Ұл мен қызды болашақ өмірге баулу.
Ұлағатты ақыл кеңестер мен қатар қл қызына жар таңдауда болашақ өмірлерінде адаспау үшін, ертегілерге арқау болған таза махаббатты баяндаған. Ертегілерді тілге тиек ете отыра әңгіме айту әрбір отбасыныңміндеті екнін ата –анасы естен шығармаған. Ондай ертегілерде жар тағңдаудакөркем қыздардың образдарын жігіт таңдау, жар таңдау үстінде айқындалады. Ол қыздар жігіттің жігітін таңдайды, бірнеше шарттар қояды. Ол шарттардың белгісі мынадай болып келеді: бір түнде алтын сарай салу, оған бәйтерек орнату, бәйтерек түбінен бұлақ ағызу, немесе ат бәйгесінен озып келу, қиын жұмбақтарды шешу, жұрттан өнерін асыру. Міне осындай күресте кім жеңсе соған тұрмысқа шықпақ. Халық ерлікті, ептілікті, еңбек сүйгіштікті осындай әдіс тәсілдер арқылы жеткізген.
Қазақ халқы қызын да ұлын да тәрбиеден тыс қалдырмаған. Ана құрсағында басталған тәрбие мектебі дүниеге келген күннен жалғасын тауып, есейіп еңкейген шақта да өзінің ролін жоймағандығын ғылыми педагогиканы зерттеушілер әрбір халықтың өзіндік ерекшелігін ескере отыра тәрбиенің ғылыми болжамын жалғастырса керек.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Отбасында халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеудің мақсатын түсіндіріңіз.
2.Халықтық педагогикада ұл мен қызды болашақ өмірге баулу жолдарын анықтаңыз.
3.Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері неде?
4.Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде мақсатын түсіндіріңіз.
5.Отбасы тәрбиесінде ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз.
Әдебиеттері:
1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992
3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.
4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993
5.Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.
6.З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл
6-дәріс. Ақыл-ойды дамыту халық қамқорлығының бастауы.
Мақсаты: Балаларды білімге, ой өрісін кеңейту икемділіктермен дағдыларына таратудың халықтық құралдарын түсіндіру. Жалпы білімдермен қатар, адамдардың өндірістік қызметінің нақты салаларына, белгілі бір кәсіп түрлеріне қатысты халықтық білімдер халықтық дидактика жәрдемімен қамтамасыз етілгенін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: Ақыл-ойды, дағды, халықтық білімдер.
Жоспар: Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас. Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдаларына таратудың халықтық құралдары. Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
Тарих, география, үй шаруашылығын жүргізу, арифметика, метереология, биология, мал өсіру, қолөнер бойынша мәліметтер әрбір индивидке белгілі білімдер жиынтығын беру, адамның өндірістік – еңбек, отбасы – тұрмыстық және қоғамдық, яғни, негізгі әрекеттері түрлерін қамтитын өмірде аса қажет практикалық және интеллектуалдық дағдылар мен икемділіктерге баулу болып табылады.
Халық педагогикасы білім беру мазмұнын анықтауға негізінен өмірден келді, осыған орай мұнда спекулятивті құрылымға орын жоқ, болуы да мүмкін емес. Өмірден алшақ абстрактілі білімдер практикалық мәнге ие бола алмайды. Сондықтан, мәселе, халық « өмірдің өзі – ұлы ұстаз » екендігін әділ атап көрсетеді. Яғни, білімнің өмірмен байланыстылығы – халықтың аса маңызды дидактикалық талабы.
Сонымен бір мезгілде арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде ғана игерілуі мүмкін көлемдірек білімдер де назардан тыс қалмаған: «әліппенің ар жағы – білім бағы », « өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ »
Ал кітап халық көзқарасында адамның досы, кеңесшісі, білім көзі: «күш білімде, білім – кітапта »
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білім өмір бойына игілікті қызмет ететініне тәжірибеде көз жеткізді. Олардың « жаста оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей » - деп балалар мен жастарды білімдерді игеруге үндеуі, әсіресе, ақылды дәріптеп, оның мүмкіндіктері шектеусіздігін ашып түсіндіруге тырысуы осыдан.
Халықтың педагогикалық тәжірибесі ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына кең мағына берілгенін көрсетеді. Адамның ақылы, оның сөйлеуінен көрінеді. «көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді », « ақылдының сөзі қысқа, айта қалса нұсқа » - дейді нақылдар. Біліксіз, дөрекі адам кейпін « ақылды ойлап, түйгенін айтады, ақылсыз шала – пұла білгенін айтады » - деп сезімталдықпен дәл тауып сипаттайды.
Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан – жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мәселен, жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасйды, оларды қоршаған ортаның түрлі салаларынан заттар мен құбылыстарды талдай алуға үйретеді. Және де сол зат жайлы материалдардың молдығы ( мәселен, жалпы адам туралы, адамның жекелеген дене мүшелері: бас миы, көздер, тістер, шаштар, тіл, саусақ, жүрек, тамырдың соғуы және т.с.с. әрқайсысы жайлы жеке айтылатын жұмбақ мол ) затқа немесе құбылысқа соғұрлым кеңірек сипаттама беруге мүмкіндік береді.
Алайда ақыл – ой тәрбиесіндегі халық шығармашылықтарының мәні ойлауды дамытумен ғана шектелмейді, олар сондай – ақ ақылды, табиғат жайлы мәліметтермен және адам өмірінің түрлі салаларынан білімдермен байытады. Оларды пайдаланудың құндылығы баланың табиғат және азамат жайлы мағлұматтар жиынтығын ақыл – ой әрекеті процесінде алатындығында. Мәселен, дүниені тануды кеңейтудің аса мәнді құралы ретінде халық шығармашылығының өзге туындыларымен қатар жаңылтпаштар мен ертегілер, аңыздар мен әңгімелер, ойындар мен ойыншықтар алға шығады. Мақалдар мен мәтелдер ақыл парасат көзі, еліктеу үлгісі, сенімді жетекші, өткен ұрпақтың өнегелі мұрасы және бейнелі ойлау мен шешендік сөйлеудің үлгісі ретінде, терең ойларды сақтап қызмет атқарады.
Осындай мол деректерге сүйенсек, ақыл – ой тәрбиесі тәжірибесіне төмендегідей талаптардың болғанын аңғару қиын емес. Олар: білімді саналылықпен және белсенділікпен меңгеру, ақыл – ой тапсырмаларының ұғынықтылығы және шамаға лайықтылығы, ақыл – ой еңбегінің жүйелілігі және бірізділігі, білімді игерудің беріктігі.
Ақылға, білімге ұлы қазына ретіндегі көзқарас және ақыл – ой тәрбиесінің мәнін негіздеу халықтың қоршаған орта жайлы маңызды мәліметтер шеңберін игеруге үндеуінің өзіндік үлгісі еді. Балаларды өмірде қажет білімдер қорымен қаруландыру негізінен еңбек процесінде үлкендер арқылы іске асты. Және де бұл жағдайда заттар мен құбылыстар олардың практикалық пайдалы тұрғысынан қарсатырылуы.
Қазақ халқы жұмбақ шешу ойындарын әрбір құбылыстың өзіндік дербес қасиетін дәл келтіру мен қатар, екінші бір затқа не құбылысқа ұқсастығын салыстыра отыра, баланың өзін қоршаған табиғат әлеміне: аспан, жер – су, жан – жануарлар, от пен жарық, тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар, өмірде кездесетін құбылыстар мен заттарға зейін қойып, бақылау, байқау, қабілеттерін ояту мақсатында пайдаланған.
Бұл жайында балалар жазушысы Ысқабаев Әлидің « 777 жұмбақ » атты еңбегі өткеніміз бен бүгінгі техника ғылым жаңалықтарын байланыстыра отырып жасаған жұмбақтары кішкене сәбиден бастап ер жеткен ұл мен қыздарымыздың ойлау қасиеттерін дамытуға септігін тигізеріне күмән жоқ. Бала бақша, мектеп мұғалімдері әр бір тақырыпқа байланысты пайдаланып отырса, ұтпаса, ұтылмайды. Әрі сабағы қызықты болумен қатар, мұғалімнің әр бір тақырыпқа жаңа жұмбақты ойнатумен қатар балаларға өз бетінше жұмбақ ойлап келуге тапсырса нұр үстіне нұр жауады демекпіз.
Қазіргі кезде діннің тәрбиелік рөлі жөнінде көптеген еңбектер жарық көруде. Сол еңбектердің бірі ретінде Мұхтар Арынның «бес анық» атты еңбегін жастарды тәрбиелеудің идеологиялық құралы ретінде пайдалануға болады. Мұхтар Арын: қандай халық болмасын, өзінің тарихи тағдырына байланысты дінді белгілі бір идеологиялық саналы тәрбиелеуші құрал ретінде өзінің бойына қабылдап алған. Біздің қазақ халқының тарихи тағдыры ислам дінімен байланысты. Ислам діні - біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып тәртіпті, тәрбиелі ел болып өмір сүруімізге қызмет еткен дін. Кейінірек Марксизм – Ленинизм ілімінің билеп төстеуіне байланысты, коммунистік идеологияға байланысты діннен сырт айналып, оны мүлдем теріске шығардық.
Бүгінгі таңда, тәуелсіздікке, халқымыздың азаттығына байланысты ой, ойлау еркіндігі ауадай қажет болған жағдайда тәрбиелік құрал бола алатындай қажет болған жағдайда тәрбиелік дін өте қажет деуден аулақпыз, бірақ ислам дініндегі екі нәрсе тәрбиемізге сәйкес келетін сияқты, сол екі нәрсенің бірі – иман. Адам баласының иман жүзділігі, өзінің жеке басының тәрбиелігі, оның жүректен шығып жататын нәрсе екенін сезіну өте бір қажетті дүние. Осыған байланысты үлкен бір психологиялық сезім бар, ол сенім, бір нәрсеге сену. 70 жыл бойы осы сеніммен ажыратуға көп күш жұмсалды. Бірақ адам баласының миында сенім бар. Ол Аллаға сену. Жалпы айтқанда әрқайсымыздың жүрегімізде деген мәселе. Аллаға сенудің арына, ұятына сену керек. Осыдан келіп басқа сенім түрлері шығады: болашаққа сену, адамның белгілі бір қасиеттеріне бас иіп сену, адамға сену, баланың әкеге, әкенің балаға сондай-ақ күнделікті өмірде, тұрмыста сенімді болуға үлкен қуат беретін күш. Адаммен адамды жақындататын, танытатын, жақсыға сену, жаманға сенбеуді ажырату үшін де керек нәрсе бұл. Сондықтан иман деген нәрсе, иман жүзділік деген сеніммен байланысты. Діннің қуатты, күшті жері – адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. әрине тәрбие тек дін арқылы ғана болады деген ой тумауы керек. Біздің айтып отарғанымыз діннің прогрессивтік – тәрбиелік мәні. Оны жоққа шығаруға болмайды.
Екінші бір мәселе шариғат деген ұғымға қатысты. Мұның өзі адамаралық қарым – қатынаста жалпы заңдылықтар болу керек дегенді білдіреді. Қазақ даласында шашырап жатқан біздің көшпелі халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақтаған. Соның нәтижесінде бұрынғы адамдарда иман жүзділік пен тәртіптілік молырақ болғаны рас. Ал қазір өкінішке орай, өзімізді білімбірекпіз деп санағандықтан да, иман – жүзділік, тәртіп төмендігін мойындаған жөн.
Кеңес өкіметі тұсында пайғамбарымыз Мұхаммед Галайсаламды құбыжық қылып, мазақтап жаратпайтындай жағдайға алып келді. Шындығында ол үлкен ғалым еді. Оның артына қалдырып кеткен мұрасы – « мың бір хадисінде » қаншалықты ғалым екені көрініп тұрған жоқ па. Білім туралы хадисінде білім екі түрлі болады дейді, біреуі жүректегі білім, ол өте пайдалы, екіншісі тілдегі білім, ол таңда, тәңір алдында пенденің күнәсіне дәлел болады дейді. Сонда түсіне білген адамға құр әншейін жүректен қабылдамаған нәрсені білім деп айтуға болмайды деп тұрғандығын сезіну қиын емес. Құр жаттанды тілде бар, жүректе жоқ ол білім еместігі айтылады.
Дін туралы – Мұхаммед Галиссаламның тағы бір айтып кеткені – білімді, ғылымды қабылдайтын адамға ғана түсіндіру керек. «кешеге айтқан сөз шығын » дегендей қабылдамайтын адамға көңілімізде жүрген жақсы ойларды айтсақ, онда қабылдамаушы адам емес, айтушы адам күнәкер екенін айтып кеткенде пайғамбарымыз екенін білген жөн.
Мұхтар Арын: «дінді ұлттық рухтандыратын, ұлттың өзіндік мыңдаған жылдар бойына жинаған қасиеттерін байыта түсетін, кеңде, кемел қосымша құрал деп түсінген жөн» - дейді.
Сондай – ақ дін адамды адамзат бәйтерегінің бір бұтағына байлайтын құдірет. Ислам, христиан, буддизм болсын, барлық діндерді сыйлап, барлық діндерден үйрену керек. әрбір дінде дүниеге басқаша қарау мүмкіндігі бар. Мысалы, христиан дінінде Иса - әрі құдай, әрі адам, әрі құдай баласы. Ол мойнына барлық адамдардың күнәсін алып, өз - өзін құрбандыққа шалған. Сондықтан христиандарда кішіпейілділік, мейірімділік, басқаның мүддесі өз мүддесінен жоғары қою, азаматтық басым.
Ал Мұхаммед – ол адам баласын құдай болады дегенге сенбеген. Сондықтан исламның Алласы жеті хат аспанның ар жағында. Бұл жағдай мұсылмандарды білімге, өз - өзін жетілдіруге талпындырған. Олар Алланы тану арқылы, табиғат тылсымдарына үңілген, қисындық жүйені таңғажайып түрде дамытқан.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан үйрету даналығы өзіне халық шеберлері, білгірлер, ұсталар мен диқандар, суретшілер мен сәулетшілер, малшылардың терең және сан түрлі білімдерін шоғырландыратынын байқатады. Олардың тәжірибесі этнодидактика арқасында ұрпақтан ұрпаққа көбейтіліп, беріліп отырды.
Дидактикалық талдауға алынған фольклор материалдары, мал өсіру, егін егу және өзге де кәсіп түрлерімен байланысты салттар, халықтық астрономиялық және фенологиялық қорытындылаулары бұл міндеттерге:
Балаларда заттар, оқиғалар, қоршаған өмірдегі іс - әрекеттер мен құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Олардың сезімталдығы мен дүниені тиімділікпен танып білуі процесін дамыту.
Ақыл – ой қабілеті мен ынталылықты арттыру.
Балаларды интеллектуалдық дағдылар мен икемділіктерге баулу енгенін көрсетеді. Мұның өзі халықтық балаларға өмірге қажет білімдер жиынтығын игертудегі дидактикалық талаптары ғылым педагогикаға жақындығының белгілері.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз.
2.Халықтық ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз.
3.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің халықтық құралдарын атаңыз.
4.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз.
Әдебиеттері:
1. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.
2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл
3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: /Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 1996 – 286 б.
4. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 1998 – 159
7-дәріс. Еңбек халық педагогикасының өзегі.
Мақсаты: Халықтық педагогика арқылы тұлғаны еңбекке баулу жолдарымен қаруландыру. Еңбек тәрбиесінің әдістерінің мақсат-мазмұнымен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: . Еңбек тәрбиесі, еңбекке баулу жолдары, еңбек дәстүрлері, еңбек тәрбиесінің әдістері.
Жоспар: Халақтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні. Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету. Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсите, мадақтау, тиым т.б.
Еңбекке баулудың тәжірибесі қазақ халқы тіршілігінің барлық тарихи даму кезеңінде жинақталды және еңбек әрекеті тәрбие практикасымен, оның дамуы жетілуімен тығыз байланыста болды. Білім жүйесін, еңбек іскерліктері мен дағдысын қарастыратын халықтың еңбек әрекетінің тәжірибесі, алдымен, отбасы дәстүрлерін, одан соң халықтың еңбек дәстүрлерін жасай отырып, ғасырдан ғасырға беріліп, жалғаса түсті.
Қазақтың халықтық педагогикасын белгілі дәрежеде С. Қалиевтің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбектің авторы қазақтың халықтық педагогикасын ауыз әдебиетіндегі көріністері бойынша қарастыруға талап жасаған. Соның ішінде қазақ халқының өз ұрпақтарын адал да еңбексүйгіш, өнегелі де өнерлі, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін ғасырлар бойы қалай пайдаланып келгені, оны бүгінгі қазақ мектептерінде оқу-тәрбие барысында қолданудың тиімді жолдары сөз болады.
Қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси дамуы жағдайларында жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз халқының рухани қазыналарымен, оның ұлттық мәдениетімен, дәстүрлерімен, неғұрлым терең таныстыру қажеттігі туындайды. Өйткені халықтың барлық озық идеялары мен тәжірибелері соларда жинақталған.
Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны бай да сан қилы. Ол жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтиды.
Еңбек - өмірдің негізі, ал еңбек ету – адамның басты міндеті деген үлкендердің өсиеттері де, адал еңбек еткен кісі өз халқы алдында құрметке ие болатыны жайында ересек адамдардың әңгімелері де балаларды еңбекке идеялық, адамгершілік тұрғысынан даярлаудың басты құралдары болып табылады. Осындай мақсаттағы еңбек даярлығынан өткен балалар ертерек жұмысқа араласқысы келіп, еңбекке деген сүйіспеншілігі ерте оянып, үйде, шаруашылықта ата-аналарына көмектесуге талпынған. Еңбекке деген өз көзқарастары мен ой-тұжырымдары бар кіші жанрдағы ұлттық фольклор да тәрбие құралдарының ішінен өзіне тиесілі орын алған. Халық даналығы мен ой-тұжырымдарына бай мақал-мәтелдер еңбек пен оның адам өміріндегі мағынасын білдірсе, афоризмдер балалар санасына ерекше моральды күшпен әсер еткен, олар халықтың сөзі сияқты салмақты да сенімді қабылданатын болған.
Халықтың пайымдауынша, еңбек тұлғаның адамгершілік тұрғыда жетілуін бағалаудың басты өлшемі болып табылады, адамның абыройын арттырып, оның ерік-жігерін шынықтырады, оған қуат беріп, адамдар алдындағы беделге жеткізеді. Халық өнегелі еңбек етіп, өз еңбегімен отбасына және қоғамға материалдық жағдай жасаған адамдарды қатты құрметтеген. Бұл идеяларды мынадай мақалдар дәлелдей түседі: «Еңбек еткеннің мұқтажы табылар, еріншек бәрінен қағылар», « Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер», «Еңбек ер атандырады», «Еңбек ширатады, өмір үйретеді».
Ақыл-кеңес айтушы үлкендер еңбектің маңызы туралы балаларға айта отырып, оның адам тарихындағы рөлі туралы тереңірек мағлұмат берген. «Ерінбегеннің еңбегі оңады, еңбегі оңғанға қыдыр қонады», т.б. деген философиялық нақыл сөздердің негізінде, еңбектің рөлін қазақ халқы эмпирпкалық жолмен жүздеген жылдар бойы тіршілік үшін болған күрестің барысында, көптеген сынақтардан кейін, табиғат алдындағы өзінің әлсіздігін мойындау арқылы түсінді. Сондықтан мұндай афоризмдердің мазмұны жас ұрпақтың санасына өмірді бекітудегі негізгі идея ретінде сіңіріліп отырды. Мақал-мәтелдердің моральдық және психологиялық тұрғыда әсер етуі олрардың шамасына (көп, жеткілікті, аз), балаға белгілі бір іс-әрекет барысында (өзіне-өзі қызмет көрсетуші, күнделікті жұмысты жасаушы және т.б.) айтылуына, айтылған нақыл сөздердің педагогикалық мәніне және ырғағына, сондай-ақ айтушы адамның тәрбиеленуші баланың жас мөлшерін ескергендігіне байланысты болды.
Еңбек ерік-жігерді, дене мен ақыл-ой күшін талап етті. Бұл ретте еңбекке балалардың саналы тұрғыда қарауына төмендегідей афоризмдерде айтылған өсиеттер себеп болды: «Қайраты бар кісінің – берекеті бар ісінің», «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес», «Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді».
Қазақ халқының мектеп оқушыларын еңбекке даярлаудағы тәрбие құралы ретінде пайдаланылатын моральдық-этикалық ұғымдары ұрпақтан-ұрпаққа жазылмаған заң ретінде ұлағатты асыл сөздері мен афоризмдері арқылы («Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар», «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық», «Еңбекпен табылған тамақ тәтті, әрі сіңімді болады» және т.б.) өңделіп, толықтырылып, беріліп отырған. Афоризмдерде еңбек тәрбиесі моральдық-этикалық көзқарас тұрғысында сипатталумен ғана шектелмейді, моральдық-этикалық норма, тәжірибе түрінде қарастырылған.
Егер моральдық-этикалық ережелер мен нормалардың мектеп оқушыларын еңбекке даярлаудағы рөліне тоқталатын болсақ, бұл ережелер мен нормалар халықтың көшпелі өмір салтына, әлеуметтік жағдайына, табиғаттың өзіндік ерекшелігіне, адамдардың бірін-бірі қажетсінуіне байланысты туындаған. Яғни, қазақтар «Адамның күні - адаммен» деген принципті ұстана отырып, туыстық-қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық-этикалық өлшемдер деп қабылдаған және бұл дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа жеті ата бойы беріліп отырылуына аса мән берген.
Балаларға еңбектің мақсаты мен оның алдағы уақыттағы нәтижесі туралы мағлұматтар берілген. Ересектердің бұл тақырып бойынша айтқан ой-тұжырымдары беделді мақалдармен нақтыланып отырған: «Не ексең соны орасың, нені сақтасаң – соны аласың», «Адал еңбек елге жеткізер, арам қулық елден кеткізер». Осылайша еңбек тәрбиесінде ата-аналарға қарапайым болғанымен, түсінікті әрі баланың есінде мәңгілік сақталатын халық даналығы көмекке келді.
Алайда, халық арасында өте сирек болса да көпшіліктің талқысына түсетін жалқаулар мен жатыпішерлер де кездесіп отыратындықтан. Қазақтар балаларды жалқаулықпен, бос жүріспен келіспеушілік рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлген. Осыған орай балаларға қарапайым түсінік берумен қатар, өмірде кездесетін жағымсыз жағдайларды сипаттап, адамгершілікке шақыратын мақалдар да жиі кездеседі: «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Жылқы жаманы жегіншек, жігіт жаманы еріншек», «Ерінбегеннің еңбегі оңады, еңбегі оңғанға қыдыр қонады» және т.б.
Балаларды еңбекке тәрбиелеуде қазақ эпостарының тәрбиелік әсері жоғары болды. Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстың халық бостандығы мен бақыты үшін жасаған ерліктері балалар үшін үлкен өнегеге айналды. Батырлардың ерлігін олар үлкен еңбектің нәтижесі ретінде, күрескердің даңқты ерлігі ретінде, жер бетіндегі адал іс үшін күрес түрінде қабылдаған.
Балалардың еңбек адамдары мен олардың жұмыс нәтижесіне деген аялы көзқарасына келетін болсақ, ата-аналар бұл мақсатта өздерінің сенімдерін бекіту үшін белгілі бір нақыл сөздерді пайдалана білген: «Еңбегің сыйлы болса, ішің майлы болар», «Еңбектің түбі – береке, көптің түбі - мереке». Мұндай құрмет көрсетуге балаларды тәрбиелеу оларды атақты адамдармен таныстыру арқылы, үлкендермен бірге жұмыс жасата отырып, олардың өнімді еңбегіне көзін жеткізу арқылы, ересек адамдардың еңбек өнімін пайдалану барысында, сондай-ақ халық арасында жиі кездесетін өзара көмек барысында жүзеге асырылған.
Сонымен, халықтың моральдық-этикалық көзқарастары мектеп оқушыларын еңбекке деген жағымды көзқарасын қалыптастыруда, еңбекке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Балаларды еңбекке өнегелі, идеялық тұрғыда даярлауда отбасындағы ересек адамдардың педагогикалық өсиеттері мен ақыл-кеңестерінің рөлі аса зор болған. Олардың еңбектің пайдасы мен көркемділігі туралы, адамдық қасиеттері мен намысы жоғары адамдар туралы айтқан әңгімелері балалардың еңбек туралы ұғым-түсінігін қалыптастыруға үлкен септігін тигізген.
Қазақ халқының өзіндік ұлттық сыр-сипатын және рухани жан азығын, қоршаған ортаны түйсіну сезімін өзге елдерден ерекшелендіріп тұратын бір қыры – ежелден келе жатқан, тіршілік көзінің негізінде қалыптасқан дүниетанымдық көзқарасы. Дүниетаным – адамның дүниеге деген рухани қатынастарының негізі болатын және солардың бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен әлемнің сан алуан арақатынасын білдіретін ұғым. Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі бір ұлттық белгілері, түсніктері болады.
Қазақ халық педагогикасында еңбек тәрбиесінің мақсаты жеткіншектерді еңбекке, қоғамдағы өмірге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып саналады.
Еңбек тәрбиесінің бұл мақсаты мынадай педагогикалық міндеттер арқылы жүзеге асырылған:
Еңбекке аялы көзқарасын қалыптастыру, оның қажеттігіне сенімін бекіту, еңбекті материалдық және рухани құндылық айнарының негізі және қоғамның тіршілік ету әрекеті ретінде қабылдауға тәрбиелеу;
Еңбек әрекеттері арқылы бастауыш мектеп оқушыларын еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларын еңбек нәтижелерін құнттап сақтауға тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларын еңбекке деген сұранысын және еңбек ету дағдысын қалыптастыру;
Еңбектің барлық түрлеріне бастауыш мектеп оқушыларының сыйластық көзқарасын қалыптастыру;
Мектеп оқушыларында ұжымдық еңбек дағдысын тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларында еңбектегі өзіндік дербестікті және шығармашылық ынтаны тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларында еңбектену іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
Мектеп оқушыларын еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Халық тұрмысындағы және отбасындағы еңбек тәрбиесі, ересектердің тәжірибелері мен дәстүрлері заман талабына сай тәрбиенің жаңа принциптері мен әдістерін қалыптастыра отырып, өмір өзгерістеріндегі даму барысына негізделеді.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Халақтық еңбек дәстүрлеріне анықтама беріңіз.
2.Еңбекке баулу жолдарын анықтаңыз.
3.Еңбек тәрбиесінің әдістеріне анықтама беріңіз: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсиет, мадақтау, тиым т.б.
Әдебиеттері:
1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.
З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж
4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж.
б. К.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы А-І994
8-дәріс. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесі.
Мақсаты: Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнымен таныстыру. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың жолдарымен қаруландыру.
Негізгі ұғымдар: адамгершілік тәрбиесі, рухани-адамгершілік тәрбие, гуманизм, азаматтықтық, адамгершілік қасиеттер.
Жоспар: Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді, азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Баланың рухани-адамгершлік дамуы отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.
8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.
«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
«Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.
Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз.
2. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық, ата-ана алдындағы парыз, оларға деген сүйіспеншілік. адалдық, шыншылдық қасиеттерін бала бойында қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.
3. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік туралы жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз.
Әдебиеттері:
1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.
2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991
З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж
4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992
5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж.
9-дәріс. Әсемдік халықтың идеалы.
Мақсаты: Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын меңгерту. Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт-дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу амазмұнымен маныстыру.
Негізгі ұғымдар: Әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам.
Жоспар: Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.
Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл – ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады.
Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала.
Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таңқаларлықтай (домбыра, шертер, аса таяқ, шаңқобыз, ұран, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Тәрбие жүргізу ісінде үйрету, пайымдату, сендіру, әсерлендіру тәсілдері қолданылады. Ұлттық тәрбие үлгілерін көрсетіп, үйрету үшін сахналық тәсілдерді қолданудың мәні зор. Сөзді жаттау, оны сахнада мәніне жеткізіп, мәнерлеп айта білу, өмір құбылыстарын әсерлендіре көрсету, кейіпкер бейнесін айнытпай көрсету әрбір тәрбиеленушінің санасына сан қырымен әсер ететін құбылыс.
Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.
Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.
Ата-бабамыз сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі рухани сұлулыққа көбірек көңіл бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады.
Оқушыларға әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге болмайды. Егер оларды бөліп айтуға болатынын мойындасақ, онда әдепсіз сұлулықтың да болатынын мойындауға тура келер еді де, сұлудық өлшемдері тек сыртқы белгілер, симметрия, пропорция, түр-түстер сәйкестігі, т.б. ғана болып шығады. Орыстың атақты әдебиет сыншысы әрі эстет В.Г. Белинский сұлулықты барлық уақытта моральмен бірге қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: «Сұлулық шындықпен моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан да құнды болады», - дейді.
Халқымыз дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі шаш» деп ұққан. Қыз баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен немесе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп Несіп қойған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз тіркестері осы пікірді дәлелдейді.
Халық жанрларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Халық даналығы арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі» деп қыз баланы қынама қамзол, дүрия бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. әзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу» өлеңдерінде, келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас келіннің басты – басты киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала жырланған.
Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамда дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды әдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам терминдерінің анықтамасы қандай?
2.Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын айтыңыз.
3.Қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт-дәстүрлер арқылы балаларды көркемдікке баулу мазмұнын түсіндіріңіз.
4. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттарын атаңыз.
Әдебиеттері:
1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.
2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991
З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж
4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992
5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж.
10-дәріс. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны.
Мақсаты: Этнопедагогикалық білімдердің мектеп жұмыстарындағы алатын орнын анықтап, этнопедагогикалық құндылықтардың ерекше маңызын айқындау. Сонымен қатар этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану жолдарына түсініктеме беру. Жүргізіліп жатқан тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар халықтық педагогикалық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып таблытаындығын сенімді дәлелдеу.
Негізгі ұғымдар : этнопедагогикалық жұмыстар, «Елім-ай», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалар, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар,
Жоспар: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олрадың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергегтік, ақ пейілділік, ізгілік ахуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстанның тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.
Олай болса, халықтық педагогиканы пайдаланудың бағдарламаларын дайындау қажеттігі туындайды. Олар, мәселен, төмендегідей бағыттарда мазмұндалса тиімді болар еді:
Мақсат, міндеттерді ұсыну, оларға жетудің жолдары мен құралдарын анықтау (болжау бағыт);
Халықтық педагогика жайлы қажет білімдер және педагогикалық дәстүрлердің озық мәніне түсінік беру (көпміндеттілігі, көпұрпақтығы, сапалық қасиеттерді қалыптастырудағы тәрбиелік құндылықтардың сабақтастығы және т.б.) (хабарламалық білімдік бағыт);
Тәлімдік дәстүрде негіз қаланған халық даналығы байлығы мен тәжірибесіне оқушыларды тарту (практикалық бағыт).
Халықтық тәрбие дәстүрлерін тұтас педагогикалық процесте – меңгерудің шарттарын анықтаудың да мәні зор, яғни, олар:
Педагогтардың ұрпақтар байланысын отбасындағы қарым-қатынастағы секілді әлеуметтік орта мен қатынаста балалар мен үлкендердің біріккен әрекеттерін ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуі;
Халықтық педагогикалық мәдениетті ауызша шығармашылықтар туындыларымен, жазба мұралар, архитектуралық ескерткіштер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен танысу арқылы меңгеру;
Халықтық рухани байлығы мен тілін туғызушы қайнар көз – ана тілін жетік игеру.
Халықтық дәстүрлерді мақсатқа сай педагогикалық пайдаланғанда ақыл-ой, адамгершілік, этикалық, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесіне, ұйымшылдықты қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туады.
Сондықтан, балалар мен жастар тәрбиесін басқару халықтық педагогикасының озық идеялары мен тәжірибесін қолдану принциптерін есепке алып жүзеге асырылуы қажет (ұтытылған педагогикалық озық дәстүрлерді қазіргі жағдайдағы жаңадан қалыптасып жатқан дәстүрлермен ұштастыру); қоғамдық-тарихи тәжірибе, халық даналығы берілісі сабақтастығын балалардың отбасы тәрбиесінде қамтамасыз ету; оқушыларды алдыңғы қатардағы дәстүрлерге және олардың белсенді қызметіне тарту:
Оқушыларды халық педагогикасының құралдарымен тәрбиелеудің мақсаты, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін нақтылау және ғылыми негіздеу (мұның өзі оларды зерттеуді методологиялық жетілдіруді талап етеді).
Қоғамның рухани байлығын арттыруға жәрдемдесетін халықтық педагогиканың озық идеялары мен жағымды тәжірибесін, жекелей алғанда, дәстүрлерін (әсіресе, еңбек, қолөнер және мәдени), әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін іріктеген жөн және педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет.
Мектептер үшін ата-бабалар қол еңбегі мен халықтық өзге жетістіктерді, халықтық медицина тәжірибесі, адамның мінез құлқына талаптары және т.б. қамтып көрсететін құрал қызметін атқарушы «Қазақ халқы педагогикасы» қолайлы хабар көзі даярланып, жарық көрсе пайдалы болар еді.
Халықтың педагогикалық шығармашылығы мұраларын сабақтауда және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелілікпен пайдаланған тиімді. Ауызша халықтық шығарма, туған тіл баланың жан дүниесіне енеді. Мақалдар, мәтелдер балаларды терең ойларды қысқа түрде, анық білдіруге үйретсе, жұмбақтар ой-өрісті кеңейтеді; ойындар бала организмін жетілдіреді, тұлғаның моральдық-жігерлілік және дене күші сапаларын арттырады. Басқаша айтқанда, бұлар ақыл-ой, адамгершілік және дене тәрбиесі құралдары, әдістері мен тәсілдерді қызметін атқаруы қажет.
Халықтық ауызша шығармашылығын оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейпінің өзге де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған жөн. Халықтың өткендегі өмірі мен бүгінгі жағдайы айырмашылығын жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен эпостарды оқып үйрену негізіне салыстыру мен теңеу әдісі алынғаны тиімді болар еді.
Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.
Оқушыларда халық шығармашалығының көркемдік құндылығы жайлы шығармашылығының көркем дік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу; халық туындылары, тілі музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттігі туындайды.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге кластан тыс жұмыста, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.
Халықтық педагогика мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол не өзге деңгейде байытуы тиіс. Халық педагогикасы материалдарымен жұмысқа оқушылардың өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер, байқаулар, тақырыптық кештер мен конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |