Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылыми революциялар мен парадигмалар



бет108/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

23. Ғылыми революциялар мен парадигмалар.

Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.

Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғылыми-техникалық және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.

ҒТР-дің басты белгілері мыналар:

● әмбебаптық,ауқымдылық;

● ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделденуі;

● өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

● әскери-техникалық революция.

Ғылым мен білім адамзат өркениетті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларды Ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дің әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез-келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі. ҒТР шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлқына үлкен өзгерістер әкеледі.

Қазіргі ҒТР күрделі жүйе және ол өзара әрекет етуші төрт бөліктен тұрады:

1. Ғылым.

2. Техника мен технология.

3. Өндіріс.

4. Басқару.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет