Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.
Әлеуметтік динамика – 1.Әлеуметтік динамика ұғымын енгізген француз социологы О.Конт (1798-1857). Конттың түсіндіруінше бұл ұғым қоғамды тұтас түрде сақтай отырып , әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін, тұрақты құрылымдарды зерттейтін, прогрестің бағытын және статистикаға қарсы қойылуын, әлеуметтік құбылыстардың жүйелі түрде ауысуын талдау үшін қолданылатын ұғым. 2.Топтық динамика – кіші топтардағы болып жатқан процестерді бейнелеу үшін неміс және американдық психолог, әлеуметтік психолог К.Левиннің (1890-1947) еңбектерінде
қолданылған ұғым. К.Левин , топтағы жеке адамның және топтың өзінің мінез-құлқын физикалық терминдермен байланыстыра отырып баяндайды. Топтағы Ә.д-ның негізгі үлгісі ретінде «топтық кеңістіктің» ішіндегі күштердің бөлінуі және топтағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты кіші топтың «квазистикалық тепе-теңдігі» қарастырылады, сонымен қатар адамның мінез-құлқын қандай да бір психологиялық өзгерістегі тартылыс және тербеліс күштерінің қарым-қатынасының нәтижесі деп түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |