Филология кафедрасы



бет49/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Модельдеу
Іс - әрекетті әрбір жеке тұлғаға қарай, оның алдындағы мақсатына жететіндей дәрежеде ұйымдастыру – технологияландырудың ең маңызды шарты болып табылады. Бұл жерде орыстың тамаша педагогі К.Д. Ушинскийдің: «Деятельность должна быть моя, увлекать меня, исходить из души моей» - деген сөзінің маңызы тағы да алдынан шығады.
Модельдеу оқушылардың болжамы, көзге елестетуі, алған білімді бір нәрсеге ұқсатуы, абстрактілі ойлауынан туындайды.
Танымдық іс - әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі – алған білімді модельдей білу, оны мазмұні мен мәніне қарай көз алдына келтіру, немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Ол үшін оқушыларға да алдын ала көмек нұсқаулар таратылып берілуі керек. Әсіресе, сөзбен сурет салғаннан гөрі, қыл қаламмен сурет салам деген оқушыларға модельдеудің тиімділігі зор.
Модельдеу, зерттеу, іздену – шығармашылық жұмыстардың өнімді ізденіске толы тәсілдерінің бірі. Сондықтан да оны нәтижелі, жүйелі түрде ұйымдастыра білу мұғалімнің шеберлігін талап етеді.
жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Технологиядағы жобаның түрлері:
Ғылыми жоба;
Шығармашылық жоба;
Ойын түріндегі жоба;
Ақпараттық жоба және т.б. түрлері бар.
Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді.
Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
Қазақ тілі пәні бойынша жобалай оқыту технологиясына (проектное обучение) көңіл бөліп, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуда қолдану керек. Себебі, бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр. Бұл ретте төмендегі іс-әрекеттер жүзеге асуы тиіс:
- Шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу;
- Оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы;
- Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі.
Жобалау технологиясы бүкіл оқу жылына шағын (микро) мақсаттар жүйесін жобалаудан, әрбір модульді жобалау оқушының өз бетімен дамуын қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудан тұрады.
Оқушының дербес, екеулеп, топта, оқу жұмысына бағытталған жобалау әдісі баланың ғылымның әр түрлі саласынан алған білімдерін интеграциялауға мүмкіндік берумен қатар оқытудың түрлі әдісі, түрлері мен құралдарын пайдалануды қарастырады. Жобалау әдісі бойынша шығармашылық жұмыста құбылысты өз бетінше талдай келіп, шығарманы ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізу оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Бұл әдіс шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарын жүргізуде өте тиімді, әрі оқушының ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет