Курстың мақсаты: – студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
Курс міндеттері:
адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;
мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;
түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;
қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру;
отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.
Алдындағы пәндер – пәнді меңгеру басқа пәндермен қатар меңгеріледі – мәдениеттану, антика мәдениеті, архаикалық мәдениет және Ежелгі дәуір мәдениеті, этика, эстетика, философия тарихы, әлем әдебиеті тарихы, Көркем өнер мәдениеті, сонымен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық курстар циклы.
«Мәдениеттануды оқыту әдістемесі» курсын оқу барысында студенттер игеретін білімдер:
- гуманитарлық пәндер жүйесіндегі мәдениеттанудың орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;
мәдениет феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі ролін түсіндіре білу;
мәдениеттің базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеру:
мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи региондарды білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білу;
әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу;
қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білу;
ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.
тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;
қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;
интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |