететін азаматтық белсенділікті қалыптастырудың негізгі орталығына айналады; 12) адамгершілік сана мен құқықтық сауаттылықты дамытудың құралы ретінде әлеуметтік-мәдени реттеушілікті жетілдіруге ықпал жасайды; 13) қоғамдық пейілді жұмсарту, саяси өмірді либералдандыру, құқықтық мәдениетті демократияландыру, азаматтық қоғамды дамытуға ықпал етеді ]. Қорыта келе, әлеуметтік-гуманитарлық білім жоғары білімді жаңғыртудың өмірлік маңызды талабына айнала отырып, заманауи маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |