Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет22/39
Дата05.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#7145
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Ертегі. Ертегілер жанрлары әр қилы. Олар қиял – ғажайып, тұрмыс- салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрі болсада бала жанына жақын, баланың хиялын, ойын өрге сүйрейтін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейд.
Шешендік сөздер қазақ фолклорында жасалып , сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын даналыққа толы нақыл үлгілері.
Мақал – мәтелдер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық кодексі, тәрбиетеориясы. Мақал – мәтелдерді көне түркі тілінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл «атадан балаға мирас болып» келе жатқан қазына деген сөз.
Әр халықтың мақал - мәтелі сол халыхтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп – жеңіл, оп оңай, бір- ақ сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған елдің қадір – қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей – ақ: «Ел іші алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты екі – үш сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К.Д. ушинский мақал – мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал – мәтелдер, сондай – ақ басқа да қанатты нақыл сөздер, сөздің інжу – маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар.
2.Ауызша поэзия. Оның түрлері.
3. Халық ұғымындағы тұлғаны бейнелеңіз.
4. Халық ауыз әдебиеті және оның жанрларын атаңыз.
5.Мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде қолданудың мақсаты?
Әдебиеттері:
1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992
3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.
4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

  1. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.

5-дәріс. Халық педагогикасындағы балалар мен жастарды өмірге тәрбиелеу.


Мақсаты: Этнопедагогиканың өзектілігі, ең алдымен адам өміріндегі халықтың тәрбиенің алатын ерекше маңызды рөлімен анықталатын мазмұнын түсіндіру. Адам әлуметтенуінің маңызды құралы бола отыра халықтық тәрбие балалар мен жасөспірімдерді қоғамда өмір сүрудің түрліше тәртіптеріне даярлайтын ерекшелігін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: Тәрбие жұмысының әдістемесі, отбасы тәрбиесі, әлеуметтік даму, отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесі, ұлттық дәстүрлері.
Жоспар: Этнопедагогика курсы бойынша тәрбие жұмысының әдістемесі.
Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде. Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы. Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері. Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.

Тәрбие балаға ықпал етудің жетекші құралы болғандықтан оны толық қарастыру тиімді. Оның үстіне қазақ этнопедагогикасында ол алғашқы қоғамдық қажеттілік, әрбір дені сау адамның басты міндетті ретінде анықталады. Әсіресе айырықша мәнді тұстары, оның адамгершілігі және бүгінге де, болашаққа да бағыттылығы.


Тәрбиенің отбасында алатын орны айрықша. Оны ешнәрсемен алмастыруға болмайды.Халқымыз бұлмәселеге ежелден-ақ ерекше мән берген,себебі,болашақ осы отбасынан басталады.Тәрбие бастауы-отбасы.Жақсылық пен ізгілік дәні шақырақтың астында өнеді.Ащы да болса бүгінгі ақиқат мынау:үлкенге құрмет,кішіге ізет деген түсініктен қазіргі жастарымыздың санасы алшақ.Олардың дүниетанымы сыртқы жылтырақты бірінші орынға қояды.Сәнді киінуге,сыртқы келбетке көбірек ден қояды.Ал, адамның ажары,асыл қазынасы оның ішкі дүниесі екендігіне онша көңіл бөлмейді.Жоғарыда айтылған келеңсіз көріністердің салдары-ұлттық құндылықтардың арзандауына,ар-намыстың құнсыздануына әкеліп соқтырады.Адам баласының ұлы бақыты-онда ақыл бар,ендеше,сол бақытты қолдан шығарып алмай,аялап ұстау қажет.Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз-халқымызды нешеме «тар жол тайғақ кешулерден» аман алып шыққан ұлттық құндылықтарымыз.Өркендеу жолымен болашаққа бет түзеген елде тойып та,тоңып та секірмеген жөн. Құт-береке ордасы-қасиетті шаңырақты қастер тұтуымыз керек.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет