Зат есімінің көптік мағынасы мен нақтылы көптік мағынасының айырмасы
Көптік мағынаның берілу жолдары мен қолданылу ерекшеліктері.
Қысқаша мазмұны:Зат есiм құрылымына қарай жалаң (дара) және күрделi болып екiге бөлiнедi. Жалаң зат есiмдер:
1. Түбiр зат есiмдер
2. Туынды түбiр зат есiмдер болып екіге бөлінеді.
Түбiр зат есiмдер деп –сөздiң морфемаларға бөлшектенбейтiн, тек бiр ғана түбiр морфема (сөз) ретiнде қабылданатын заттық атауларын айтады. Мысалы, тау, тас, адам, ағаш, мектеп, бала, гүл, кiтап, теңiз, жер, аспан, тамақ, ауа т.б. Туынды түбiр зат есiмдер деп – түбiр морфема мен қосымша морфемаға бөлшектенетiн, яғни түбiр сөзге сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы кейiннен жасалған жаңа заттық ұғымдарды айтады. Мысалы, мал-шы, киiм, ег-iн, тұз-дық, кiсi-лiк т.б. Күрделi зат есiмдерге – кемiнде екi не одан да көп дербес мағыналы түбiр морфемалардан құралған сөздер жатады. Ондай зат есiмдер қазақ тiлiнде мыналар:
1.Бiрiккен зат есiмдер 2.Қосарланған зат есiмдер 3.Тiркескен (құрама) зат есiмдер 4.Қысқарған зат есiмдер. Бiрiккен зат есiмдерге дербес мағыналы екi түбiр морфемадан бiрiгу арқылы жасалған зат есiмдер жатады. Мысалы, бәйтерек, белбау, қайнаға, ағайын, қолбасы, қолқанат. Бiрiккен зат есiмнiң тұтаса біріккен және кіріге біріккен деген екi түрi бар.