Көмекші есімдердің түп төркіні жайлы ғалымдардың пікірі
Көмекші сөздердің кейде дербес қолданылуы.
Қысқаша мазмұны: Көмекшi есiмдердiң лексикалық мағыналары бiрде бүтiндей сақталып, бiрде солғындап, өзге сөздермен тiркесу ерекшелiктерiне қарай, синтаксистiк жағынан кейде жеке-дара мүше есебiнде, кейде күрделi мүшенiң құрамындағы дәнекер элемент есебiнде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есiмдерше түрленетiн жәрдемшi сөздерге айналады.
Көмекшi сөздердiң атаушы сөздерден өзгешелiгi көмекшi есiмдер бiр затқа қатысы жөнiнен белгiленетiн кеңiстiктi, мекендi өзектiң бойы атайды. Сондықтан бұлардың мағынасы басқа бiр атаушы сөзге телiнiп жұмсалғанда ғана айқын танылады. Атаушы сөз бен көмекшi есiм қосылып конкреттi мекен жөнiнде бiр ұғым бередi. Көмекшi сөздердiң мағынасындағы, жұмсалуындағы бұл ерекшелiк осы сөздердiң морфологиялық дербестiгiне де әсер еткен. Көмекшi сөздердiң көпшiлiгi түбiр күйiнде жеке жұмсала алмайды. Бiрқатар көмекшi есiмдер алды, арты, асты, үстi өзiнiң бастапқы түбiрiнен адасып, тек тәуелдеулi формада ғана ұшырайды.
Судың беті, таудың басы, таудың бауыры, таудың етегі деген тіркестерде қолданылып тұрған беті, басы, бауыры, етегі деген сөздерде нақтылы, дербес лексикалық мағына жоқ, бірақ олар мүлде мағынасыз да емес. Мұның барлығы таудың бір бөлшегі деген мағынаны білдіріп тұр. Екінші сөзбен айтқанда, таудың басы дегенде таудың көпке қараған ең жоғарғы жағын, таудың етегі дегенде таудың жазықтықпен ұштасқан бөлшегін айқын танимыз. Бірақ сол мағынаны басы, етегі сөзі жеке тұрғанда бере алмайды. Көмекші сөздерді осындай мағыналарына қарай төмендегіше топтастыруға болады:
Түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі дегендер мекендік мағына береді. Мысалы, жартастың түбі, ауылдың шеті, ауылдың маңы т.б.
Алды, үсті, беті, бойы дегендер мекендік мағынамен қатар жазықтықты, созылыңқылықты білдіерді. Мысалы, үйдің алды, үйдің арты, өзеннің бойы, дөңнің беті, сырдың бойы т.б.
Арасы, ортасы дегендер аралық мекенді білдіреді Мысалы, екі ауылдың арасы, көп кісінің ортасы т.б.
Іші шеңбердегі мекенді білдіреді. Мысалы, әйелдердің ішінде отыр.