Филология факультеті



бет14/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.

  2. Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.

  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002

  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012

  5. Салқынбай А., Қазіргі қазақ тілі Алматы, 2013

  6. Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі ( Морфология) Алматы, 1991

  7. Шалқарова Г.И., Сатыбаева А.Т. Салыстырмалы грамматика. Алматы, 2012.

8 лекция.


Тақырыбы: Зат есімнің құрылымы


Қаралатын мәселелер:

  1. Зат есімдердің жалаң және күрделі болып бөлінуі

  2. Негізгі және туынды түбір зат есімдер

  3. Күрделі зат есімдердің жасалу жолдары

Қысқаша мазмұны: Зат есiм құрылымына қарай жалаң (дара) және күрделi болып екiге бөлiнедi. Жалаң зат есiмдер:
1. Түбiр зат есiмдер
2. Туынды түбiр зат есiмдер болып екіге бөлінеді.
Түбiр зат есiмдер деп –сөздiң морфемаларға бөлшектенбейтiн, тек бiр ғана түбiр морфема (сөз) ретiнде қабылданатын заттық атауларын айтады. Мысалы, тау, тас, адам, ағаш, мектеп, бала, гүл, кiтап, теңiз, жер, аспан, тамақ, ауа т.б.
Туынды түбiр зат есiмдер деп – түбiр морфема мен қосымша морфемаға бөлшектенетiн, яғни түбiр сөзге сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы кейiннен жасалған жаңа заттық ұғымдарды айтады. Мысалы, мал-шы, киiм, ег-iн, тұз-дық, кiсi-лiк т.б.
Күрделi зат есiмдерге – кемiнде екi не одан да көп дербес мағыналы түбiр морфемалардан құралған сөздер жатады. Ондай зат есiмдер қазақ тiлiнде мыналар:
1.Бiрiккен зат есiмдер
2.Қосарланған зат есiмдер
3.Тiркескен (құрама) зат есiмдер
4.Қысқарған зат есiмдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет