Филология және педагогика ғылымдары факультеті



бет11/12
Дата03.04.2018
өлшемі2,27 Mb.
#40077
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қасымханның қасқа  жолы
Қазақ хандығының кемелденген тұсы – “Қасқа жолды” Қасым ханның мемлекет басқарған кезеңі (1511-1523 жылдар аралығы). Ол - өзінің хандық билігі кезінде саяси дипломатияда, мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатта және әскери соғыс ісінде зор табысқа жеткен ең көрнекті мемлекет қайраткері. Тарихымызда, әсіресе, қазақ сотының билер ережесінде “Қасым ханның қасқа жолы” деп ерекше аталуы да осындай өресі биік дара тұлға екенін танытады. Қасым хан ішкі-сыртқы саяси жағдайды, халық бұқарасы мен билер сотының іс жүргізу байыбын қарап, ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, ереже-тәртіпке елеулі өзгерістер енгізді. Оны сол замандағы елге әйгілі билер кеңесіне салып, “Жарғы заңын” мақұлдатты. Қасым хан исламның “Шариғат заңын” қазақ сотының билер ережесіне енгізбеген, жаңашыл бағыт ұстанған. “Қасым ханның қасқа жолы” делінуі де сондықтан. Мұндағы басты-басты деген бес қағида-ереже мыналар:

  1.  Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).

  2.  Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал тонау, ұрлық қылмыстарына жаза).

  3.  Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).

  4.  Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).

  5.  Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

Құр тақырып атауынан басқа ереже баптары қалмаған бұл заңдардың әр сөзіне байыппен ой жүгіртсек, мемлекеттік маңызы зор, толыққанды жарғы үлгісі болғанын байқаймыз.

Осы бес түзілімнен тұрған жарғыны Қазақстан Республикасының сот құрылымындағы іс жүргізу инстанцияларының атқарып отырған міндеттерімен салыстыра қарасақ, бір-бірінен алшақ кетпейді. Мәселен, қылмыс заңын алайық. Мұндағы қамтылып отырған жаза түрлері қылмыстық алқа қарайтын істер мен жаза түрлеріне, осы алқа қарайтын сот істерінің жүйесіне дәл келіп тұр.

Мүлік заңы мен жұртшылық заңы өзінің тақырыбынан-ақ азаматтық істер мен шаруашылық істеріне тән дау-жанжал, азаматтық ар-ождан, ел бірлігі, халық дәулетін еселеу сияқты нағыз қоғамдық тәртіп, тәрбиеге сүйеніп заң жарлықтарын, іс қарайтын баптарын түзгені әбден аңғарылады.

Әскери заңның құрамына енген жарлық-жарғылар да қазіргі әскери істер жөніндегі сот алқасының атқарып жүрген міндеттерінен онша алыс кетпейді. Отан қорғау, оның жауынгер ұлы болып, елдің шетін, тұтастығын көздің қарашығындай сақтау – адал борыш, азаматтық парыз екенін танытады. Оны орындамау – ер азаматтың абырой-беделіне түскен үлкен кінә, опасыздық деп түсіндірілген.

“Қасым ханның қасқа жолы” заң жарғысындағы ерекше көзге түсіп тұрған ереже – елшілік жоралары. Бұл Қасым ханның өзге мемлекет қайраткерлерінен оқ бойы озық, терең ойлы ел билеуші екенін танытады. Оның халықаралық қатынастарда елшілердің ерекше рөл атқаратынын, алғыр ой, шешендік сөз, сыпйыгершілік пен әдептіліктің ел мен елдің арасында ерекше маңызға ие екенін сұңғылалықпен түсіне білгенін жоғары бағалау керек. Қазақтың “Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан” деген халық мәтелінде осындай өрелі істің ой орамы жатыр емес пе!? Мұндай елшілікке тән ереже-баптың халықаралық дәрежеде өркен жаюы – біздің халық үшін ерекше мәртебе деп есептеген жөн.

Ал “Есім ханның ескі жолы” деген ауыздан-ауызға көшіп бізге жеткен мәтел – қағидаға айналып кеткен азын-аулақ ереже қалдығы ғана. Мұндағы “Қасқа жолға” қосылған жаңа ереже түзілімі: “Хан болсын, ханға лайық заң болсын; Би болсын, би түсетін үй болсын; Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын”,- деген хандық құрылым жүйедегі саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істерін жөнге салып отыратын басты-басты төртке бөлінген төрт тірек екенін танытады. Мұны қазіргі сот алқаларының мәжілісіндегі іс қарау ауқымымен шендестірсек, еш айыбы жоқ.


     М.Нәрікбаев. “Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін”.28-30 бет

                              –Алматы: Атамұра, 1999. -192 бет.


1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Әрбір бөлікке тақырып қойыңыз.

3-тапсырма. Сөздік-минимум даярлаңыз.

4-тапсырма. «Есімханның ескі жолы» қандай мағына беретінін ашып айтыңыз.

5-тапсырма. Осы тақырып бойынша монолог әзірлеңіз.
Қазақ даласындағы әдет-ғұрыптар (дала құқығы, отбасы заңдары)
Отбасына қатысты құқықтар

Неке – қарама-қарсы екі жыныстың (ер мен әйел) шариат талаптарын сақтай отырып, бірге тұрмыс құру мақсатында өзара келісіммен жасасқан міндеттемесі. Некелесу – кәмелетке толғандардың іс-әрекеттері ішіндегі ең жақсысы. Әлбетте, ұрпақ өсіру, адамзат баласы өмір жалғасын тоқтатпауы әркімге парыз.

Неке түрлері – үшеу; тұрақты неке, уақытша неке және кәнизек неке. Біз имам Ағзам ағымында болғандықтан, көбіне осы ағым ережелерін оқушыларға беруге тырысамыз. Имам Ағзам уақытша некені қолдамайды.

Тұрақты неке

Алдын ала талап етілетін ережелер:

- қалыңдық таңдау (бұған тегі, пәктігі, ақыл-есі, діні, туыстығы, денсаулығы т.б. кіреді).

- келісім сұрау (келісімін беруші қыз не әйел – кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, өз құқы өзінде болуы тиіс).



Некеге кедергі келтіретін жәйттер:

- жақын туыстық;

- емшектестік;

- сүйек жақындық;

- әйел санының белгілі мөлшерден асуы;

- дінсіздік;

-талақ айту.

Жақын туыстық. Шариат жақын туыстығына орай 6 жағдайда некелесуге тыйым салады. Олар:

- анасы және онан тікелей өрбігендер;

- қызы және онан тікелей өрбігендер;

- ұлының қызы және онан тікелей өрбігендер;

- әпкесі және онан тікелей өрбігендер;

- әке және ана жағынан тікелей өрбігендер;

- аға-іні қыздары.

Сол секілді заңсыз (некесіз) тұрмыс құрып, туылғандармен некелесуге де тыйым салынады.



Емшектестік. Шариат бойынша бойынша 1 жасқа дейінгі нәресте басқаның емшегін 15 рет емсе емшектес деп саналады. Имам Ағзам қағидасы бойынша бір рет тойып емсе де жетеді. Емшектес болғандар арасында неке қиылмайды. Арабтарда жас нәрестелерді басқаға асырауға беру дәстүрі бар. Мұхаммед пайғамбарды да нәресте кезінде басқаға асырауға берген.

Сүйек жақындық. Шариат бойынша әйелінің анасына, бірден апалы-сіңлілі екеуіне үйленуге тыйым салынады. Тек бірінен ажырасқанда ғана екіншісіне үйленуге рұқсат етіледі.

Әйел санының белгілі мөлшерден асуы. Шариат бойынша ер адамға 4 әйелмен некелесуге рұқсат етеді. Некелеспей тұрып әйелге жақындау – арам. Шариат күндермен некелесуге тыйым салмайды. Олармен некелесуге шек те қоймайды. Имам Ағзам қағидалары кітап түсірілгендерге (яғни, Таурат, Забур, Інжілді тән алушыларға) үйленуге рұқсат береді. Тек әйелдерге өз діндегілерден өзгелерге тұрмысқа шығуға тыйым салады.

Талақ айту. Шараит бойынша 3 рет талақ айтылған әйелімен некелесу арам. Ашу үстінде, мас кезінде айтылған талақ заңсыз. Шариат жолымен ажырасу өте күрделі талаптардан өтіледі.

Некелесу кезіндегі ережелер

Некеге тұрушылар:

- кәмелетке толған;

- ақыл-есі бүтін;

- өзара келісілген;

- маһр беру (ақша не мал-мүлік);

2 куә (ер адам) қатысуы міндеттеледі.

Құл мен күң қожасының рұқсатынсыз некелесе алмайды.

Некені асығыс, шариат қағидаларын қысқартып, жол-жораларын бұзып қиюға болмайды. 1 еркек, ә әйел куәлік ете алады.

Жеккөрінішті жәйттер:

- әйелді жиі қоя беру (ажыраса беру);

- әйелді жөнсіз ұра беру;

- әйелдерге сұқтана қарау;



Некенің жойылуы

- 3 рет талақ айтса;

- ері не әйелі діннен безсе;

- ері 4 жыл 10 ай хабарсыз кетсе;

- қыз келісімін бермесе (ер адамның құқы жоқ);

- кемшіліктері анықталса (мысалы, жақын туыс, есі ауыс, ауру т.б.);

- неке заңсыз қиылса;

- ері өлсе.

Шариат заңдары етек кірі келгенде немесе екіқабат әйел босанып, тазаланғанша талақ айтуға тыйым салады.
Тақырыпты пысықтау, бекіту тапсырмалары

1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.

2. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндаңыздар (жазбаша).

3. Мәтін бойынша кез келген диалог-сұхбат құрыңыздар.

4. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін афоризмдерді (мақал-мәтел, цитата) жатқа айтыңыздар.

5. Жолдасыңыздың білімін тексеріңіз, өзіңіз бағалаңыз. Ол үшін мына тапсырманың бірін ұсынуға болады (тестік ыңғайдағы сұрақтар; сөйлемді әрі қарай жалғастырыңыз, проблемалық сұрақ қою, сөздік қорын тексеру т.б.).


Еңбек құқығы
Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылардың, қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. Ол “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Заң болып табылады.

Еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар:

1) еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту;

2) еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттар бостандығын бекіту;

3) еңбек қатынасындағы қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтық мәртебесін белгілеу;

4) әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;

5) қызметкерлердің (жұмысшылардың), оның ішінде, уақытша жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.

Еңбек құқықтық қатынастарының мынандай үш маңызды белгілері бар:

1) жеке еңбек шарты негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына қызметкердің жұмысқа тұруы;

2) еңбек құқықтық қатынасы бойынша қызметкер (жұмысшы) өзінің мамандығы, біліктілігіне қарай нақты бір жұмысты атқаруды өз міндетіне алады. Кәсіпорын немесе мекеме аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті  жағдай жасайды.

3) еңбек құқықтық қатынасының екі тарабы – қызметкер де, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібіне бағынады.

Ескерту: “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы желтоқсанның 23-і күні ол  заңға қол қойды.


Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркесіне көңіл бөліңіз.

2-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркесін белгілеңіз.

3-тапсырма. Жоғарыдағы етістіктерді ырықсыз етіс формасына келтіріп, өткен шақта беріңіз.

Үлгі: нығайт – нығайт-ыл, нығайт-ыл-ды, нығайт-ыл-ғын.



4-тапсырма. Мәтіннен –лық, -лік жұрнақты туынды сын есімді анықтаңыз, сөйлем құраңыз.

Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі заңда көрсетілген.

Үлгі: нарықтық қатынас, құқықтық мәртебе.

5-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.

1. Жұмыскер өз міндеті... орындау... , қауіпсіз... техника... ережелер... қатаң сақтау... міндет... .

2. Егер ҚР еңбек заңы... көрсетілген жағдайлар... байланысты шарт бұзыл... , онда жұмыскер өз міндетін атқара алмай... .

3. Жұмыскер... жылдық ақы... демалыс беріле... және ақы төлене... .



6-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз, сөйлем құраңыз.

1. жеке, шарты, осы, жасалды, еңбек, қыркүйектің, 2004, бірінде, жылы.

2. еңбек ақысы, әр, бесінде, айдың, қызметкердің, төленеді.

3. қызметкерге, жыл, еңбек, сайынғы, демалысы, демалыс, беріледі, сәйкес, кестесіне.



7-тапсырма. Сәйкес келетін тұлғаны қойыңыз..

1. Жұмысшы уақыт(-ша, -ше) бос тұр(-ған, -ар) орын(-да, -ға) қабылдан(-са, -сын), келісім шектеулі мерзім(-ге, -де) жасалады.

2. Жұмысшы ішкі еңбек тәртіб(-і, -сі) ережесі(-ге, -не) бағыну(-ен, -ға) міндетті.

3. Демалыс(-тың, -қа) берілу мерзімі(-ді, -н) әкімшілік анықтай(-ты, -ды).



8-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз, ойды әрі қарай жалғастырыңыз.

Екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартты, сондықтан келісім тоқтатылды. Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде жасалады және бұйрық шыққан соң жүзеге асады.



9-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.

1. Еңбек келісімі                                           А. белгіленді

2. жұмыстың сипаты                                    В. Анықталды

3. еңбек ақы мөлшері                                   С. Ұзартылды

4. екі жақтың міндеті                                   Д. жасалды

5. келісімнің мерзімі                                    Е. Толық атауы



10-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.

1. Жұмыскер (трудовую дисциплину) сақтауға міндетті.

2. Жұмыскер ( к правилам внутренного распорядка) бағынуға міндетті.

3. Жұмыс беруші осы еңбек шартында (установленную заработную плату) төлеуге міндетті.

4) Жұмыскер (имущественную ответственность) иеленеді.

11-тапсырма. Мына сөйлемдерді аударыңыз.

1. Работник обязуется: добросовестно выполнять трудовые обязанности, соблюдать дисциплину труда и добросовестно исполнять распоряжения руководителя.

2. Обеспечить Работнику условия труда в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Повышать свою профессиональную квалификацию.



12-тапсырма. Сөз тіркесін кеңейтіңіз: 1) мамандығына сәйкес жұмыс; 2) сыйақы берілді; 3) материалдық залал.

Үлгі: Сапалы орындау. Өз жұмысын сапалы орындауға міндетті. Жұмыскер өз жұмысын сапалы орындауға міндетті. Жұмыскер осы шартта көрсетілген өз жұмысын сапалы орындауға міндетті.




Тілдік дамыту жұмыстары

1-тапсырма. Мына келісім-шартпен танысыңыз. Әр бөлігі туралы кеңірек әңгімелеңіз.
К Е Л І С І М – Ш А Р Т

Астана қаласы                                                    “__” _________2004 ж.

                       І. Келісім-шарттың заты

1. Қызметкер _______________________________________________

_______қызметіне тағайындалады.

ІІ. Келісім-шарттың қолдану мерзімі



  1.  Келісім-шарттың күші “__”____________ “__”___________дейін.

____________ 2004 ж.

  1.  Келісім-шарттың мерзімі біткеннен кейін келісуші тараптар оны тағы да сол мерзімге ұзартуына болады.

                                 ІІІ. Қызметкердің міндеттері

  1.  Жұмыс осы шарт бойынша _________________ болып табылады.

2. Жұмыскер өзінің лауазымына сәйкес еңбек шарттарын адал атқаруға, ___________________ қабылданған жұмыс тәртібіне бағынуға міндеттеледі.

3. Жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауға, өндірістік, коммерциялық, тағы басқа құпияларды жария етпеуге міндеттенеді.

IV. Жұмыс берушінің міндеттері

1. Жұмыс беруші жұмыскерге оның мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмыс беруге міндеттенеді.

2. Қажетті еңбек жағдайы және жалақымен қамтамасыз етуге, еңбек пен демалыс уақытының заңға сәйкес нормасын сақтауға міндеттенеді.

                                 V. Еңбекақы төлеу

1. Жұмыскерге келісімді еңбекақы _________________ белгіленеді.

2. Жұмыскерге көтермелеу және сыйақының барлық түрлері мен мөлшерін қолдану тәртібі сыйлық беру Ережесімен белгіленеді.

VI. Материалдық жауапкершілік.

1.Жұмыскер жұмыс берушіге келтірген материалдық залалы үшін толық материалдық жауапкершілікке ие.

                                  VII. Қорытынды ережелер

1. Келісуші жақтардың келісімімен келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға болады.

2. Егер осы келісім-шарттың ІІІ.2., ІІІ.3 тармақтарына сәйкес міндеттер бұзылса, жұмыс беруші шартты біржақты бұзуына болады.

3. Келісім-шарт 2 дана жасалады, бірі жұмыс берушіде, екіншісі жұмыскерге беріледі.

Жұмыс беруші _____________________________________________

Жұмыскер__________________туған жылы_____________________

           Мекен-жайы_________________________________________

           Куәлік № _________________20______жылы берілген

                                               (кім берген)
2-тапсырма. Ата заңға жүгінейік. Оқыңыз, біліңіз.

ҚР Конституциясы 24-бап.

1-тармақ: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар...”.

2-тармақ: Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.



3-тапсырма. 1) Жаттап алыңыз, жадыңызға тұтыңыз!

“Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық...  ..Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады”. (Абай, 38-қарасөз).

2) Негізгі ойды сақтай отырып, аударыңыз.

“Существуют три вещи, способные унизить весь челоневежество, леность, злодеяние...

...Леность – злейший враг искусства: бесталантность, безволие, бессытдство, бедность – порождение лени”. (Абай. 38-слово).

4-тапсырма. Асты сызылған сөз тіркестеріне мәндес синонимдер қатарын құраңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

Жақсы болар жігіттің

Жұмыссыз жүрген күні жоқ,

Жаман болар жігіттің

Еш жұмысқа қыры жоқ.

5-тапсырма. Мына ойды кәсіпкердің іскерлігіне қатыстыра кеңейтіңіз.

“Ерте тұрған жігіттің, ырысы артық

 Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық”.

ырыс – прибыль, іс – дело (Кто рано встает, тому бог дает).



6-тапсырма. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырыңыз.

7-тапсырма. Жұмбақты шешіңіз. Бұл әрекеттен сақ болайық!

Жұмыспен жоқ шатағы,

Батпаққа аунап жатады.

Ол кім?


                (маскүнем)

Айтар сөзі – Мен,

 Кеңірдегі кең.

Мұндай жаннан, асылы,

Аулақ жүрген жөн.

Ол кім?                            (парақор)


Қазақстан Республикасының заңдары.

Қазақстан Республикасының Конституциясынан

7-бап

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.



Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңнан

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі

Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.



10-бап. Құжаттама жүргізу тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.



11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.



13-бап. Сот ісін жүргізу тілі

Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.



14-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу тілі

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.



Қазақстан Республикасының (30.01.01 №155-11)

әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен

21-бап. Іс жүргізу тілі

1. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

2. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) өз қаулысымен қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілін белгілейді. Белгілі бір іс бойынша іс жүргізу соттың, құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгіленген тілдердің бірінде жүзеге асырылады.

3. Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініштер жасау, шағым беру, істің материалдарымен танысу, оны қарау кезінде сөз сөйлеу, аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған заңға байланысты қажетті іс материалдарын іс жүргізілетін тілге тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.

5. Құқық бұзушы мен жәбірленушіге тапсырылуға тиісті іс жүргізу құжаттары олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып берілуге тиіс.

6. Аударма жөніндегі шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметі мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.

81-бап. Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарамауы.

Айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сабақтың негізгі нысанына көңіл бөліңіз.

Құқықтану – құқықты ерекше нормалардың жүйесі ретінде зерттейтін ғылым. Мемлекет құрылысы мен қоғам өмірі өте күрделі және қилы болғандықтан, құқық нормалары оларды ерекшеліктеріне байланысты реттейді. Сондықтан құқықтану бірнеше салаларға бөлінеді. Конституциялық құқықтану ілімі – Конституцияны, оның нормаларының ерекшеліктерін, мемлекеттік құрылысты, мемлекетті басқару нышанын, т.с.с. конституциялық құрылысқа байланысты мәселелерді зерттеп, қарастырады. Азаматтық құқық ілімі – мүліктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды, олардың ерекшеліктерін анықтайды. Қылмыстық құқық ілімі – қылмысқа, қылмыстық жазаға байланысты заңдарды, мәселелерді зерттейді. Қазақстанда құқықтанудың басқа да салалары қалыптасуда. Оларға жататындар: отбасы құқығы, еңбек құқығы, әкімшілік құқық, т.б.

І-тапсырма.  Заң баптары бойынша пікір білдіріңіз.


Экология құқығы

Экология құқығы қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Ол қоғамдық қатынастар – қазіргі және болашақ ұрпақ үшін табиғи ортаны тиімді пайдалануға және қорғауға байланысты қатынастар.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану конституциялық қағидаларға енгізілген. Біздің мемлекетімізде “Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”, “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң және “Экологиялық сараптама” заңдары мен басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.

ҚР-ның Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейді. ҚР Конституциясы 38-бабына сәйкес азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі. (солардың кейбіріне тоқталсақ).

1) ... халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

2) экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

3) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау – оларды бұзғаны үшін жауапкершілікте болу;

4) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу...

5) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет