Философия және саясаттану факультеті


Конфуцийшілдік-даосистік діни-философиялық ілім-қытай өркениетіне тән ерекше ілім ретінде



бет22/30
Дата11.11.2022
өлшемі384 Kb.
#157703
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
УМКД Методика преп.культ

5. Конфуцийшілдік-даосистік діни-философиялық ілім-қытай өркениетіне тән ерекше ілім ретінде.
Тапсырма:
1. Конфуций ілімінің негізгі қағидалары, оның ежелгі қытай қоғамының тіршілік-салтына тигізген ықпалы.
2.Ежелгі Қытай мәдениетіндегі көркем өнердің ролі.
3.Дао ілімінің мазмұны
4. Даосизмнің конфуцийшіліктен айырмашылығы.
Өткізу формасы:
Берілген сұрақтарға студенттер жекелей өз ой-пікірін айту арқылы, топта сабақты ойталас ретінде өткізеді
Әдістемелік ұсыныс: Қытай мәдениеті тарихы жазылған арнайы оқу құралдарымен, жазба деректермен тереңірек танысу қажет.


6. Ежелгі Грекия мәдениеті
Тапсырма:
1.Грек өркениетінің бастау алған қайнар көздері
2.Көне грек қоғамының құрылымын сипаттау.
3.Гректер табынған құдайлар.
4.Ежелгі грек мифологиясы.
5.Олимпиялық ойындардың пайда болу себептері.
6. Ежелгі грек мәдениетінің әлем халықтары мәдениетіне тигізген ықпалы.
Өткізу формасы:Тапсырма: Топ бірнеше командаға бөлініп, әр сұраққа дұрыс жауабын беруге тырысады. Жауаптарға оқытушы төрелік етеді. Дұрыс жауаптар берген команда көп балл алады. Сабақта Көне Грекия мәдениетінің үлгілерін көрсететін суреттер көрнекі құрал ретінде көрсетіледі.
Әдістемелік ұсыныс: Ежелгі Грекияның тарихымен толықтай танысу үшін студенттерге өзіндік көп еңбектенуге, яғни Грекияның тарихы, мәдениеті, мифологиясы, қоғамдық құрылымы жайлы арнайы жазылған еңбектермен тереңдей танысулары қажет. Алған білімдерді ой елегінен өткізіп, сараптай білулері керек.


7.Ежелгі Рим мәдениеті
тапсырма:
1.Ертеримдік мәдениеттің бастау алған қайнар көзі
2.Рим мәдениетіндегі сәулет, мүсін өнерінің алатын орны.
3.Рим қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы.
4.Рим императорлары мен атақты қолбасшылары жайлы білетіндеріңізді айтыңыз.
5.Рим құқығы туралы.
6. Рим өркениетінің құлдырау себептері.
Өткізу формасы: Интеллектуалды ойын - жекпе-жек. Көрнекі құрал ретінде Рим мәдениеті дәуіріне жататын суреттер көшірмесі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет