3 JAŃA QAZAQ ÁLIPBIINIŃ GRAFIKASY MEN QURAMY ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ТАҢДАЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ Ұлт көшбасшысы – Елбасы 2017 жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа қазақ әліпбиіне кезең-кезеңімен
көшу бойынша нақты шешімдерін көрсетіп, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің
біртұтас стандартты үлгісін әзірлеуді тапсырды. Содан кейін тілтанушы ғалымдар мен IT
мамандары жаңа қазақ әліпбиінің бірқатар жобаларын әзірледі. Нәтижесінде Елбасына
жаңа әліпбидің үш нұсқасы ұсынылды.
2017 жылғы қыркүйек айында әзірленген алғашқы әліпбиде қазақ тілінің төл дыбыста-
ры диграф белгілерімен таңбаланды.
Диграфты таңбалар:
әе – ә, oe - ө, gh - ғ, ng - ң, ch - ч, sh - ш, zh - ж. Диграфты белгілерімен таңбаланған сөздерге мысалдар:
жәдігөй (7 белгі) –
zhaedigoej (10 белгі),
жәшік (5 белгі) –
zhaeshik (8 белгі),
жаңғақ (6 белгі) –
zhangghaq (9 белгі),
мүшәй- ра (8 белгі) –
mueshaejra (10 белгі).
2017 жылғы 27 қазанда әзірленген келесі әліпбиде қазақ төл дыбыстары апострофпен
таңбаланды.
Апострофты таңбалар:
а᾿,o᾿, i᾿, y᾿,u᾿, g᾿, n᾿, s᾿, c᾿. Апострофты таңбалар арқылы әзірлеген әліпби QWERTY-пернетақтаның 26 әрпіне бейім-
делген болатын. Тілтанушылар апострофтардың көзшалымға және қолдағдыға қолайсыз-
дығы жайында мақалалар жариялап, дәйекті пікірлерін білдірді. Қазақ тілі өзінің тұрпа-
ты жағынан агглютинативті тілдерге жатады, яғни түбір сөзге жұрнақтар мен жалғаулар
үндесіміне қарай жалғанады. Апостроф белгілері әріптер арасында босаралық қалдырып,
тұтас мәтінді екі есеге ұзартып, мәтінді теру мен оқу барысында белгілі бір қиындықтар
туғыздырды. Мысалы:
S’oq ag’as’; qon’yr ai’y’; s’an’sorg’ys’; ko’zboi’ay’s’ylyq; jaso’spirim; M.A’y’ezov atyndag’y A’debi’et ja’ne O’ner i’nsti’ty’ty. Жалпы қазақ тілінің төл дыбыстарын алмастырған диграфтар мен апострофтар жазу-
дың үнемділігіне қайшы келді және қазақ әліпбиінің ұлттық ерекшелігін көрсетпеді. Осы-
лайша бұл жоба қайта түзетуге жіберілді.
ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары ұлттық әлипби-
дің негізгі критерийлерін белгіледі:
- «бір дыбыс – бір таңба» ұстанымына орай әрбір таңбаның бір ғана оқылым үлгісі болуы қажет;
- диакритикалық таңбалар да мейлінше аз болуы қажет және олар қазақ тілінің фоноло-
гиялық жүйесін толық көрсетуі керек;
- әліпбиде диграфтар, триграфтар болмауы керек, себебі олар жазуды үнемдеу принципі-
не қарсы шығады;
- латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің ұлттық бейнесі болуы керек;
- латын графикасына негізделген әліпби жаңа сөздерді, мәтіндерді оңай оқуға, жазуға,
ұғуға ыңғайлы болуы тиіс.
2018 жылғы 20 ақпанда жаңа қазақ әліпбиінің нақты нұсқасы бекітілді. Бұл әліпбиде
диакри тикалық акут белгілері пайдаланылды: á (ә), ó (ө), ú (ү), ǵ (ғ), ń (ң), ý (у) және екі
диграф sh (ш), ch (ч).