Мақсаты: Ұжымдық оқыту технологиясы туралы түінік
Негізгі сұрақтар: 1. Ұжымдық оқыту технологиясы туралы түсінік
2.Ұжымдық оқыту технологиясының маңызы.
Қысқаша мазмұны: Ұжымдық оқыту білімді жеке түлғаға қарай бағыттай беру технологиясына жатады. Оны кейде «ұйымдастырылған диалог», «ұжымдық окыту» деп те атайды.
Ұжымдық окыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастык болып табылады. Ұжымдық окыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жүмыстарын саралау, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, акыл-кеңесші кызметін аткарады.
Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен практик-мүғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған. А.Г.Ривин негізін салған үжымдық окытуды зерттей отырып, оны ары карай жанартушылар, ізденушілердің бірі болған ғалым В.К.Дьяченко оны «работа учащихся в парах сменного состава», - дейді [60].
Сондай-ақ ғалым: "Коллективная форма учебных занятий имеет особенности как парной, так и групповой формы, и в то же время это качественно принципиально новая форма. Коллективные учебные занятия- это работа учащихся в парах сменного состава. При коллективных занятиях работа происходит в парах, но эти пары не замкнутые, а открытые: каждый по очереди работает то в роли обучающего, то в роли обучаемого. При систематической коллективной работе все ученики по очереди работают со всеми: все обучают и воспитывают каждого, а каждый всех", - деп аныктама береді [61, 15].
Бүл окытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде де дәлелдеп келе жатқан себебі мынадай басты-басты ерекшелігінде жатыр:
- жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар, жұмыс түрлері аркылы окушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды;
- сөйлеу үрдісінде есте сақтау кабілеті, зейіні дамиды, бүрынғы білім мен тәжірибесі, икем-дағдысы кеңейе түседі, үнемі жаңғырып отырады;
- әркім өзін еркін үстайды, дербес жүмыс істеуге, өз бетімен корытынды жасауға дағдыланады;
- тек жеке басы үшін емес, үжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады;
- өзін-өзі бағалау, өз-өзіне үңілу, өз мүмкіндігі мен қабілетін саралау, жетістігі мен кемшілігіне көз жеткізу іс-әрекеті дамиды;
- өзін-езі оқыту, бір-бірін оқыту үрдісі жүреді;
- ауысып келіп отыратын катары, жұбы аркылы бір мәселе айналасында бүкіл ұжыммен жұмыс істеуге, оны талкылауға мүмкіндігі туады. Білім мен дағды беки түседі, тиянакты білім қамтамасыз етіледі.
Үжымдық оқыту технологиясынын маңызын үлы педагог Я.А.Коменскийдің мына пікірі дәлелдейді: "Если нужно- откажи себе в чем-нибудь и плати тому, кто будеть тебя слушать, многое спрашивать, усваивать, учить других тайны великой учености" [55, 20].
Пәнаралык байланыска негізделген шығармашылык жұмыстарды жүргізуде үжымдық оқытудың төмендепдей жүптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді.
7- кесте — Ұжымдық оқытудың жұптык тәсілі_
1. Тұракты жұп
Екі окушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-окушы; окушы-мүғалім кызметінде іс-өрекет жасайды. Жұпка екі жаксы окитьш, немесе бірі жаксы, бірі орташа окитын бала жұпталады.
2. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.
Бір тапсырмаға 4 бала жұмылады, тапсырманы 4 бөлімге беліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын калған 3 баланың әркайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын ұш рет кайталап айтады. Әр баланың дербес кабылдауы, езіндік білімін еекере отырып айтканда, тұсіндіру үш түрлі денгейде болуы мумкін.
3. Вариациялык жұп (ерекше жұп)
Топтағы баланың әркайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсівдіреді, калғандары кезекгесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.
Ұстаздардың ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сактап отыр. Төменде ұжымдық окытуды басшылыққа алған, пәнаралык байланыс арқылы шығармашылық тапсырмаларды жүргізу әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары: