Түсініктеме:
Бұрын игерген білімді, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы жаңа мақсатқа жетудің жолдарын табады.
-Аналитикалық , яғни сараптау Түсініктеме:
Алгоритмдерді саралай, талдай отырып, оны жаңа мақсатқа пайдалана білу.
-Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар Түсініктеме:
Жаңа шешімді іздеу, табу, нәтижеге жету. Оқушылар бұл жұмыста өзіне белгісіз жаңалық ашады, оның жолдарын жүйелейді( сызбаға, модельге айналдыруы мүмкін)
Өзін - өзі оқытуға негізделген тапсырмалар
Түсініктеме:
Әсіресе, жаңа білімді бекіту бақылау кезеңінде тиімді. Оқушылар қол жеткен шешімдерін берілген үлгі, көмек - нұсқау арқылы талдайды. Мұнда да мұғалім бірінші кезекте тұрмайды, керісінше оқушылар іс - әрекеттері арқылы өзін - өзі оқытады.
Осы тапсырмалардың қай түрінде болмасын, технология талаптары басшылыққа алынады. Оқушы -субъектінің дербес іс - әрекеті, білімді өз ізденістерімен алуы ескерілген. Ал пәнаралық байланыстағы шығармашылық тапсырмалар жүйесін жасауда мына мәселелерді ескерген жөн:
Оқушылардың танымдық қызығушылығын ескеріп, туғызуға түрткі жасау
Оқушы білімін шығармашылық деңгейге дейін көтеруді болжау
Дамыта оқытуға негізделген тапсырмалар арқылы жеке тұлғаны жан – жақты дамыту
Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытуда аналитикалық, альтернативтік ойлауын жетілдіруді мақсат ету
Оқушыларға өз беттерімен жоба, модель жасауға, оны орындауға көмек бері
Бұл саралаудан оқытуды технологияландыру кезеңіндегі шығармашылық жұмыстардың дәстүрлі оқытудағы шығармашылық жұмыстардан ерекшеліні, айырмашылығы келіп шығады.
Оны мына кестеден көруге болады.