«Филология» мамандыєына арналєан



бет2/3
Дата12.10.2020
өлшемі189,5 Kb.
#65915
1   2   3
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет

Сабырбаева Р.К., филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.,

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

Ақпараттық қатынас - телефон:87783202837, №8 оқу ғимараты, №221 ауд

Сабақ өтетін орын - №220а аудитория

Пән бойынша кредит саны - 3


1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы МУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары қүрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы оның басты әдеби сарынын, азаттык танымын, өзіндік сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру кезделеді.


1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

  • XIX ғасырдағы қазак әдебиетінің басты әдеби сарыны-отарлык
    езгіге қарсы туған азаттық сарыны екенін саралап, таныту;

  • осы ғасыр әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдык, жазба әдебиеттің
    дүниеге келуін оқыту;

  • XIX ғасыр әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар, сөз өрнектерін
    игеру;

Осы дәуір әдебиетіндегі Абай шығармашылығының маңызы мен тағылымын таныту;

- пәнді оқыту барысында студенттерге жекелеген шығармалардың


жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен
мазмұны жайлы білімдерін қалыптастыру;

- Дәуір әдебиетін тарихи сабақтастық тұрғысынан оқыта отырып,


жалпы ұлт әдебиеті тарихынан алар орны мен кейінгі әдебиетке тигізген
әсері және ықпалын межелеп беру.
1.5 Оқытудың нәтижесі:

Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:



  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік табиғатын меңгереді;

  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы
    мағлұмат алады.

  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары
    туралы терең білім алады.

  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады.

  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып,
    олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір
    қалыптастырады.

  • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

  • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

  • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Ежелгі дәуір әдебиеті

1.6.2 ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті

1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

1.7.2 Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет