Өзін-өзі бекіту сұрақтары:
Шығармашылық сөзінің шығу төркіні?
Шығармашылық жұмыстағы тапсырмалар сипаты?
№ 11 дәріс тақырыбы Жаһандық білім беру қазақ әдебиетін компьютерлік сыныпта оқыту әдістері. Оның тиімділігі.
Мақсаты: Жаһандық білім беру қазақ әдебиетін компьютерлік сыныпта оқыту әдістері жайында түсінік.
Негізгі сұрақтар:
1.Жаһандық білім беру кеңістігі
2.Қазақ тілін компьютерлік сыныпта оқыту әдістері.
Қысқашы мазмұны:
1.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру ісін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу болып табылады. 2001 жылы «Білім беру жүйесін ақпарттандыру тұжырымдамасы» қабылданды. Демек, мемлекеттік білім саясатына әр педагогтан бастап, білім ұйымдары мен білімді басқару салалары өз үлестерін қосып, білім беру жүйесінде оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болғандықтан, ақпараттық технологиялардың рөлі мен алатын орны ерекше.
Бүгінде компьютерлерді білім беруде кеңінен қолдану барысында «оқытудың ақпараттық технологиялары» термині жиі қолданыла бастады.
Компьютердің оқу үрдсіне техникалық құралдың жаңаша түрі ретінде қолданыла бастауы, бүгінде оқу үрдісін заман талабына сай жандандырудың зор мүмкіндіктері пайда болды. Оқытудың белсенді түрлері, өздеріне қажетті ақпарат көздерін таңдауға, слайдтардың көмегімен өз ойларын толықтыруға, оқушылардың шығармышылық жұмыстарын ұйымдастыруға кеңінен жол ашылды.
Электронды оқу басылымдарының мазмұнының берілуіне қарай, электронды кітапханада әр түрі, оқушылардың әр түрлі иллюстративті материал, мәтіндер жинағы жүйленеді.
Шетелдік және отандық педагогикалық, әдістемелік тәжірибелер көрсеткендей оқытуда компьютерді қолдану дидактиканың негізгі қағидаларын кешенді түрде іске асыру үшін өте қолайлы екені белгілі.
Экрандағы әр түрлі жанды тапсырмалар, сөздердің қимыл-қозғалысы, түрлі түсті графикалық бейнелер, бейнеқатар, бейне фильм, диктордың дауысы, мұның барлығы оқушының белсенділігі мен жоғарғы мотивациялық қызығушылығын арттырып, еркін жұмыс істеуіне сөйтіп оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына ықпал етеді.
Компьютерлік оқыту өзінің икемділігімен, варианттылығымен де маңыздылығын көрсетеді. Мұның бір шеті компьютерлік оқу бағдарламаларының, электронды оқулықтар мен мультимедиялық бағдарламалардың сапасына тікелейбайланыстылығында. Компьютерлік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мен технологияландырудағы оқытушының жаңаша ролі мен қызметі анықталады. Оқытушының көмегі, кеңесі, ұйымдасырушылық іскерлік қабілетінің қашанда маңыздылығы айқындала түседі.
Жаңа материалды түсіндіру барысында ақпараттық баяндау, проблемалық баяндау, дедуктивті баяндау, эвристикалық ізденіс, көрнекілік әдістері арқылы жүзеге асады. Мәтін мазмұнына сай іріктелген видеоқатардың көмегі арқылы оқушының мәтінді терең меңгеруге әсерін тигізіп қызығушылығын арттырады.
Зерттеуші В.М. Монахов компьютерлік оқытуда оқу фильмдерін, видеокөріністерді, анимацияларды қолданудағы көрнекілік принципін «интерактивті көрнекілік» деп атайды.
Демек, ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану оқытушының дайындығы мен білім сапасына, ізденісіне айрықша талаптар қояды. Шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |