Өткізу формасы: Тапсырма бойынша сұрақтарды топта пікірталас түрінде тереңдете талқылау.
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа Заман және Реформация дәуірі туралы жазылған ғылыми еңбектермен, арнаулы оқу құралдарымен, сәулет, сурет өнері туындыларының репродукцияларымен мұқият танысу, ой-елегінен өткізіп сараптама жасай білу, топта пікір-сайыс ұйымдастыру.
ХХ ғасырдағы негізгі мәдениеттанушылық мектептер және адамзаттың жаһандық проблемалары.
Тапсырма:
1.ХХ ғасырдың негізгі мәдениеттанушылық бағыттары мен тұжырымдамаларын атаңыз.
2.Мәдениеттанушылық мектептер мен бағыттардың көрнекті өкілдері, олардың философиялық-мәдениеттанушылық ой-пікірлері.
3.Рим клубының ғаламдық мәселелері.
4.Ғаламдық мәселелерді шешудің қандай жолдарын ұсынасыз? Өзіңіздің ой-пікіріңізді білдіріңіз.
Өткізу формасы: Оқытушы басшылығымен сабақ тақырыбының мазмұнын пікір, ой-талас түрінде талқылап, тереңдей ашу.
Әдістемелік ұсыныс: Сұрақтарға жауап іздеуде студенттердің өзіндік жұмыс істеуі, дәріс конспектілері мен арнайы оқу құралдарын оқуы қажет.
12. Қазақ мәдениетінің бастаулары.
Тапсырма:
1.Қазақстан аумағындағы мезолит және неолит кезеңіндегі материалдық мәдениеттегі өзгерістер.
2.Неандертальдықтардың өнері мен діни көзқарастары.
Соңғы палеолит кезіндегі алғашқы мәдениеттің өркендеуі.
Андронов мәдениетінің пайда болуы мен таралу аймағы.
Қола дәуірінің материалдық мәдениеті.Діни сенімдер.
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен таптық қоғамдар мәдениеті.
( скифтер мен сақтар өнері ерекшелігі)
7. Ұлы Жібек жолының мәдениеттер алмасуындағы ролі.
Өткізу формасы: Оқытушы басшылығымен сабақ тақырыбының мазмұнын пікір, ой-талас түрінде талқылап, тереңдей ашу.
Әдістемелік ұсыныс: Сұрақтарға жауап іздеуде студенттердің өзіндік жұмыс істеуі, дәріс конспектілері мен арнайы Қазақстанның көне тарихы мен мәдениетіне арналған оқу құралдарын оқуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |