Ғылыми еңбектен қажетті ақпараттарды іріктеп, қажетіне қарай қолданады.
1
2
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ, рай түрін анықтайды, оларды түрлендіреді.
1
2
Рай және шақ түрлерінің жасалу жолдарын анықтайды.
1
Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)
2
Проблемалық ситуация тудырады; жағдаятты шешеді.
1
2
Мәтіннен рай түрлеріне қатысты тілдік бірліктерді анықтайды, жасалу жолына талдау жасайды
1
Жинақтау, бағалау. (Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).
3
Тақырыпқа қатысты өз пайымдауын ұсынады.
1
3
Сұрақтарға дәлелді жауап беріп, ойын қорытындылайды.
1
3
Сұрақтарға дәлелді жауап береді.
1
Барлығы
10 балл
14
Үстеу және елiктеуіш сөздер Үстеудiң мағыналық түрлерi
Үстеудiң стнтаксистік қызметi.
Елiктеу сөздер, оның түрлері
Елiктеуіш сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескрипторы
Балл
Бағалау әдісі
Білу және түсіну (қабылдауы, есте сақтауы, мағынаны тануы, мәселені түсіндіруі)
1
Үстеу түрлеріне анықтама береді.
1
Өзін-өзі бағалау
2
Үстеулердің мағынасын түсіндіреді.
1
Қолдану (Мəселелерді шешеді, білімін көрсетуі)
2
Үстеулерді мағынасына қарай топтастырып, қолданылу мақсатын айқындайды.
1
3
Елiктеуіш сөздердің фонетика-морфологиялық сипатына қатысты ғылыми пікірлерді саралайды; дәлелді деректер келтіреді.
1
4
Еліктеуіш сөздерді мағынасына қарай топтастырады; түрлендіреді.
1
Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)
1
Жалғаулардың көнеленуінен жасалған үстеулерді синхронды-диахронды тұрғыдан талдайды.
1
1
Түсіндірме сөздіктен үстеудің мағынасын айқындайды.
1
Жинақтау, бағалау. (Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).
2
Талдауға қатысты ойларын жүйелейді.
1
2
Үстеуге қатысты зерттеу еңбектері жайлы пікірін тұжырымдайды.
1
3
Сұрақтарға дәлелді жауап беріп, ойын қорытындылайды
1
Барлығы
10 балл
15
Шылау, одағай сөздер, модаль сөздер 1. Шылау сөздер, оның түрлері
2. Одағай, оның мағыналық түрлерi
3. Модаль сөздер, олардың шылаудан айырмашылығы
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескрипторы
Балл
Бағалау әдісі
Білу және түсіну (қабылдауы, есте сақтауы, мағынаны тануы, мәселені түсіндіруі)
1
Тақырыпты жүйелі түсіндіреді, сөз мағынасын таниды.
1
Өзара бағалау әдісі
1
Одағай, шылау сөздерді ғылыми тұрғыдан сипаттайды.
1
Қолдану (Мəселелерді шешеді, білімін көрсетуі)
1
Емле ережесін қолдана алады.
1
1
Талдау нәтижесі негізінде проблеманы шешеді.
1
1
Теориялық білімді талдау барысында қолданады.
1
Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)
1
Шылау сөздерді мағынасына қарай топтастырады.
1
2
Одағай, модаль сөздерді топтастырып, мағыналық реңкін анықтайды.
1
Жинақтау, бағалау. (Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).
3
Талдау негізінде алынған нәтижелерді жинақтайды.
1
3
Сұрақтарға дәлелді жауап беріп, ойын қорытындылайды.
1
3
Ғылыми пікірлерге баға береді, кері байланыс жасайды.
1
Барлығы
10 балл
Ескерту:Егер студенттің іс-әрекеті өлшемнің біріне сәйкес келмесе, балл қойылмайды.
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ СОӨЖ дәрсіханада өткізілетін сабақтың ерекше түрі.Сабақтың мазмұны мен мақсаты пәннің оқу бағдарламасымен, курстың концепциясымен және жоғары оқу орнының кітапхана қорының және оқу орнының техникалық мүмкіндігімен анықталады.
СОӨЖ сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі. СОӨЖ-ң тиімділігі бірнеше факторға тәуелді болатыны мәлім: уәждер жүйесі, әр студенттің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі, оқытушының кәсіби біліктілігі және тағы басқалары. Дегенмен бірінші орынға ұтымды ұйымдастыру факторы қойылады. Басқаша айтқанда дәріс оқыту процесі барлық кезеңде студенттердің жаңа білімге қызығушылығын оятатын танымдық тапсырмаларға (міндеттерге), проблемаларға бай болуы керек.
Осы міндеттерді шешу мақсатында сабақта төмендегі инновациялық будандастырылған дәрістер топтамасын пайдалануға болады:
- проблемалық дәріс. Оның барысында оқытушы СТҚ-ін белсендіретін проблемалық ахуалдар қояды;
- визуалдық дәріс. СТҚ-ін графиктер, схемалар, суреттер, т.б. арқылы белсендіру;
- дәріс-конференция – дәрісханада оқытушы студенттер сұрақтарына жауап береді;
- ақыл-кеңес түріндегі дәріс оқытушы студенттерді консультация кезінде белсендіруге мүмкіндік туғызады;
- арандатушы дәріс алынған білімді таңдай алу біліктілігін қалыптастыруға, жаңа материалға бағдарлануға, алдын-ала жопарланған қателіктерді бағалауға мүмкіндік туғызады;
- ауызекі дәріс оның барысында сұрақтар қойылып тыңдаушының белсенділігін арттыра отырып жауап беруі тиіс;
- имитациялық дәріс (іскер ойындар) барысында оқытушы нақты шындықты имитациялайтын ахуал туғызады, миға шабуылдау тәсілімен студенттердің қойылған тапсырманы (міндетті) шешуіне қол жеткізеді.
Сабақ консультатативтік немесе интерактивтік түрде өтілуі мүмкін. Сабақтаң мұндай түріне рейтингі төмен, қосымша кеңес алғысы келетін, берілген тапсырманы орындауда қиындыққа кездесетін студенттер қатысады.
СОӨЖ тренинг, дискуссия, іскерлік немесе дидактикалық ойындар, презентация, кейс құрастыру, топ немесе жұптық жоба дайындау түрінде өткізілуі мүмкін.
СОӨЖ сабағында:
1. Студенттің өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.
2. Студентке жеке тапсырманы таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектесу көзделеді.
3. Әдебиеттермен жұмыс жасау жолы үйретіледі.
4. Тиімді әдіс-тәсілдерді тапсырма орындау барысында қолдану жолдарына кеңес беріледі.
Өздік жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:
Студенттің аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, студенттің оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда студенттің уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі студенттің өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді.
Әдістемелік тұрғыдан студенттің аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орынның материалдық-техникалық базасының, оның қызметкерлерінің лайықтылығы. Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.
Студенттердің өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулықтардың маңызы зор.
Студент пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ соған сәйкес студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану студенттің өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің өздік жұмысының тиімділігін және оны орындауға студенттің ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет.
Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.
Студенттің өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналитикалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын студенттің шығармашылық тұлғасы қалыптасады.
Олай болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдастырылған студенттердің өздік жұмысы мен студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын қамтамасыз етеді.
Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау кезінде, студенттердің өздік жұмыстарымен қатар мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін (СОӨЖ) да сағат бөлу керек, яғни СОӨЖ-ң көлемі әр пәнге бөлінген лекция, практика, студиялық және семинар сағаттарының толық көлемінен кем болмауы керек. Қалған өздік жұмыстарының сағаты күнделікті орындауды талап ететін комьютердің тапсырмасымен толықтырылуы тиіс. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өткізілетін жұмыстардың уақыты көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілуі тиіс және сабақтан соң арнайы аудиторияда өткені жөн.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.
Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады.
Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Жан-жақты дамытылған маманды даярлау мақсатында дәрісханадағы сабақтарда проблемалықты қолдану (оқытудың репродуктивтік әдісімен қатар) қажет. Оған жартылай ізденіс, эвристикалық және зерттеушілік сабақтары жатқызылады. Курсты оқып үйрету процесінде осы әдістерге басымдылық беріледі.
СОӨЖ құрылымы төмендегіше болады:
Тақырыптың анықталуы.
Тапсырмалар мен сұрақтардың нақтылануы.
Кеңесті өткізу немесе қабылдау формасы.
Таратылатын материалдармен жұмыс.
Қажетті әдебиеттер мен интернет сайттарын анықтау.
Сабақты бекіту.
Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. СОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. СОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.
Әрбір СОӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.
СОӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.
Кеңес беру қызметтері:
әрбір пән бойынша студенттердің өздік жұмысына көмек беру;
студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;
оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;
ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өздік жұмысына көмек беру.
СОӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).
Қазақ тілінің стилистикасы пәні бойынша СОӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.
Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.
Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.