Филология кафедрасы



бет42/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Бекіту сұрақтары:

  1. Ұжымдық оқыту дегеніміз не?

  2. Ұжымдық оқытуда қандай әдіс-тәсілдер қолданылады?



Өзін-өзі бекіту сұрақтары:
1. Ұжымдық оқыту технологиясының ерекшелігі қандай?
2. Технологияның жүргізілу кезеңдерін атап көрсет.
3.Тәрбиелік мәніне тоқтал.

10 дәріс тақырыбы Шығармашылық жұмыстар технологиясы


Мақсаты: Шығармашылық жұмыстар технологиясы туралы түсінік.
Негізгі сұрақтар:
1.Шығармашылық жұмыстар технологиясы
2.Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру.


Қысқашы мазмұны. 1.Шығармашылық сөзінің түп – төркініне орыс ғалымы М.Поташник былай анықтама береді:
-жаңа өнім жасау, немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
- іс - әрекеттегі қайталанбайтын , өзгеде жоқ, нәтижелі өнім
Шығармашылық сөзіне берілген ғалым пікірі өте дәл , нақты тұжырым. Бірақ та оның ауқымы бұл түсініктен де кең, терең. Шығармашылық қабілет, дарын, өнерпаздық деген ұғыммен үндес. Сол себептен де ол тұлғалағы дарын, қабілет, өнердің көзін ашу, сол қасиеттерді дамыту мәселесіндегі ерекше іс - әрекет болып табылады. Сондай – ақ , А.Кочетов: «Творческая деятелность –это процесс создания новой информации или продукции с высокими показателями их качества и качества с наиментшей затратой времени и сил » - деп , шығармашылық іс - әрекетке түсінік береді.
Ғалымдардың пікіріне жүгіне отырып, шығармашылық іс - әрекеттің белгілерін төмендегідей саралайға болады:
-уақыт үнемдей отырып, артық күш түсірмей, жоғары нәтижеге қол жеткізу
- ойлап табу
- дайындау, жаңа өнім жасау.
Ал, педагог ғалым Г.Ксензова : «Творчество – это атрибутивное свойство любой личности неоъемлимый компонент ее структуры. Если человека лишают творческого начала, он перерастает чувствовать себя личностью» - дейді.
Ғалым жеке тұлғаның басты белгілері ретінде оның шығармашылық қабілетіне тоқталады. Шығармашылық қабілеті жоқ жеке бастың тұлғаға жете алмайтынын сөз етеді. Ғалымдар ізденісі теориялық тұжырымдармен шектеледі, ал оны істе, тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болады, олар оның нақты жолдарынатоқталмайды. Баланың шығармашылық қасиетін қалай дамытуға , қалыптастыруға болады, ол сөз етілмейді.
Шығармашылық қасиеттердің жеке тұлғадағы бір көрінісі – оның тілі. Шешен де көркем, бейнелі сөйлей білу, ойды шебер тілмен жеткізу тұлғаның шығармашылық қасиеттерінің бірі. Дәстүрлі оқытуда да шығармашылық жұмыстарға көңіл бөлінеді. Дәстүрлі оқытуда да шығармашылық жұмыстарды жеке тұлғаға бағыттау, оқушыларға еркіндік беру, оқушы мен мұғалім еңбегін өнімді іс - әрекетке негіздеу, оқушыға субъект ретінде қарау негізге алынбаған.
Қазіргі білім беру үрдісінде тапсырмалар түрі баршылық. Оларды жинақтай , саралай келе, төмендегі бағытта топтауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет