Филология факультеті



бет18/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

Қысқаша мазмұны: Тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясы, тарихы, зерттелуі және тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясының жасалу жолдары: морфологиялық, синтаксистік, аралас –нікі формасы. Оңаша, ортақ тәуелдеу және олардың мағыналық ерекшеліктері. Тәуелді форманың ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп изафеттік құрылыс жасауы, І,ІІ жақта ілік септігі жалғауынсыз қолданылуының себебі. ІІІ жақтың қолданылу ерекшелігі, мағынасындағы айырмашылықтар. Тәуелдік жалғаудың эмоционалды- экспрессивті және синтаксистік қызметі. Септік жалғаулары, тарихы, зерттелуі. Септеудің екі түрі: жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер. Септік жалғауларының көп вариантты болуының себебі. Атау септігі, сұраулары, синтаксистік қызметі, сөздерді байланыстыруы: матасу, изафеттік форма. Атау септігінің негізгі, белгісіздік септік аталуының себептері. Атау формалы сөзге тіркесіп қолданылатын шылаулар. Атау септігінің грамматикалық нөлдік тұлға жасауға қатысы. Ілік септік, мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Ілік септігінің жалғаулы және жалғаусыз қолданылуының себебі. Барыс септігі, оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Барыс жалғауының жасырын түрде келуінің себебі. Жатыс септігі және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Шығыс септік және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. -нда, -нде жалғауының құрамындағы н дыбысының тарихы. Көмектес септік және оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Көмектес септігінің пайда болуының тарихы. Көмектес септігінің жалғауының тек жіңішке вариантта ғана ұшырасуының себебі. Барыс, жатыс, шығыс септіктерінің көлемдік, кеңістік септіктері деп аталуының себебі. Осы септіктерге тән ортақ ерекшеліктер: синтаксистік қызметтері, олардың пысықтауыш жасауға қатысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет