Ежелгi террасалар. Лусонның солтүстігіндегі филиппиндік тау халқы ифугао мың жылдай террасалық жер өңдеумен айналасып келеді. Ифугао тау беткейлерін өңдеп, күріш өсіретін террасалық алаңдар дайындайды. Ежелгі террасалар туристердің қызығушылығын тудыруда. Бірақ қазіргі ғылыми жетістіктер күріш өсіруді де айналып кетпеді. Халықаралық зерттеу институттарының ғалымдары күрішті көп өнім беретін жаңа сұрыптарын жасап, күріш егетін және жинайтын машиналарды жетілдіруде.
Дін. Филиппинге католицизмді ең алғаш (өзінің 1521 жылы дүниежүзін айналған сапарында) Сабо аралына Магеллан алып келді. Көптеген филиппиндіктер испандықтардың басқыншылығы кезінде католицизмді қабылдады. Қазір католицизм Минданао аралынан басқасында кең тараған. Филиппин - Азиядағы жалғыз христиандық мемлекет. Мұнда католик шіркеуінің билігі жоғары.
Аңшы-терімшілер. Алыс-алыс аралдарда аңшы терімшілердің тайпасы мекен етеді. Олар бір жерден екінші жерге көшіп жүріп, балық аулау, аңшылық, жабайы жеміс-жидектерді жинаумен айналысады. Бұл дүние жүзі бойынша алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүретін тайпалардың ең соңғылары. Бірақ олардың тіршілік етуіне қауіп төніп отыр: олар өмір сүріп жатқан ормандар аямай кесілуде.
Кокос. Кокос пальмасы жылы әрі ылғалды Филиппин климатында жақсы өседі. Ол 70 жылға дейін жеміс береді. Жаңғақтары 15-20 данадан шоғырланып өседі. Жинаушылар оларды ұзын бамбук құрығымен соғып жерге түсіреді. Филиппин - кокос және копраның, одан жасалған әр түрлі бұйымдарды дүниежүзілік нарыққа шығаратын Индонезиядан кейінгі екінші орындағы ел.
Қалдықсыз өндіріс. Кокос пальмасының әрбір бөлігі қалдықсыз іске асады. Тамырынан бояу жане дәрілік препараттар алынады. Діңін ағаш ретінде құрылысқа пайдаланады. Жапырақтары мен үйдің төбесін жабады, жер төсеніштері мен сөмкелср тоқиды. Жаңғақтарын жейді, аспаздықта және парфюмерияда қолданады.