Филология кафедрасы


Өзін-өзі бекіту сұрақтары



бет47/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
Өзін-өзі бекіту сұрақтары:

  1. Жаһандық білім берудің мәні неде?

  2. Компьютерлік сыныпта білім берудің әдіс-тәсілдері қандай?

12 дәріс тақырыбы Жобалап оқыту технологиясы


Мақсаты: Жобалап оқыту технологиясы жайында түсінік.
Негізгі сұрақтар:
1.Жобалап оқыту технологиясы туралы мәлімет.
2.Модельдің тиімділігі.


Қысқаша мазмұны.
Бұл технологияның тиімділігі, біріншіден, пркатикалық маңызында жатыр. Екіншіден, ол оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулиды, шығармашылық қабілеттерін дамытады, әр оқушының дербес ізденісін дамытады. Сол ізденіс негізінде олар бір өнімге қол жеткізеді.
Жобалап оқыту түрлері де әр түрлі болып келеді:

  • зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға баулитын;

  • шығармашылық бағыттағы (макет, киносценарий, т.с.);

  • ақпараттық, яғни, оны жинау, жинақтау, сол бойынша презентация жасау т.с.;

  • модельдеу, (конструкция жасау) инсценировка; белгілі бір оқиғаны, кейіпкер іс - әрекетін бейнеге, бір сұлбаға түсіру.

Жобалап оқыту технологиясында пәнаралық, пәнішілік байланыс маңызды орын алады. Жоба жасау үшін оқушыға бірнеше пәннен алған білімдерінің көмекке келуі, дүниетанымы, іскерлігі аса қажет.
Жобалап оқыту проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерін басшылыққа алады. Оның басты себебі, жоба жасауда оқушылар алдына бір проблеманың шешімін табу мақсаты тұрады. Мысалы, «Қазақ тілі XXI ғасырда», «Болашақ ұлт мектебі», т.с.с. Сондай – ақ білімді жеке тұлғаға бағыттай оқыту технологиясының да амал – тәсілдерді жобалап оқытуда тиімді болып келеді. Өйткені жоба жасағанда оқушыларға еркіндік, таңдау беріледі, өз еріктерімен топқа немесе жұпқа бөлінеді, жобаларын қорғауға, пікірлерін дәлелдеуге толық құқықты.
Қазір тәжірибеде толық пайдаланып жүрген жобалап оқыту технологиясында сабақ құрылымы төмендегідей болып келеді:

Жоба жұмысының кезеңдері

Мазмұны

Оқушы іс - әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

Қорытынды, жүйелеу, анализ

  • дайындық кезеңі;

  • жоспарлау кезеңі;

  • зерттеу кезеңі;

  • есеп беру кезеңі;

  • қорытынды, бағалау кезеңі.













Білім беруде интерактивті оқыту технологиясының әдістері де өте тиімді болып келеді. Ол, әсіресе, тіл дамыту үрдісінде белсенді іс - әрекет атқарады. Оған: диспут, дискуссия, дебат, конференция, рөлдік ойындар жатады. Көбінде ауызекі сөйлеу түрі арқылы жүзеге асатын жұмыстарға пайдалы болып келеді.Соның ішінде дискуссия (пікір таласы) дәстүрлі оқыту үрдісінде де тиімділігімен тәжірибеде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет