Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркесін есте сақтаңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен таныс сөздерді белгілеңіз.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды білдіріңіз.
4-тапсырма. Мына анықтаманы басқа сөйлеммен беріңіз. Мағынасын есте сақтаңыз.
Экология ( гр. oikos – мекен, logos – ілім, сөз) организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.
5-тапсырма. Төмендегі хабарлама туралы пікір білдіріңіз. Экология мәселесіне неліктен халықаралық деңгейде көңіл бөледі?
70-жылдардан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық кеңестер мен мәжілістерде талқыланып келеді. Ол халықаралық ұйымдар – “Римдік клуб” пен ЮНЕСКО – түрлі семинарлар өткізіп жүр. [ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Gultural Organization), Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы] (Қ.М.Жүкешев, Ғ.С.Сапарғалиев. Адам. Қоғам. Құқық. А., Мектеп, 2001. -288 б. (61-62 бет).
6-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз.
38-бабына, Республикасы, сақтауға, азаматтар, және, табиғат, ұқыпты. Қарауға, міндетті, байлықтарына, табиғатты, азаматтар, сәйкес, Конституциясы, Қазақстан.
7-тапсырма. Сұхбатты әрі қарай дамытыңыз.
А. – Біз ішіп жүрген шырындар өте дәмді, денсаулыққа пайдалы, құрамында витаминдері (дәрумен) көп.
Б. – Жоқ, қателесесің, олар – жасанды, табиғи емес, құрамында концентраттар, бояғыштар бар.
А. –
Б. –
А. –
Б. –
8-тапсырма. Сәйкес келетін тұлғаны қойыңыз.
1. Қазақстан Республикасы (-нде, -ның) Конституциясы (-сы, -м) және басқа да экологиялық заң (-да, -дар) азаматтар (-да, -ға) қоршаған орта (-мен, -ны) қорғау (-ды, -ға) міндеттей (-ді, -мін).
2. Қоршаған орта (-ны, -ға) нұқсан келтіру (-мен, -ге) жол берме (-се, -у) керек.
3. Экология (-лық, -сы) жағдай (-ы, -сы) қолай (-лы, -сыз) аймақтарда (-дан, -ғы) бұзылған табиғи жүйелер (-ден, -ді) қалпы (-ға, -на) келтір (-у, -се) керек.
9-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау (...) заңдарға мемлекеттік (...) мен мемлекеттік (...) қажет, оларды (...) үшін әркім (...) болу керек. (реттеу, туралы, бұзғаны, бақылау, жауапкершілікте).
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. 1) “Адамдар табиғатқа жауапсыз қарайды” дегенді қалай түсінесіз. “Иә”, “жоқ” деген бағытта екі топқа бөлініп пікір таластырыңыз.
Үлгі: Иә, табиғат байлығын сақтамайды, бүлдіреді...
Жоқ, олай емес кездейсоқ жағдай кесірінен болады...
2) Мына көзқарасқа дәлелдеріңіз бар ма? Ой бөлісіңіз. “Кейде адамдар өз мүддесі үшін табиғатқа зиян әкеледі (шектіреді)”.
Мысалы:
1) Жаңа жылдық шырша даярлау...
2) Орманда алау (от) жағу т.б.
3) ? -
4) ? –
2-тапсырма. Мақалды жаттап алыңыз.
1. “Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім”.
2. “Жер – адамның бесігі, Ел бақыттың есігі”.
3-тапсырма. Төмендегі пікірді табиғат экологиясымен байланыстыра қолданыңыз. Ой қорытыңыз.
“Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан қаттырақ” (Сенека, рим философы).
Азаматтық құқық
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Сол салалардың бірі – азаматтық құқық. Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары, өзге де мүліктік қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке қатынастар реттеледі.
Мүліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың негізгісі. Ол азаматтық құқықпен реттеледі. Олар – кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туатын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді:
1) мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар;
2) мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Біріншісіне мыналар жатады: Мысалы, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысатын өнер адамдары, өнертапқыштар өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғау үшін қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Екіншісіне мыналар жатады:азаматтың есімі, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Жоғарыда көрсетілгенді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады: Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.
(“Мемлекет және құқық негіздері”, 353-355 бет).
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Ойды ой қозғайды. Танымдық сұрақтар.
1. Сіз – сазгерсіз. Сіздің әніңізді басқа біреу иеленіп жүр екен. Өз құқығыңызды қалай қорғайсыз?
2. Жеке көлігіңізді айдап әкетті. Қалай әрекет етесіз?
2-тапсырма. Мына бапты оқып, талқылаңыз.
ҚР Конституциясы 18-бап, 1-тармақ: “Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар”.
3-тапсырма. “Азаматтық құқық” мәтінін барынша кеңейтіп, мазмұндаңыз. Тіл дамыту мақсатына қатысты тапсырмаларды пайдаланыңыз.
1-тапсырма. Аталған жарлықтардың біріне кеңірек тоқталыңыз. Онда не жайында айтылады деп ойлайсыз?
Үлгі: “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы” Жарлық, меніңше, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған Кәсіпкерлік-экономика дамуына өз үлесін қосады – деп ойлаймын. Олардың қызметі заңмен қорғалу керек.
2-тапсырма. “Студенттер мәртебесі туралы” “заң күші бар” қаулы шығарыңыз.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
Аралық бақылау тапсырмалары
№ 1 аралық бақылау тапсырмалары
Бақылау түрі: коллоквиум
1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.
2. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндаңыздар (жазбаша).
3. Мәтін бойынша кез келген диалог-сұхбат құрыңыздар.
4. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін афоризмдерді (мақал-мәтел, цитата) жатқа айтыңыздар.
5. Жолдасыңыздың білімін тексеріңіз, өзіңіз бағалаңыз. Ол үшін мына тапсырманың бірін ұсынуға болады (тестік ыңғайдағы сұрақтар; сөйлемді әрі қарай жалғастырыңыз, проблемалық сұрақ қою, сөздік қорын тексеру т.б.).
6. Алдын ала тергеу қай жерде жүргізіледі?
7. Тергеу барынша толық болу үшін тағы қай жерде жүргізілуі мүмкін?
8. Тергеу қашан жүргізіледі?
9. Бірыңғай ортақ қаулы қай кезде шығады?
10. Алдын ала тергеу қашан аяқталуы мүмкін?
11. Алдын ала тергеу не себпті ұзартылуы мүмкін, қанша мерзімге, оны кімдер ұзартады?
12. Алдан ала тергеуді айрықша жағдайда кім ұзартады?
№ 2 аралық бақылау тапсырмалары
Бақылау түрі: коллоквиум
1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.
2. Өздеріңізге ұнаған бір бөлімдегі мәселені топ болып талқылаңыздар.
3. Қылмыс неге байланысты өзгеріп отырады?
4. Конституциялық қағидаларға не жатады?
5. Еңбек туралы Заң нені реттейді?
6. Кімдердің құқықтық мәртебесі белгіленеді?
7. Конституциялық қағидаларға не жатады?
8. Азаматтық заңдармен қандай қатынастар реттеледі?
9. Мәтін бойынша кез келген сұхбат құрыңыздар.
10. Куәгерлермен болған сұхбат үлгісін беріңіздер.
11. Құқықтық кепілдіктер не үшін керек?
12. Мүліктік қатынастарға не жатады?
Емтихан сұрақтары
1. «Сезіктіден жауап алу». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
2. «Айыпталушыдан жауап алу». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
3. «Куә мен жәбірленушіден жауап алу». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
4. «Жауап алудың орны мен уақыты». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
5. «Экология құқығы». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
6. «Жауап алуға шақыру тәртібі». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
7. «Қылмыстық жаза, оның түрлері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
8. «Экология құқығы» мәтінін мазмұндаңыз. Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
9. «Қылмыстық жаза, оның түрлері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
10. «Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
11. «Қылмыс жасауға қоғамдық ортаның әсері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
12. «Азаматтық құқық». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
13. «Қылмыстық саралаудың ғылыми негіздері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
14. «Азаматтық заңдар». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
15. «Еңбек құқығы. Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
16. «Азаматтық заңдар». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
17. «Қоршаған ортаны қорғау қағидалары». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
18. «Азаматтық құқық». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
19. «Еңбек құқығы». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
20. «Қылмыстық жаза». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
21. «Қылмысты саралаудың негіздері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
22. «Қылмыстың тұрпаттары». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
23. «Конституциялық құқық негіздері». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
24. «Қылмыстың сипаты». Белсенді лексиканы еске түсіріңіз.
25. Жағдаяттық тапсырма: «Қылмыс жасауға қоғамдық ортаның әсері».
26. Жағдаяттық тапсырма: «Көрген оқиғаны тісіңнен шығарма».
27. Жағдаяттық тапсырма: «Экологиялық таза тағам».
28. Жағдаяттық тапсырма: «Астана – менің сүйікті қалам».
29. Жағдаяттық тапсырма: «Адамдар табиғатты аялап, күтеді».
30. Жағдаяттық тапсырма: «Қылмыскерге іздеу салыңыз».
31. Жағдаяттық тапсырма: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан қаттырақ».
32. Жағдаяттық тапсырма: «Белгісіз біреулер дүкенді тонады».
33. Жағдаяттық тапсырма: «Жеке көлігіңізді айдап әкетті қалай әрекет етесіз».
34. Жағдаяттық тапсырма: «Арал тағдыры – әлем тағдыры».
35. Жағдаяттық тапсырма: «Ана тілі – айбыным менің».
36. Жағдаяттық тапсырма: «Неке – ер мен әйелдің арасындағы тең құқықты».
37. Жағдаяттық тапсырма: «Қылмыскер кейде жазадан құтылса да, үрейден құтылмайды».
38. Жағдаяттық тапсырма: «Қазақ елінің Ата заңы».
39. Жағдаяттық тапсырма: «Ұры ұрлығын қойса да ұры аты қалмайды».
40. Жағдаяттық тапсырма: «Жұмысқа қабылдау».
41. Жағдаяттық тапсырма: «Қазақстан менің Отаным»
42. Жағдаяттық тапсырма: «Үйлену өз құқығының жартысын шектеу».
43. Жағдаяттық тапсырма: «Ана тілің – арың бұл».
44. Жағдаяттық тапсырма: «Семей-Невада» қозғалысын құру.
45. Жағдаяттық тапсырма: «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрейді».
46. Жағдаяттық тапсырма: «Өзіңіз туралы ауланың тазалығы».
47. Жағдаяттық тапсырма: «Адамдар табиғатқа жауапсыз қарайды».
48. Жағдаяттық тапсырма: «Көліктегі қылмыс».
49. Жағдаяттық тапсырма: «Экологиялық таза тағам».
50. Жағдаяттық тапсырма: «Қоғамда қылмыстың жойылуы мүмкін бе?».
«5В010100 – Құқықтану» мамандығының Типтік оқу бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |