Филология және педагогика ғылымдары факультеті



бет9/12
Дата03.04.2018
өлшемі2,27 Mb.
#40077
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҚОЛХАТ

Алматы қаласы, 2007 жылғы он төртінші қазан

(қолхат берілген орын мен мерзімі /дата / қолмен жазылады)

Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Алматы қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің № 88855214, Алматы қаласы Құрманғазы көшесі, 56-үй, 21-пәтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің № 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;

— мекен - жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Осы қолхат үш дана етіп жасалған, бір данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Қанатұлында сақталады.

2006 жылғы 14 қазан _____________ тараптардың қолы
3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхат беруші кім ? _______________________

2. Қолхат алушы кім ? _______________________

3. Қолхат беруші қанша теңге алған ? __________

4. Қолхат беруші не істеуге міндеттенеді ? ______

5. Қолхат неше дана етіп жасалған ? ___________


4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде қайтару, қолхат беру, келісімшарт талаптары.
5-жаттығу. Қолхат үлгісімен танысыңыз.

Қолхат

Мен, Жазықова Дариға, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2007-2008 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.


Қазақстан Республикасының ІІМ 2006 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032

Жазықова Дариға 11.01.2007ж.


6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз.

  1. Қолхат беруші кім?

  2. Ол қайда жұмыс істейді?

  3. Ол кітапханадан қандайоқулықтар алған?

  4. Оқулықтарды қашанқайтаруға міндеттенеді?


7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

  1. Жасалған 2006 жылы келісімшартқа сәйкес төлеп тұруға пайыз міндеттенемін.

  2. Міндеттенемін 2006 жылы жасалған сәйкес келісім- шартқа пайыз төлеп тұруға.

  3. 2006 жылы жасалған келісімшартқа сәйкес, пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.

  4. Келісімшартқа сәйкес, 2006 жылы жасалған пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.


8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз

1. Қарызға ақша алу

  1. Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

  2. Мекеме бухгалтериясынан (есеп бөлімінен) несие алу


Іс қағаздарының стилі.
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағазадарын жазу – жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар:

1.Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтральный) қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.

2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесі төмен я жоғарылығына қарамастан “Тез арада орындаңыз”, “Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз” “Қысқа мерзімде жауап беріңіз” деген сөздерді қолданбаған абзал. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін “Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын” деп белгілі бір күнді көрсетсеңіз немесе “Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын” деген сөздерді қолдану арқылы білдіріңіз.

3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы кез келген оқиға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқынқандылық танытыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз. Кез–келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.

4. Егер қызметтік хатта ол мекеменің, я қызметкердің өтінішін я болмаса тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екенін айтқыңыз келсе хатты бірден “Ол мәселенің орындалуы я қабылдануы мүмкін емес” деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің, я болмаса істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге болады.

5. Егер өтініштің, я тапсырылған істің немесе қойылған мәселенің дұрыс шешілгені туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін сіздің өз басыңыздың, я мекемеңіздің қосқан үлесін я еткен еңбегін атап кеткеннің артықтығы жоқ.

6. Сізге, я сіздің мекемеңізге келіп түскен қызметтік құжаттармен танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтергенде, я қоластыңызда істейтін қызметкерлерге тапсырма берерде, құжаттағы мәселе бойынша жауап жазарда, бұл мәселе менің я болмаса біздің мекеменің міндетіне кіре ме деген мәселені де ойлау керек.

7. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.

8. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізіе қоймайды.

9. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.

10. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен жеткізуге тырысыңыз.

11. Іс қағазадарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан терминдерді қолданыңыз.

12. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталған сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.

13. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.

14. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық сөздерді алып тастау керек.

15. Сөйлемнің баяндауышы я ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) я бұйрық райда тұру керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.)

Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:



  1. Ескерту мәтін беру үшін қолданылатын құрылымдар:

- Ақпанның 20 – сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.

- Мына мәселе барысында хабардар еткіміз келеді.

- ... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.

- ... туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді.

- ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.


  1. Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:

- ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.

- ... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты...



  • ... туралы шешімнің қабылдануына байланысты...

  • ... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты...

  • ... алдын – ала қол жеткізген келісімге сәйкес.

  • Сіздің талабыңызға орай...

  • ... қарамастан әлі де орын алып отыр.

  • ... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...

  1. Өтініш білдіру үшін қолданылған синтаксистік құрылымдар:

  • Менің мекен – жайыма жолдауыңызды сұраймын.

  • Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.

  • Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...

  • Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар

  • мүмкіндікті қарасатыруыңызды сұраймыз.

  • ... анықтауыңызды сұраймыз.

  • ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.

  1. Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіруүшін қолданылатын құрылымдар:

  • ... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.

  • ... Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі...

  • ... Мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.

  1. Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар:

  • Іске қосылсын.

  • Жарамсыз деп табылсын.

  • Жауапты адам тағайындалсын.

  • Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты–жөні) – оқытушыға жүктелсін.

  • Мәселені қарау (аты –жөні) – оқытушыға тапсырылсын.

  • Шара қолданылсын.

  • Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.

  • ... жолға қойылсын.

  • Бақылауға алынсын.

  • Өзгерістер енгізілсін.

  • Жол берілмесін.

  1. Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын құрылымдар:

  • Қатысты мәлімет қолма – қол жіберіледі.

  • Құжаттар сіздің мекен – жайыңызға жіберіледі.

  • Шара қолданылуда.

  • Мәліметтер құпия сақталады.

  • Орын алған кемшіліктер жойылды.

  • ... қосымша қаржы бөлінді.

  • ... байланысты іс – шаралар өткізу жоспарланып отыр.

- қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

  • қысқа мерзімде ұйымдастырылады.

  • Күнделікті қатаң бақылау қойылады.

  1. Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:

  • ... туралы сізді хабардар етеміз.

  • ... ұйым хабарлайды.

  • ... сізге хабарлаймын.

  • ... туралы сізге мәлімет жеткіземін.

  • ... туралы баяндаймын.

  • ... туралы мәлімдеймін.

  1. Қалыптасқан құрылымдар:

  • көмек көрсету.

  • тексеріс жүргізу.

  • тез арада хабарлаңыз.

  • қажетті жағдай жасаңыз.

  • ұсыныс қабылданды.

  • жөнелтуге дайындаңыз.

  • шешім қабылдаңыз

  • ақпарат беріңіз.

  • қоғамдық пікір.

  1. Тәуліктің қай уақыты екендігі құжаттың кез – келген түрінде 24 сағаттық уақыт өлшемімен көрсетілуі керек. Қажет болған жағдайда жергілікті уақыт екендігі атап көрсетіледі. Мысалы, жергілікті уақыт бойынша 20 сағат10 минутта.

  2. Мекемеге немесе жеке қызметкерге келіп түскен хатқа жауап қайтарған кезде бірінші жолдың ортасына «Сізден 12. 07. 2006 ж. № 1970 нөмірмен келіп түскен хатқа орай» деп атап көрсетілуі керек.

  3. Ресми қабылданған қаулы я шығарылған жарлық т. б. ресми құжаттардың негізінде, оның орындалу орындалмауы жөнінде немесе сол құжат бойынша іске асырылып жатқан шаралар жөнінде дайындалған іс қағаздарында немесе ұйым, мекеме басшысы нұсқауларының орындалу барысына орай жазылған іс қағаздарында алғашқы құжат туралы айтылуы керек. Мысылы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 12. 07. 2006 ж. ... туралы шығарылған Жарлығына сәйкес» немесе «Білім және ғылым министрінің 15. 10. 2006 ж. ... жөніндегі нұсқауына сәйкес» т. с. с.


Іс құжаттары – қарым – қатынас жасаудың тәсілі.

Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми – іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет (кітап стильдері) және ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясында құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз адамдарымен және олардың бірлестіктерімен, сондай – ақ мекемелер мен оқу орындары ішіндегі азаматтар мен оқытушылар арасындағы ресми қатынастар және шаруашылық субъектілерінің арасындағы ресми қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс – құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стильдері.
Ресми іс жүргізу стилі


Дипломатиялық стиль

Заң шығарушы стиль

Күнделікті іс жүргізу стилі

Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым – қатынасындағы міндеттемелерімізбен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару, заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай – ақ моральдық – этикалық ұйғарымдар мен тыймдар негізінде жүргізілгендіктен, басқарушы үшін құқықытық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.

Іскерліқ қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. Сондықтан қандайда бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік қарым – қатынастарды кәсіби түрде игеру қажеттігін талап етеді.

ӨМІРБАЯН
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Өмірбаян қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?

  3. Өмірбаянды қайда жазады?

  4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?


Конституциялық құқық негіздері
Конституция – мемлекеттің Ата заңы. Конституция (лат. Constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ол – мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияны жасауға түрлі мамандық иелері және қарапайым халық қатысады. Ол – бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын заң, Конституцияға өзгеріс енгізу өте қатаң және жиі қайталана бермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, екі рет Конституция қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы қабылданды. Ол өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды...

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы – халық. Халық Конституцияны қабылдады және әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады. Конституция – бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады, яғни барлық Заң салаларының заңдық базасы болып табылады.

Конституцияның құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

І бөлім. “Жалпы ережелер” деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси қатынастар, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.

ІІ бөлім. “Адам және азамат” деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.

ІІІ бөлімде Президенттің, IV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған.  VI бөлімде Конституциялық кеңестің қызмет бағыты, VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны, VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған. ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.


1-тапсырма. Негізгі тірек сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз. Мәтінді оқыңыз.

 2-тапсырма. Мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен білдіріңіз.   

 3-тапсырма.  Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.

“Тегі ---, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы ---, жынысы ---, нәсілі ---, ұлты ---, тілі ---, дінге көзқарасы ---, нанымы ---, тұрғылықты жері ---, байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемітуге болмайды”.  (14-бап, 2-тармақ).



4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сөздердің синоним қатарын анықтаңыз:

1. мекен-жайы, тұрағы

2. басқа, бөтен, бөгде –

3. төмендету, қорлау –

4. негізгі –

5. барлығы –

6. айқындау –

5-тапсырма. У-ына, у-ға сөздердің мағынасына көңіл бөліңіз, аударыңыз.

“Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмау-ы-на, өзінің және отбасының құпиясы болу-ы-на құқығы бар”. (18-бап, 1-тармақ).



6-тапсырма. Конституцияның өзге баптарынан у-ына, у-ға тұлғасымен келген басқа да сөз орамдарын анықтаңыз.

7-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз,  тиісті тұлғасына қойыңыз.

1. Әркім (Республики Казахстан) Конституциясын және заңдарын (соблюдать), басқа адамдардың (право, свободу) абыройы мен (честь и достоинства) құрметтеуге (обязан).

2. Әркім Республиканың (государственную символику) (почитать) міндетті. (34-бап, 1,2 – тармақ).

8-тапсырма.Сәйкес қатарын анықтаңыз.

1. қабылданды                                                   А. каждый

2. мемлекеттік құрылыс                                   Ә. Права граждан

3. өтпелі кезең                                                   Б. Переходной период

4. заң салалары                                                  В. Определяет

5. азаматтардың құқығы                                   Г. Вмешательство

6. қол сұғу                                                          Д. должностное положение

7. әркім                                                               Е. Отрасли закона

8. кемсіту                                                            Ж. принято

9. лауазымдық жағдайы                                    З. Государственный строй

10. айқындайды                                                  И. Оскорбление

9-тапсырма.Анықтаңыз, толық жауап беріңіз.

Үлгі: Иә, шын .........

         Жоқ, жалған.......


А.Мемлекеттік нышандардың сипаттамасы Конституциялық заңмен белгіленеді.

Ә.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

Б. Мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік берілмейді.

В.Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы жоқ.

Г.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Д. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады.

Е. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – үш жыл.

Ж. Парламент депутаты Қазақстан халқына ант бермейді.

З. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Шын

Жалған


Тіл дамыту жұмысы

1-тапсырма. “Қазақстан Республикасының Ата заңы – маңызды құжат” деген тақырыпқа сұхбат құрыңыз.

  2-тапсырма. Ситуативтік тапсырмаларды заң баптарын пайдалана отырып орындаңыз.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы бұзылған жағдайда қалай әрекет етесіз? (хат-хабар құпиялылығы сақталмаса).

2. Сіздің туысыңыздың үйін соттың шешімінсіз алып қойса, не істейсіз? (25-бап)



3-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Мен зейнеткермін, әрі ІІ топтағы мүгедекпін, медициналық жәрдемді қайдан, қалай аламын?

- ?

- Солай ма, біздерге кез-келген дәрігерлік мекеме тегін көмек көрсете ме?



- ?

- Кепілді медициналық көмек республика азаматтарының бәріне көрсетіле ме?

- Иә, ..........

- Өз құқығымызды бәріміз біле бермейміз-ау!


Талдауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Қылмыс дегеніміз не?

2. Қылмыс неге байланысты өзгеріп отырады?

3. Қылмыстың басты белгілері қандай?



Қылмысты саралаудың негіздері

Қылмыс дегеніміз – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз – қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы. Әрекетсіздік дегеніміз – азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, сонымен қатар заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы. Мысалы: полиция қызметкері жасалған қылмысты көре тұрып, оны тоқтату үшін шара қолданбаса...Тағы бір мысал: Дәрігер еш себебі болмаса да, ауыр науқасқа көмек беруден бас тартса...



Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерінің мағынасына көңіл бөліңіз. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

2-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.

Қоғамға қауіпті әрекет (умышлено либо нечаено) жасалуы мүмкін. Қауіпті әрекет (в уголовном законе) міндетті түрде көрсетілу тиіс. Ол белгілі бір (общественным отношениям) зардап келтіреді.



3-тапсырма. Төмендегі пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Ол үшін мына үлгілерді пайдаланыңыз.

(әрине, сіз дұрыс айтасыз, сіздікі жөн, тіптен олай емес, пікіріңіз қате).

1. Қылмыстың бәрі бірдей қасақана жасалады.

         2. Жазықсыз зиян келтіру жауаптылыққа жатады.

         3. Қылмыстың жасалған уақытын білу өте маңызды.

         4. Абайсызда жасалған қылмыс жазаланбау керек.

Үлгі: Пікіріңіз қате, қылмыстың бәрі бірдей қасақана жасалмайды.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет