Миға шабуыл әдісі Американдық ғалым Озборн кіргізген бұл әдістің әдебиетті оқыту үрдісіндегі де маңызы бар. Ол оқушылардың шығармашылық ойлауына, жаңа идея табуы мен оның шешімін іздеуіне түрткі жасайды. Миға шабуыл топтық жұмыстар кезінде, яғни, зерттеу, іздеу бағытындағы шығармашылық жұмыстар кезеңінде туындайды. Ұжым шығармашылық бірлікте, бір мезетте проблеманы шешуге жұмылады.
Миға шабуыл әдісінің негізгі кезеңін төмендегідей саралауға болады:
дайындық кезеңі. Ұжым топқа бөлінеді, тапсырма алады, шешілуге тиіс проблемамен танысады.
Жаңа идеяны іздейді, оның жауабын табу үшін еңбектенеді (шабуыл кезеңі).