Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет77/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

ЛЕКСИКАЛАНҒАН ТІРКЕС – 
фразеологиялық мағынасынан қол үзген, синтаксистік қатынас көмескіленген, жеке сөз 
орнына жүретін лексикалық бірлік.


56
Қазіргі тіл білімінде лексикаланған тіркестер құрамындағы компоненттерінің семасы 
іште кірігіп, бір атауға айналған номинатив атаулар ретінде бірде күрделі сөздер, бірде 
құранды сөздер, кейде лексикаланған тіркестер түрінде аталып жүр. Олар кейде бірігіп
кейде дара жазылып жүргендіктен, біріккен сөздерден ерекшеленеді. Яғни орфограммала-
ну деңгейінде әлі де даралығын сақтап, дұрыс жазу ережесін қалыптастыруда үлкен қай-
шылықтарға алып келіп отыр. Бұл мәселелер жайлы Р.Сыздықова, Н.Уәли, Қ.Күдеринова-
ның ой пікірлері мәселенің өзектілігін айқындай түседі.
Фразалық тіркестерді жазуда ереже анық: құрамындағы әрбір сөзі бөлек-бөлек жазыла-
ды. Соған қарамастан, 
атсалысты
деп қосып жазушылық жиі ұшырасады, ал осыдан та-
биғаты жағынан өзгешелігі жоқ 
құйрық тістесті, қамыт киді, қамшы жеді, үзеңгі қазысты 
деген тіркестер бөлек жазылады. 
Қазақ тіліндегі мағынасы дерексіз термин, атау сөздердің біріккен түрі, негізінен, мета-
форалар арқылы жасалған. Бұл қатар 
ақсақал, ақсүйек, бойкүйез, бақталас, төлтума, қол-
таңба, дүниеқоңыз, аққөңіл
сияқты атаулардан тұрады. Олардың алғашқы көрінісі фразео-
логизмдерден бастау алады. О баста идиомалық, фразалық тіркестер болған сөздер уақыт 
өте келе көркемдеуіштік, бағалауыштық белгілерінен айырылып, терминдік, атауыштық 
мәнге ие болып, күрделі сөзге айналып жатады. Демек айналада пайда болып жатқан зат-
тар мен құбылыстар тілдік таңбаны тек сөз тұлғасында емес, сипаттама-бағалауыштық қы-
зметтегі фразалық тіркестер тұлғасында да алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет