Филиппин- астанасы: Манила Ауданы: 300000 км



бет3/6
Дата29.04.2022
өлшемі17,81 Kb.
#141457
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Филиппин.docx-мәтін

Пинатубо жанартауы. 1991 жылдың маусым айында Лусон аралында, Маниланың солтүстігіндегі Пинатубо жанартауы оянады: 10 күн бойы ол қызған күл мен тау жыныстарын атқылады. Бұл елдің тарихындағы ең ірі жанартаудың атқылауы болды. Жанартау шығарындылары жергілікті жерді қалыңдығы 7 метрге жететін қабатпен жауып тастады. Ал қатты нөсер бұл массаны өзендер мен аңғарларды толтырып тастаған қою батпаққа айналдыр­ды. Осы күндері жергілікті аэта тайпасы баспанасыз, жайылымсыз қалды.
Манила. Филиппин астанасының көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен жатқаңдықтан онда жаз айларында (жаңбырлы кезеңде) су тасқыны жиі болып тұрады. 1571 жылы Маниланы испандықтар жаулап алады. Олар қаланы қамалмен қоршап, оны өздерінің Азиядағы империясының форпостына айналдырады. Жүздеген жылдар бойы Манила Арабия, Үндістан, Жапония және т.б. елдердің көпестерін қабылдай­тын басты сауда порты болды. Бүгін бұл 7 млн-ға жуық халқы бар дамы­ған қала.
Энергетикасы. Электр энергия­сының 53 % - ЖЭС-да, 28 % ­СЭС-да өндіріледі. Жер қойнауы­ның жылуын пайдаланатын геотер­малды стансалар электр энергиясы­ның 19 % береді. 2003 жылдың көк­темінде жергілікті халықтың қарсылығына қарамастан Азиядағы ең ірі электр энергиясы көзі - Сан-Роке көп мақсатты су бөгені эксплуата­цияға берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет