Филология факультетінің деканы, ф.ғ. к.: Қадыров А. Қ. Мазмұны



бет17/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#75500
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Асан тарихта болған ба?
2.Асан Қайғы қай ханға, не үшін ренжіді?
3.Асан Қайғының жерұйық іздеу себебі не?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,
29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.
Дәріс 4 Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы


Дәрістің мақсаты:Қазтуған жыраудың өмірін,шығармашылығының зерттелуін
толық игерту.
Тірек сөздер:Жырау,эпик ақын,шайыр,алдаспан.
Дәрістің жоспары:1.Қазтуған жыраудың өмірінен мәлімет.Жыраудың
көшпенділер аристократиясынан шыққандығы. Туып өскен
жері туралы.
2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың
шындыққа жақындығы.
3.Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған»,
«Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалары
туралы.
4.Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы
болғандығы.
5.Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен,
толғауларының жетпегені туралы, аз болса да ұлы жырау
шығармаларының бір кішкене үзігінің бізге жеткені
жайында.
6.Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу
шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы.
7. Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын
мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі.

Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі әдебиетінің ірі өкілі Қазтуған жырау. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тектес тайпалардың, шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары, баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың өлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында (Орынбор, 1912) жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «Ұлы арман» (1990), Ленинградтан тұнғыш рет орыс тілінде жарық көрген «Поэты Казахстана» (1978), «Поэты пяти веков» (Алматы, 1994) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С. Сейфуллин, М. Мағауин, Ә. Дербісәлин, Қ. Сыдиықов, X. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар қалам тербеді.


Қазтуған XV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-көпті жазды деуіміз де осыған саяды. Бұған дейін XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз ғана мәліметке сүйеніп келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі – талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел бірлігінін қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді.
Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі биік көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді.
Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры.
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұл Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт…
деген, адамды елжіретер түйдек-түйдек сөз тізбектері, жыр жолдары арқылы туған жерінен еріксіз үдере көшкен ел көрінісі көз алдымызға келеді.
Қазтуғанның Еділ өзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай тайпаларының рубасы, көсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыры болғаны мардымсыз тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы қоштасу өлеңі оның XV ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткенінен сыр шертеді.
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер…
Шиыршық атып, шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр жыраудың туған жерге сағынышын, шексіз махаббатын білдіріп, ақындық қиял ұшқырлығы мен өршіл романтикалық шығармашылық шеберлігін дәлелдей түседі.
Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс – ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін:
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған, –
деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. Өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда-ақ білдіргендей.
Бұл – сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сөзі үлгісінде туған ноғайлы дәуіріндегі толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқы нұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, қарақалпақ қазақ т.б. халықтардың тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзиясының үлгісі деп қарау керек».
Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтары әдебиеттанушы ғалымдарының зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді, Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (Черкесск, 1969) жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді ғылыми зерттеуде ноғай әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады.
Қазтуған – ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық, салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас осы үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын-жырау ретінде бағаласақ ақылға сыяды.
«Бұдырайған екі шекелі…» деп басталатын толғау-өлең – жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды.
«Бұдырайған екі шекелі…» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Мұның өзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы бірнеше өнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек.
Осы толғаудағы «бұдырайған екі шекелі», «мұздай үлкен көбелі», «айдаса қойдың көсемі» және т. б. сөз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны көркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін байқатады. «Ұстаса қашағанның ұзын құрығы» деген бір жолдың өзі ғана көшпелі дала өмірін көз алдымызға әкеліп, буырқанған бұла күш иесіне теңеген көркемдік ерекшелікті аңғартады.
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, –
деген осы толғаудағы көркем сөз өрнегі кестеленген жыр жолдары – бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл көркем сөз үлгілері өзінің сол қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған жасаған өлең өрнектерінің өлместігін білдірсе керек.
Қазтуғанның «Алаң да алаң, алан жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның көркемдік қуаты жағынан шебер жасалған үлгілерінің бірі.
Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым.
Шығармаларының мазмұндылығы мен әлеуметтік салмағы жағынан алғанда, «Қазтуған толғаулары қазақ халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, жақсы мекен іздеу мәселелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия өмірінде сақталған шағын ескерткіш үлгісі тәрізді кейінгі дәуірге жетті. Бұлар өз дәуірі мен шығарушысы жайында кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, поэзия эволюциясындағы белгілі бір кезеңнің көркемдік дүниетанымы тарапында нышан таныта алса, өз міндетін артығымен орындағаны болып саналады».
Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты, жауынгер ақынның дала поэзиясына тән өр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сөздерге толы, көркем тіркестерге бай жырлары қазақ әдебиеті тарихында өшпестей із қалдырды.......




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет