Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылым эволюциялық механизм ретінде



бет129/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

54.Ғылым эволюциялық механизм ретінде.

Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюция дегеніміз – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және бағытталған тарихи дамуы. Ол популяциялардың генетикалық құрамына, бейімделушіліктің түзілуіне, түрлердің түзілуі мен өліміне, экожүйенің қайта қалпына келуіне тікелей байланысты болады. Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілімінің негізгі бөлімдері:

- эволюциялық идеялар, гипотезалар және концепциялардың пайда болуы мен даму

тарихы;


- жеке филогенетика;

- жалпы филогенетика;

- микроэволюция;

- макроэволюция.

Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:

 

Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.



Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.

Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.

Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.

Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет