Филология кафедрасы


Сұрақ-тыңдау-сөйлесу-талдау-келісу, қорытындылау



бет39/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
Сұрақ-тыңдау-сөйлесу-талдау-келісу, қорытындылау.
Журу әдістемесі:
Мұғалім тапсырма, сұрақ береді, бала онын жауабын жанындағы балаға айтады. Жұп бір-бірімен сөйлеседі, талдайды, бір келісімге келеді, жұмыстарын қорытындылайды. Осы іс-әрекеттен кейін әр жұп өз жұмыстарын ортаға салып, бүкіл үжым болып талқылайды. Тіл дамытудың бл түріндегі сүрақ пен тапсырма іздендіру, зерттеу, проблеманы шешу дәрежесінде болады. Мұғалім оқушын білімін өз беттерімен анализ, синтез, баға деңгейіне көтеру іс-әрекетімен жүмыс істеуге жетелейді. Сұрақ: Мұғалім сұрақ қояды.
Тыңдау. Оқушылар сұрақты тыңдайды, еске ұстайды, ойланады. Сөйлеу: Ары карай жауаптарын бір-біріне айтып сөйлеседі. Талдау: Жауаптарын талдайды, пікірлеседі. Келісу: Дау туғызатын мәселелер айналасында біріге отырып келіседі, корытынды бір пікірге жүгінеді.
Оқушылардын сөйлеу тілдерін дамытуда осы модельдің маңызы зор. Біріншіден, белгілі тәртіп, нақты мақсат, окушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады.
Екіншіден, әдебиет пен қазақ тілінде беріліп жатқан білімді бірлікте карастыра отырып оқушылардың білімін тереңдетуде, тіл дамытуда өнімді тәсілі болады. Ұжымдық оқытудың, әсіресе окушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудағы орны ерекше.
Тіл дамыту үрдісінде окушылардын байланыстыра сейлеуі және ауызекі сөйлеу тілдерінің жетілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті емірде, қарым-қатынаста адамдар ең алдымен ауызша тілдеседі, сол арқылы бір-бірімен түсініседі. 45 минут сабақта да мұғалім-оқушының оку іс-әрекеттері ауызекі сөйлеу тілімен жүзеге асады. Ауызекі сейлеу тілді дамыту ең алдымен оқушылардын сөздік корын байытудан басталады. Ауызекі сөйлеу тілі тіл байлығымен ғана емес, сөйлеу мәдениетімен де тығыз байланыста болып келеді. Ойды шебер, жатык, жүйелі тілмен жеткізуде дауыс ырғағы әрі сөзді айкын, мәнерлі айта білудін маңызы зор. Тіл дамыту үрдісінде осы мәселелерге айрықша көңіл бөлген жөн. Окушылардын ауызекі сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылык жұмыстардың алатын орны ерекше. Өткен ғасырда өмір сүрген орыстың үлы лингвист ғалымы Ф.И.Буслаев: "... цель обучения должна состоять в усвоении ребенком языковой культуры народа через систему специальных речевых упражнений... все грамматическое учение должна быть основано на чтении писателя", - дейді.. Ғалым енбегінен мына мәселелерді саралап алуға болады:
Біріншіден, тіл мәдениетіне баулу, арнайы жаттығулар арқылы жүзеге асады.
Екіншіден, тілді меңгерту, үйрету әдебиет пәнімен тікелей байланыста жүреді.
Ұжымдық оқыту тәсілінде оқушылар үнемі бір-бірімен ауызша тілдеседі, ауызекі сөйлеу тілінде қарым-катынас жасайды. Мүньщ өзі ешбір дәлелдеусіз оның тіл дамытудағы орнын айқындайды.
Әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. ХХІ ғасырда ғылым алға дамып барады. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде жаңалықтан қалыспауы керек. Технология дегеніміз- өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Ал педагогикалық технология- педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, иниструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.
Әр мұғалім өз жұмысында озат мұғалімдердің тәжірибесінен үлгі алып, зерттеп, педагогикалық жаңалықтарды тиімді пайдалануда. Жаңа педагогикалық технологиялар қазіргі білім беру заңының талаптарына сай оқыту үрдісінің негізгі міндеттерін шешуге, жеке адамды шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға тартады.
Солардың бірі, әрі бірегейі ұжымдық оқыту технологиясы болып табылады. Ұжымдық оқыту технологиясының негізін салған практик- мұғалім А.Г. Ривиннің ізденісінен туған. Енді осыған кеңінен тоқталсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет